+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

17.08.2013 «ЖАС-АЙ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖУРНАЛЫНЫҢ №3(24) САНЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Денсаулық тақырыбын қазақ тілінде жазатын бірден бір басылым Республикалық «Жас-Ай» медициналық журналының 24 саны оқырман назарына жол тартты. Журналымыздың басты қонағы болған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, белгілі қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов мырзамен «Еңбек ете жүріп, құрыштай шынығып, болаттай шыңдалдым» атты салиқалы сұхбаты берілді. Сондай-ақ, «Жас-Ай» медициналық орталығының директоры, академик Жасан Зекейұлының көпшіліктің сауалына сәйкес «Омыртқа аурулары» туралы берген медициналық кеңесінен көптеген ақпарат ала аласыз.

Журналымыздың бұл санында, «Әжімнен қалай сақтану керек», «Қатерлі ісік қалай пайда болады», «Артық салмақтан арылтатын дәрілердің зиянды тұстары», «Бел омыртқа жарығы», «Шаш бояуларының зияны», «Ешкі сүтінің емдік қасиеттері» сияқты ғылыми мақалалардан көптеген ой түйеріңіз анық. Журналдың «Ескерсең ем көп» атты тұрақты айдарында жануарлардың ағзалары мен түрлі өсімдіктердің емдік қасиеті жайлы және оларды жинау жолдары мен емдік дәрілер жасау тәсілдері туралы құнды кеңестер берілген.

 

Хабарласу