+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

02.02.2013 «Жас-Ай» медициналық журналының №6(21) саны жарық көрді

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Денсаулық тақырыбын қазақ тілінде жазатын бірден бір басылым Республикалық «Жас-Ай» медициналық журналының 21 саны оқырман назарына жол тартты. Журналымыздың басты қонағы болған алматы қаласы, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлының «Мақсатым – Елбасының тапсырмасы мен халықтың талабын орындау» атты салиқалы сұхбаты берілді.

«Бас дәрігер бағаны» айдары бойынша,  «Жас-Ай» медициналық орталығының директоры, академик Жасан Зекейұлының көпшіліктің сауалына сәйкес «Шыжың» ауруы туралы берген медициналық кеңесінен көптеген ақпарат ала аласыз.

Сондай-ақ, «Балалық кезде болатын шорбуын ревматизмі», «Баспа(ангина) ауруы басқа ауруды қоздырады», «Өзін өлім жазасына кесу», «Омырау обыры», «Талма», «Жыныстық тұрмыс және денсаулық», «Миқұрт(менингит)», «Бет қисаю», «Қан майласу» «ұйқысыздық» сияқты ғылыми мақалалардан көптеген ой түйеріңіз анық. Журналдың «Ескерсең ем көп» атты тұрақты айдарында жануарлардың ағзалары мен түрлі өсімдіктердің емдік қасиеті жайлы және оларды жинау жолдары мен емдік дәрілер жасау тәсілдері туралы құнды кеңестер берілген.

Ұлттық ас-мәзірлерімізді ұлықтауды мақсат еткен «Қазақтың қазаны» атты айдарында  «Соғым сою» туралы танымдық  мақалалары ұлттық тағамдарымыздың денсаулыққа пайдасы, оның жасалу жолдары жайлы тамаша кеңестер айтылған.

Құрметті оқырман, журналға жазылу жүрып жатыр. Айтулы басылымның, тұрақты оқырманы болыңыздар.

 

Хабарласу