+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

04.12.2012 Қаланың аты, Бабаның аты болса!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Биылғы құрбан айт мерекесін көптен күттім. Әрине бұл мерекені әр мұсылман асыға күтетіні қалыпты жағдай. Бірақ, мені асықтырған ұлық мерекеге деген құрметтен бөлек, тағы бір күш болды. Ол -қасиетті мереке кезіне туралап, әулиелер мекені болған Маңғыстау топырағын аралап, Бекет атаның басына құран оқып қайтсам деген көңіл дәптеріне ертеден жазылып қойған жоспарым еді.

Бұдан бұрын жұмыс сапармен талай рет барғаныммен, Бекет ата басына арнайы ат басын бұрғаным осы жолы болды.

Кішкене кезімнен қазақ тарихындағы ғажайып тұлғалар туралы, әулие-әмбие туралы аңыз-әңгімелерді, қисса-дастандарды үлкендерден қызыға естіп, кітаптардан құмарта оқитынмын. Бекет атаның қолбасыға айтқаны туралы, татулық тағылымы, қарақшылардан құтылуы, құс болып ұшуы туралы көптеген аңыз-әңгімелерді естіген болатынмын. Ел аузында қалған осы әңгімелерді ол кісінің зират басында жүрген арқарлары растап тұрғандай. Әдетте адам баласын көрген жерден қыр асып, ізін суытып үлгеретін осынау дала еркесінің әулие мазарынан алыстамай, айналшықтап жүргенін көргенде еріксіз естен танасың.

Шәкәрім атамыз жер-жаһанды айналып келіп, «Исламның тазасы қазақ даласында сақталған екен» деп толғануында да үлкен мән бар екенін көреміз. Осынау киелі топырақта біздің бабаларымыз ақылдың шыңына, білімнің биігіне шыққаны сөзсіз.

Осы жолғы сапарымды ауыл ақсақлдарынан «Жаңаөзен қаласының атын Бекет ата деп өзгертейік» де­ген ұсынысты тағы да естіп қалдым.

Шынында, ел тарихында өз атын алтын әріппен жа­зып, рухапни көсем болған Бекет атаға бір қаланың, бір облыстың атын берсек артық болмасы анық. Ол о дүниеге аттанған әулие үшін емес, оның артында қалған ұрпағы біз үшін керек екені сөзсіз. Бабасының дана болғанын білсе, баласы да дарақылыққа бара қоймас. Тегіне тар­тар, биігіне талпынар. Осы сапардан түйгенім осы болды.

 

Академик, Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ

 

Хабарласу