+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

04.12.2012 «Ел-Шуаққа» сүйінші, «Бауырластарға» бәрекелді!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” демекші, Елбасының “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртулары: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасының және “шеттегі қандастарымыз тарихыи  отанына не алам деп емес, не берем деп келуі керек” деген үндеуінің жұрт көңілінен шығып, атқарыла бастғанын ісжүзіндік қыймылдары, қомақты нәтижелері арқылы дәлелдеуге құлшынған азаматтың айтулы бастамалары айтарға тұрарлық. Ол – Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Вена халықаралық университетінің “құрметті профессоры”, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, халықаралық “Сократ” атындағы өрденнің иегері, “Жас-Ай” медицина орталығының директоры, “Жас-Ай” журналының бас редакторы, “Нұр Отан” ХДП бастаушы партия ұйымының төрағасы Жасан Зекейұлы. Ол шақырып ашқан “Ел-Шуаққа” сүйінші, “Бауырластарға” бәрекелді атты конференцияның жаңалығы мол, айтары қомақты, мақсаты өміршең, мағынасы терең.

Қараша айының 26 күні сағат 17:30 да Алматыдағы “ҚАЗЖОЛ” қонақ үйінің “Алтын адам” залында басталған “Ел-Шуаққа” сүйінші, “Бауырластарға” бәрекелді  деп аталған конпренция  өзінің діттеген мақсатына жетті. Конпренция – “Ел-Шуақ” қоғамдық қорынының құрылғандығын, “Бауырластар” сынды радио бағдарламасының атқарыла бастағандын және осы екі тақырыптың мақсат, талаптарыын көпке жариа етіп, көпке ортақ бастама жайлы құнды ой-пікірлер бөлісу. “Ел-Шуақ”қоғамдық қорының төрағасы және құрылтайшысы Жасан Зекейұлы болса, Алматы қалалық сауда палатасының бастығы Мұқтархан Бияров пен  қазақ радиосының бастығы Махат Садықов та құрылтайшылары екендігі жарияланды.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, ақпарат- баспасөз басшыларынан, журналистерден, ақын, жазушылардан, түрлі кәсіп майталмандарынын Уәлихан қалижанов,Жұмабек Кенжалин, Махат Садықов, Жәркен Бөдеш, Шәміл Әбілтаев, Бейсенбай Сүлейменов, Қабылаш Әбікейұлы, Мұқтархан Бияров, Исам Жеменей, Самат Ибрайм, Алмас Ақыметбекұлы, Роза Шариповна, Құл-Керім Елемес, Қабен мұқанұлы, Баһаргүл Төлегенқызы, Лазат Игісін қатарлы 60 тан астам адам қатысты.

“Ел Шуақ” қоғамдық қорының негізгі жұмысы – ҚР – ның экономикалық, әлеуметтік және саяси жақтағы дамуына үлес қосу, оралмандардың адами капитал ретіндегі мүмкіндігін аша түсу, өнер және мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсету, түрлі шараларға ат салысу, сондай-ақ жағдайлары нашар адамдар мен жетімдер үйіне, мүгедектерге, ардагерлерге медициналық көмек беру немесе жеңілдіктер жасау т.б. істерге септігін Тигізу. Тарихи отанына оралып, ҚР-ның эконоикалық, әлеуметтік дамуына өз біліктіліктерімен елеулі үлес қосып жатқан ғалым, маман, өнер және қоғам қайраткерлерін, сонымен бірге әртүрлі кәсіп иелерін қазақ радиосының “Бауырластар” бағдарламасына сұхбат беруге шығарып,  еңбектерін елге таныту. Бағдарлама қазақ радиосының бастығы Махат Садықов пен Жасан Зекейұлының идеясынан туындаған жасампаздық. Бағдарлама қор құрылып, іске қосыла бастаған мамырдан бері әуе толқыны арқылы 11 рет жүріліп, миллиондаған тыңдармандардың қызу алқауына бөленген. Осының бәріне “Ел-Шуақ” қоғамдық қоры жомарттықпен қаржылай көмек көрсетіп келген.

Конфренцияда “Ел-Шуақ” қоғамдық қорының сипаты, мақсаты, ауқымы, атқарар қоғамдық рөлі мәселесі жөнінде жан-жақты оң шешімдер жасалды. Қордың заңды өміршеңдігін, ашықтығын, пактігін, белсенділігін сәулелендіруде жүие, қатаң тәртіп болуыкеректігі де ортаға салынды. Қордың бауы берік болу үшін, оны басқа камерциялық ұжымдардан парықтандыра қарау қадап айтылды. Қор ауқымы мүмкіндігінше кеңейіп, шеттегі 5 миллиондай қандасымыздың отанға оралуына қол үшін беретін беделді ұжымға айнаса құт болар еді деген ізгі армандар да отырыстың мерейін асырды.

Конфренция кезінде Жасан Зекейұлы “Ел-Шуақ” қоғамдық қоры мен “Бауырластар” бағдарламасына сондай-ақ “Жас-Ай” медицина орталығына ниеттес, жақтас, тілектес болып, қолдап-қуаттап жүрген “Қазақ газеттері” ЖШС-нің құрылтайшысы және шығарушысы, бас директор, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалинге, ақын, халықаралық “Алаш” силығының иегері Жәркен Бөдешке, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Қабылаш Әбікейұлына “Ерке-Нұрдың” оқалы шапанын жауып, Қазақ радиосының бастығы Махат Садықовқа қымбат фото апаратын ұсынып ұлағаттылықты ту етсе, “Ел-Шуаққа” сүйінші, “Бауырластарға” бәрекелдісін айтын ағынан ақтарылған Алматы қалалық сауда палатасының бастығы Мұқтархан Бияров қорға қолдан тоқылған қалы кілем тарту етіп, жиналыстың абыройын асқақтатты.

-“Ел-Шуақ” қоғамдық қорына ат салысатындардың көптігіне сенімдімін.“Бауырластар” арқылы ел мен жерге қосып жатқан таудай табыстарымызды және көкей тесті көп ойларымызды бүкпесіз жеткізіп, бір желпінсек деген азаматтарымыз бен азаматшаларымыз жетерлік. Ізгі тілек, асыл арман арқалаған осынау өрелі “бағдарламаға” барлығымыздың белсене құлшынғанымыз орынды болар, ағайын!- дейді Жасан Зекейұлы сенімге толы сөзінің бірінде.

Болат Құрманғажыұлы,

 

Публицист-жазушы

 

04. 12. 2012.

 

Хабарласу