+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

03.12.2015 «ЖАС-АЙ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖУРНАЛЫНЫҢ №6(21) САНЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Денсаулық тақырыбын қазақ тілінде жазатын бірден бір басылым Республикалық «Жас-Ай» медициналық журналының 20 саны оқырман   назарына жол тартты. Журналымыздың басты қонағы болған №159 Гимназия директоры Миразова Аягүл Төреқызымен «Мектеп – ұлттық   тәрбиенің бастау көзі» атты салиқалы сұхбаты берілді. Сондай-ақ, «Жас-Ай» медициналық орталығының директоры, академик Жасан    Зекейұлының көпшіліктің сауалына сәйкес «Остеохондроз» ауруы туралы берген медициналық кеңесінен мен «Алтын ине салатын алтын    жігіт» атты шығыс медицинасынан сыр шертетін тағлымды сұхбатынан көптеген ақпарат ала аласыз.

Журналымыздың бұл санында, «Бас сақинасы», «гидронефроз», «Гайморитті қалай емдеуге болады?», «Жүктілік кезіндегі төсек  қатынасы туралы не білеміз», «ауру мысықтан абайлаңыз», «Секпіл мен безеуді емдеу» сияқты ғылыми мақалалардан көптеген ой түйеріңіз  анық. Журналдың «Ескерсең ем көп» атты тұрақты айдарында жануарлардың ағзалары мен түрлі өсімдіктердің емдік қасиеті жайлы және  оларды жинау жолдары мен емдік дәрілер жасау тәсілдері туралы құнды кеңестер берілген.

Ұлттық ас-мәзірлерімізді ұлықтауды мақсат еткен «Қазақтың қазаны» атты айдарында  «тамсандырған қазақтың тағамдары-ай», атты  танымдық  мақалалары ұлттық тағамдарымыздың денсаулыққа пайдасы, оның жасалу жолдары жайлы тамаша кеңестер айтылған.

Құрметті оқырман, журналға жазылу жүрып жатыр. Айтулы басылымның, тұрақты оқырманы болыңыздар.

 

Хабарласу