+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

20.07.2012 «Жас-Айда» балаларым ДЦП-дан жазылды

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Мен «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына көзімнің ағы мен қарасы – екі бірдей құлыншағымды «балалардың сал ауруы» (ДЦП) деген диагнозбен алып келдім. Екеуінің де көзі жақсы көрмейтін әрі қыли болатын. Үлкен қызым 2010 жылдың қараша айына дейін жүре де, сөйлей де, тіпті басын дұрыс ұстай да алмайтын. Қызымның оң жағы толық салданып қалған еді. Қол-аяғын қанша тырмысса да, еркін қимылдата алмады. Бір беті үнемі ісіп тұратын. Жергілікті және шалғайдағы емханаларды түгел араладық. Мамандар қызымның бір көзі көрмейтінін растап берді. «Жас-Ай» медицина орталығына қараша айының басында келіп, бірінші курс ем қабылдадық. Шипалы ем алтын ине алудан, шөптермен қыздырудан басталды. Нүктелі уқалау, тоқ массаж және аяқ массажы жасалды. Шөп дәрілерін үнемі ішіп тұрдық. Банкі қойды.

Алғашқы курстан кейін-ақ қызым­ның аяғы қимылға келіп, бір көзі көре бастады. Бұрын барған жерлеріме қайта барып тексеріліп едім, дәрігерлер қызымның шырағы жана бастағанын айтты. Тілі ләм-мим деп сөйлеуге келді, сөздерді жайлап айтып, бірте-бірте өздігінен жүре бастады. Қолы да еркін қимылдай бастады. Ұйқысы тынышталды. Ал екінші курс емнен кейін қызым жүріп кетті. Қазір шөлдеп тұрғанын жеткізеді, қандай тамақ ішкісі келетінін айтады.

Балалардың сал ауруынан теперіш көріп отырған ұлым да осы орталыққа келгенде еңбектемек түгіл, отыра да алмайтын. Басында сары су болды. Басы жиі ауыратын. Бірінші курстан соң ұлым еңбектей бастады, кереуетке өзі шығып-түсетін болды. Айналасына зер салып, ойыншықтарға қызығушылығы артып, ойнай бастады. Екінші курстық емді 2011 жылдың наурыз айының соңында келіп қабылдадық. Осы емнен кейін ұлым жүріп кетті. Сөйлей бастады. «Мама», «папа», «ата» деп айтып, бәрімізді шексіз қуанышқа бөледі.

Қызым да, ұлым да бұрын №2 балалар емханасында есепте тұрды, ауруханаға жылына екі рет жататынбыз. Ақ халаттылар «бұл дерт емделмейді, мүмкін болған күннің өзінде 5-6 жасында бір-ақ жүреді. Онда да бір жағына қарай қисайып жүретін болады, тілі шықпайды, жасы келгенде мүгедек балалардың арнаулы мектебіне оқуға бересіңдер» деді. Кейіннен «Ақсай» Республикалық клиникалық балалар ауруханасына, кейіннен Астанадағы ауруханаға барып жаттық. Ол жерде де осы диагноз бойынша ем қабылдағанбыз, бірақ нәтиже болмады. Біз Алматы қаласында «Жас-Ай» деген киелі емдеу мекемесі бар екенін осы «Ақсай» ауруханасында жатқанда бір әжейден естідік. Ол кісінің айтуынша, жиенінің екі аяғы салданып жүре алмай қалыпты. Жасанның емінен кейін жүріп кеткендігін айтты. Мен ол баланы өз көзіммен көрдім де, қазір мектепке барып жүр екен. Содан кейін бірден осы орталыққа көңіліміз ауды. «Жас-Ай» медицина орталығына келіп емделгеннен кейін көзіміз ашылды, бетімізге шырай кіріп, тұнжыраған қабағымыз ашыла бастады. «Жас-Айда» алған алғашқы емнен кейін квота бойынша Астанадаға оңалту орталығына қайта барып жаттық. Сонда дәрігерлер баламыздың денсаулығының жақсарып келе жатқанын, толық жазылып кетуге әлі де үміт көп екенін айтты. Мұның барлығы, құрметті Жасан Зекейұлы және сіз тәрбиелеп отырған шәкірттердің арқасында деп білемін. Кешенді емнің нәтижесі деген осы. Киелі кәсіп иесінің бізге істеген жақсылығын еш ұмытпаймыз.

Жасан Зекейұлы, қазақтың сіздей ұлы болғанына мың тәубе. «Бала – бауыр етіміз» емес пе? Осылардың өмірге деген құштарлығын оятып, денсаулығын дұрыстап бергендеріңіз үшін мың алғыс.

Қасенова Динара Ғабитқызы

 

Хабарласу