+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

20.07.2012 Сүйінші, «Жас-Айдың» жаңа қонысы бой көтерді

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Алматының қақ төрінен орын тепкен «Жас-Ай» орталығы бұл күнде тұтас қазақ даласы түгілі алыс-жақын шетелдердің біразына да танымал, білікті медициналық мекеме. Бұлай дейтініміз орталықты құрушы әрі Бас дірігері Жасан Зекейұлы  әлемнің бірнеше ірі академияларының академигі, халықаралық «Сократ» орденінің иегері,  халықаралық Вена университетінің «Құрметті профессоры», еліне елеулі, халқына қалаулы азамат. «Жас-Ай» орталығы құрылғаннан қазірге дейін 40 мыңнан астам науқасқа ем жасаса, оның 10 мыңға жуығы әлеуметтік жағдайларына байланысты тегін ем қабылдады. Орталықтың ат-атағы алыс-жақынға тараған сайын, төңіректің төрт  бұрышынан ат арылтып келіп, дертіне шипа іздеген науқастар саны күн санап артып отырды. Олардың көбі ұзақ күнге  Бас дәрігердің қабылдауына кезекке тұратын әрі ұзақ жатып емделемін дейтін науқастарға кей сәттерде жатын орын да жетіспейтін… Енді бұл жағдай түбегейлі шешілмек. 

Жаңадан салынып жатқан 5 қабатты құрылыс 63 науқастың жатып емделуіне мүмкіндік береді. Мұнда жүре алмайтын мүгедек жандар үшін лифт әзірленген. Ұзақ жатып емделетін науқастарға арналған суға құйынатын кәбинеттер де ойластырылған. Әр қабат сайын әсем жабдықталған демалыс бөлмелер бар. Ең кереметі құрылыстың төбесі әйнекпен жабылатындықтан, науқастар биік орыннан қаланы  тамашалап, таза ауамен еркін тыныстауына болады. Орталық  тау етегіне жақын Әл-Фараби мен Розабакиева көшелерінің қилысынан бой көтермек. Бұл жаңа кешеннің құрылысы аяқталған соң алыс аймақтан келген науқастар әр бөлмеге екіден ғана орналастырылады. Сондай-ақ орталықта асхана да жұмыс істейді. Заманауи медициналық техникалармен жабдықталатын бұл орталықтың ішкі жөндеу жұмыстары күз айларына қарай толықтай аяқталып, пайдаланылуға беріледі.

 

 

Хабарласу