+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

03.12.2013 Елін сүйген – елі сүйген

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Бұл есім ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің қиырына «даңқты дәрігер, білікті ғалым» деген атпен танымал десек артық айтқандық болмас. Өйткені «Қазақ еліне Шығыс-тибет медицинасын әкеліпті», «Алматыда инемен емдеу орталығын ашыпты», «Қытайдан алтын қолды дәрігер келіпті», «Біреуге өмір сыйлапты» дейтін аңыз дерлік әңгімелер осы Жасан Зекейұлының шынайы шипагерлігінен туған. Ол – бірегей мамандардың басын бір орталыққа қосқан білікті басшы ғана емес, қолындағысын қорғансыз жұртынан аямайтын жомарт жан. Елін сүйген, елі сүйген азамат.

«Жас-Ай» Шығыс-тибеттік медициналық орталығын ашқан бес жылдың ішінде қырық мыңнан астам науқасқа денсаулық сыйлап, бес мыңға жуық әлеуметтік жағдайы төмен жандарға тегін ем көрсеткен Жасан Зекейұлы барлық биіктерге тек емшілік дейтін ерекше қасиетімен жетті. Бұл күнде ол –  медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена халықаралық университетінің Құрметті профессоры, Халықаралық ғылым академиясы, Халықаралық Ресей шығармашылық академиясының академигі, «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорының құрылтайшысы, «Жас-Ай» журналының бас редакторы. Ал түрлі қоғамдық ұйымдар мен «Халық емшілері қауымдастығы» тарапынан Жәкеңе берілген атақ-марапаттардың өзі бір төбе.

Жалпы, барлық жақсы атақ бір басынан табылатын Жасан Зекейұлы – медицина ғылымынан екі патенттің иегері, 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Елге оралған соң халыққа салауатты өмір салтын насихаттап, Шығыс-тибет медицинасы жөнінде, Қытайдың байырғы емшілігі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына 200 реттен астам сүбелі сұхбаттар берді. Қалың қауымның қажетін ескеріп,  2009 жылдан бері қарай өз қаражатымен «Жас-Ай»  медициналық журналын шығарып келеді. Мұнан сырт мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасына үн қосып, атажұртқа оралған қандастарымыздың үздік шығармаларына қаржылай қолдау көрсетті.

Бұл – Жасан Зекейұлының ізгі істерінің, жарқын үлгісінің кішірейтілген кескіні ғана.

Жасан Зекейұлының тәуелсіз Қазақ елінде атқарған жұмыстары, емдеу саласындағы тамаша тәжірибелері, халыққа танымал тұлғалардың байыпты бағалары мен ізгі тілекке толы арнау лебіздері, қарапайым жұрттың алғыс баталары мен ой-толғаулары, түрлі басылымдардағы сыр-сұхбаттары осы кітаптың басқа тарауларында кеңінен баяндалады. Сондықтан бұл тақырыптарға арнаулы тоқталмадық. Біздің міндетіміз – Жасан Зекейұлының Қытай еліндегі өмір белестерін,  көпшілік қауымға таныс емес белгісіз қырларын қалың оқырманға паш ету. Яғни Жәкең қай өңірде туылды? Қайдан білім алды? Арғы тегі мен ата- аналары кім болған? Алла қосқан жұбайы кім екен? Бұл сұрақтарға осы шағын мақаламызда жауап беруге тырыстық. Тізгін – өздеріңізде, патша көңіл оқырман!

І

Қытайда Тарбағатай деген тарлан таудың атымен аталатын аймақ бар. Сол аймақтағы Толы ауданының Өшеті шағын ауылында 1943 жылдың көкек айында Тұрсынбек отбасында Зекей атты ұл өмірге келді. Молдатай, Ордабай деген екі ұлынан соң дүниеге келіп, қуаныш әкелген сәбиіне Нұрбәтіш ананың ықылас-мейірі айрықша болды. Бәлкім, омырауын суалдырған сүт кенжесі боларын сезді ме екен асыл ананың алтын жүрегі!?

Ел-жұрттың, ата-ананың пәк тілегі мен ақ батасына бөленген балғын бала сүйкімді де алғыр болып өсті. Ауыл мектебінде үздік оқыған Зекей небары он бес жасында – 1958 жылы Шыңжаңның орталық қаласы Үрімжідегі көмір кен барлау техникумына оқуға түсіп, тәмам жұртты таң қалдырды. Бұлай дейтініміз, апталары мен айлары саяси өзгерістермен өтіп жатқан, азаттық алғанына он жылға да толмаған Қытай Халық Республикасындағы жалпы жағдай, шынында, күрделі еді. Оның үстіне көшпелі өмірден толықтай қол үзіп кете қоймаған қазақ жұртының да өскелең өркениетке бой ұра қоймаған бейқам кезі болатын.

1961 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған Зекей бірден мемлекеттік қызметке орналаса қойған жоқ. Оған себеп – жоғарыда айтқанымыздай, саяси науқандардың кең етек алған беймаза мезгілдің тұспа-тұс келгендігі. Сонымен жаппай жаңа құрылып жатқан «Халықтық коммуна» деп аталған өз ауылындағы еңбекке жегілді. Мұны сол кезде «Еңбекпен тәрбиелеу» деген қызыл сөздермен алдарқататын. Яғни қандай оқу бітіріп келсе де, зиялы жастарды алдымен ауылдағы малшы-диқандардың қара жұмысымен тәрбиелеу дегенді науқан еткен кез еді.

Бір жолы Коммуна парткомының Ли деген басшысы «халықты жаппай еңбекке аттанысқа келтіру» жиналысын ашады. Алайда қытай тілін қазақшаға тәржімалап отырған ілеспе аудармашының көп қателіктер жібергенін бірден сезіп отырған жас Зекейдің аудармашыға түзету жасағандығын байқап қалған Ли өзінің жалынды сөздерін Зекейге аудартады. Зекей қалың халық ішінен бірден сурылып шығып, партком басшысына ілеспе аудармашының қытай тілінен қазақ тіліне аударуы мүлде қате болғандығын ескертіп, өзінің білімділігімен жиналыстағы барлық үндеулерді халыққа мағыналы түсіндіріп, аударып берді. Міне, содан бастап жалынды жас, талантты азамат аудан әкімшілігінің арнаулы ұсыныс жасауымен аудармашылық қызметке орналасып,  қызметін тынбай жалғастыра береді.

Осы кезең арт-артынан жүрілген реформалар тасқыны жалпақ жұртты аласапыран, даңғаза ұрандармен қойдай иірген беймаза мезгіл еді. Күрмеуі көп күрделі күндер осылай жылыстап өтіп жатты.

Білікті білімі арқылы ауыл-аймағына танылып, азамат болып толысқан Зекейге сол заманда ұлы дүбір той жасап, алыс-жақыннан ел шақырып, отау көтерудің орайы бола қоймаған секілді. Ол кездегі халықтың хал-жағдайы, шынында, сын көтермейтін еді. Дегенмен жиырмаға енді келген Зекей отбасын құрып, отағасы болуды кешіктірген жоқ. Енді сол қара шаңырақтың қалай көтерілгені туралы бірер сөз…

Баяғы заманда адал еңбегімен алал мал өсіріп, өзіндік дәулет жинаған, кедей қауымға қайырымдылығын аямаған, сол арқылы «Зәңгі» деген орташа билік жүргізген арғы аталарының «кесірі» балдырған қыз Шәрипаның да отбасына қырсық болып тиді. Нәзік те талдырмаш денелі Шәрипа күндіз-түні коммуна жұмыстарында жүрсе де, шаршап-шалдығуды білмейтін. Әке-шешесіне қолқанат болып, үй шаруасын да дөңгелетіп әкететін пысық қыз болатын. Қолы қалт ете қалған сәттерде сызылтып ән салатын көп-көрім өнері де бар еді.

Енді ғана сәмбі талдай бой түзеп, бойжетіп келе жатқан осы қызға Зекейдің үй-ішіндегілердің ықыласы көптен бері ауып жүрген. Дастарқан басында үлкендердің «осы баланы келін етіп алсақ» деген өтініш-тілектерін еміс-еміс естіп қалып жүретін Зекейдің де Шәрипа қызға көңілі көптен бері құлаулы еді.

«Елді қанаған байдың тұқымы», «Феодалдық билік жүргізген зәңгінің немересі» атанып, шетқақпай болып жүрген Шәрипа Ғазезқызы мен Зекей Тұрсынбекұлы «қызыл белсенділердің» қарсылығына қарамастан 1962 жылы қалың малсыз, тіпті той-думансыз отауларын көтерді.

Зекей Тұрсынбекұлы сол аумалы-төкпелі кездің өзінде алған білімдерінен қарайып қалмау үшін көп оқып үйренетін. Әсіресе, қытай тілін еркін меңгеруге айрықша ден қойған.

Сол аумалы-төкпелі заманның өзінде Зекей қызметтерінен қуылып, «сасық зиялы» атанып, көзге түрткі болып жүрген білімді ағаларынан шаш ал десе, бас алатын әпербақандардың көзіне көрінбей көптеген нәрселерді сұрап-біліп жүретін. Кей кездері советтік Қазақстанда басылған тарихи, әдеби кітаптарды да сол зиялы ағаларынан құпия алып оқып, кейбір көлемді әдебиеттерді тұтастай көшіріп алудан да ерінбеген.

Біз мұны марқұм Зекей ағамыздың 1978-1980 жылдары жазған қолжазбаларынан көріп-білдік. Әсіресе, қазақ арасына кең тараған «Абайдың даналық сөздерін», «Едіге», «Асан қайғы» жырларын,  «Батыр Баян», «Әсет пен Ырысжанның айтысы», «Райымбек батыр», «Наурызбай батыр» сияқты дастандарды, Алаш көсемдерінің шығармаларын оқуға шынайы назар аударыпты. Тіпті 1938 жылы «халық жауы» деген айыппен атылып кеткен Мағжан Жұмабаев шығармаларын көп жаттаған екен.

Қасына Ер Бөгенбай, Барақты алып,

Болғаны елге қорған Алашқа анық.

Бердіқожа, Қасабай, Жантай батыр,

Қосылған Ер Жәнібек талаптанып.

Ер Қасым мен Баймұрат, Райымбек,

Қосай, Тама, Ершөрек, Малайсары,

Атын тізіп айтайын санаққа алып…– деп келетін ерлік жырларын да көкейіне тоқып жүріпті.

Сонымен бірге ата шежіресін, танымал тұлғалардың асыл қасиеттерін ұрпақтарға үлгі-өнеге етіп айтып отыратын болған. Мәселен, Дәм-Өшеті, Орқашар, Жайыр өңірі мен қазір қытайша «Шөгей» аталып кеткен Қоржын Түбек аумағына дейінгі жерлерге атағы жайылған «Бек тәуіп», «Бек емші» деген ұлы атасының емшілік болмысын туған-туыстарына, бала-шағаларына аманаттап жеткізіпті. «Әулие» атанып кеткен сол Бек емші бойы екі метрден асатын алып денелі, өңі сұсты, айбатты адам болған екен. Кейде ауыр науқастанған адамдарды «көріпкелдік» қасиетімен алыстан сезетін болыпты.

Сонау жылдары Бек емші Толының Өшеті өзенін жағалап отырып, Орқашардағы қалың елге шілде айында сапарға аттаныпты. Иен даламен жүріп келе жатса жол үстіндегі қара қосты көріп, соған бұрылады. Қосқа кірсе өне бойына қалың қотыр қаптап, іріңдеп кеткен бір ер адам жатады. Қолқаны қабатын ірің иісі мүңкіген үйдің іші кірген адам шыдамайтын ауыр жағдайда екен. Дәл сол сәтте даладан отын алып келген әйел алыстан келген жолаушыға ауру күйеуінің қазіргі халін жылап-еңіреп баяндай жөнеледі: «Ауру жұғып кетеді» деп жайлауға көшкен елден бөлініп, жалғыз сиырының сүтін сусын етіп, көшкен жұртта қалған аянышты күйін айтады. Жылап отырған әлгі әйел: «Шіркін, Бек тәуіп деген шипагерді елден көп естуші едік, амал не? Сол әулиені табатын шама бізде жоқ қой», – деген арыз-арманын айтып үлгереді. Бек емші далаға шығып, қоржынын алып келеді де, әлгі науқасты емдей бастайды. Өзі жасаған дәрілерін іріңдеп кеткен тұтас денеге сеуіп, түрлі жапырақтармен орайды да, «осы ем шипа болып қалар, мен Орқашардағы елден қайтқанда келемін» деп шайға да қарамай аттанып кетеді. Бір жұмадан кейін келсе, әлгі ауру адам құлан-таза жазылып кеткен екен.

Тағы бір жылдары екі көзі көрмей қалған бір зағип бала-шағаларының көмегімен Бек емшіні іздеп келеді. Емші әлгі сырқат адамның екі көзін байыптап тексеріп, суық торғайдың саңғырығын жылы суға езіп, күніне бірнеше рет тамызған екен, науқастың екі көзі шырадай жайнап кетіпті. Айрықша разы болған ол кісі өзі де ауқатты адам болса керек, Бек емшіге ішкі жабдығымен алты қанат ақ үй тарту етіпті.

Бек шипагердің қартайған кезінде ауылдастары:

– Қасиетті әулие, сіздің киелі өнеріңіз ұрпақтарыңызға жалғаса ма? – деп сұрағанда:

–       Менің шөберелерімнен кейінгі ұрпақтарымнан көрінетін болады, – деп

болжап кеткен екен қасиетті бабамыз.

Осындай әңгімелердің майын тамызып айтатын Зекей туған өңірінен шыққан әйгілі Уайыс зәңгі, аттыға жал, ауыздыға сөз бермеген Мауқара шешен, жауырыны жерге тимеген Мүштари балуан, он саусағынан өнер тамған Мамыраздық зергер, ғажайып күйші Бәзғалам бабалары туралы да мағлұматты шежірелер шертетін. Соның бірі:

Мауқара шешен адам Уақтағы,

Билігін Керей, Найман қуаттады.

Марқа тас, Қату менен Дарбытыны,

Мекен қып кең түбекті суаттады.

Бәзғалам өз кезінде жырау еді,

Халқына жүрген адам ұнап тағы.

Бәзғалам Мамырбекке күй тартқанда,

Ақынды ұлық қалай ұнатпады?

Мауқара жиында оны сөзбен шалып,

Ұлықты талай көрген сынап тағы.

«Алтайдан келгеніңді білуші едім,

Артқаның екі түйе, бір ат тағы.

Керейдің бар дәулетін жинап алып,

Басыңа бақ қонған соң тұрақтады.

Жетсе де екі мыңға жылқың сенің,

Көрмедік бір тай мініп, сұрап тағы»… деп келетін халық жыры. Осындай отты өлеңдерден Зекейдің арғы аталары текті әулет болғанын көруге болады.

Көп үйреніп, көп білсем деген үлкен құлшыныспен өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқарған азамат ел ортасында ілтипат-құрметтерге бөленді. Қоғамдық қызметтердің барлық сынынан өтіп, өзіне ауыр талаптар қоя білді.

Зекей Тұрсынбекұлының тыңғылықты қызметтері ескерілмей қалған жоқ. Коммунаның жай мүшесі бола жүріп, біртіндеп ауыл-ауданға аты мәлім тұлғаға айнала бастады. Мемлекеттің штатты қызметкері аталған соң ауыл-қыстақтардан келген қарапайым бұқараға қолынан келгенше көмек көрсетті. Шиеттей ұсақ балаларының үстіне алыс-жуықтан келіп жататын «шақырылмаған» қонақтарға қолда бар дәнін аямайтын Шәрипа тәтеміз үйіне келгендерді қабақ шытпай қарсы алып, жайдары көңілмен аттандырып жататын.

Қалың қауымның алғысына бөленген азаматтың қызмет дәрежесі біртіндеп өрлей берді, мәртебесі биіктей берді. 1965 жылдан 1980 жылға дейін аудандық үкіметте аудармашы, бөлім бастығы болған Зекей 1980-1983 жылдары аудандық экономиканы дамыту мекемесінің бастығы болды. Бұдан кейінгі жылдары Толы ауданының білім, мәдениет, денсаулық істеріне жауапты әкімнің орынбасары болып лауазымды қызметтер атқарды.

ІІ

Қоғамның аумалы-төкпелі кезеңі мен тұрмыстың тұралап тұрған кезінде Зекей мен Шәрипа шаңырағын гүлге бөлеп, Сайра, Серік, Жасан, Сержан, Ержан деген балалары дүниеге келді. Солардың іңгәлаған тәтті үндерімен- ақ барлық қиындық, бейнет атаулы бақыт пен рахатқа айналып жататын.

Арманшыл әке мен ақеділ ана бала тәрбиесі мен олардың білім алып, білікті азаматтар болып жетілуіне айрықша ден қойды. Бүкіл ауданның ауқымды қызметтерінің бел ортасында жүрген Зекей қолы қалт ете қалған әредік сәттерде балаларын ертіп алып, ел аралайтын. «Абыз қарттардың айшықты әңгімелерін, шежіре шертпелерін құлақтарына құйып, саналарына сақтап өссе екен» деген үкілі үмітін ұрпақтарына артатын. Тұңғышы Сайраны сурет салуға, Серікті гитараға, Жасанды аккордеонға, Сержанды шағын қолөнерге, кенжесі Ержанды домбыраға бейімдейтін.

Зекейдің өзі де бірге қызмет істеген Сүлеймен аудармашы екеуі мандалинге ән қосып, жүрген жерлерін думанға бөлеп жіберетін. Қазіргі елге танымал әйгілі күйші, атақты сазгер Ғизат Сейтқазин секілді өнер майталмандарымен жиі-жиі бас қосып, жан дүниесінің баға жетпес ләззат байлығын арттырып отыруды да қағыс қалдырмайтын.  Зекейдің бар ойы – балалары есейгенде осындай өнерлермен шұғылданып кетпесе де, өз құрбыларының алдында сетер сезімді, сергек ойлы болып өсуіне рухани нәр болады деп есептейтін. Әсіресе, ажалға араша, ауруға медет болатын дәрігерліктің дәуірлер өзгерсе де қадірін жоймайтын қасиетті өнер екенін көптеген дәлелдермен көрсететін еді. Ұрпақтарына жанын үзіп тұратын қайран әке анау дүниеге ерте аттанып кететінін, бауыр еті балапандарының қызығын көп көре алмайтынын сезді ме екен, әйтеуір, өте балажан болды.

Ал Шәрипа ана Құдай қосқан жұбайының әр кезеңдерде, әр салада атқарып жүрген барлық қызметтерінің қолдаушысы бола білді. Уақытының көбін балаларының тәрбиесіне арнады. Ол «басшы азаматтың жұбайымын» деп кейбір билікке буланған «ханымдарша» көкірегімен көк тіреген жоқ, қарапайым, мейірімді қалпын өзгерткен емес. Аудандық үкіметке қарасты қонақүйдің меңгерушісі болып қана жұмыс істеді.

Зекей отбасы үшін 1985 жылғы 5 қараша – қаралы күн болды. Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Еренқабырға өңірі тосын қазаға, ауыр қайғыға теңселіп кетті. Астана Бейжіңдегі жиналыстан қайтып, Үрімжіге жеткен Зекей Тұрсынбекұлы Күйтүн–Толы мемлекеттік жол бөлігінде көлік апатынан қаза болды. Небары 42 жаста. Болашағынан үлкен үміт күткен елі қалды еңіреп. Бұғанасы қатпаған балалары қалды зарлап. Құдай қосқан жұбайы қалды жастай қара жамылып. Жоғарғы билікте отырған үлкен басшылар Зекей сынды зерделі азаматтан қапияда айырылып қалғандарына өксік атарлық өкініштерін білдірді. Мәңгілік ұйқыға кеткен есіл азаматты қара орман халқы болып соңғы сапарға аттандырып салды.

Қытай үкіметі халықтың қамы үшін үкімет қызметі үстінде қаза болған қайраткер азаматтың артында қалған жұбайы мен барлық балаларын мемлекеттік қамдауға алып, Зекей Тұрсынбекұлының шаңырағына «Даңқты құрбандар отбасы» деген атақ берді…

ІІІ

«Жетім қозы тасбауыр, отығар да жетілер» деп айтылушы еді ғой баяғының бір тәмсілінде. Тағдырдың салған ауыр салмағына төзгеннен басқа шара бар ма екен бұл дүниеде!?

Еміренген ел-жұрты, туыс-туғандары көп болып, көмек қолдарын созғанымен, асқар тау әкенің орнын қайдан толтыра алсын!? Құдай басқа салған соң болмаса, жетім-жесір атанудан ауыр қасірет жоқ шығар?!

Шәрипа ананың жүрек жылуы мен мейіріне бөленген Зекей ұрпақтары болмайтын іске болаттан берік болды. Аяулы анасына серік болды. Оқу- білімнен басқа сенерінің жоқ екенін жанымен түсініп, жүрегімен сезінді.

Атасы мен әжесінің баласы болып өскен Сайра қызметке орналасып, жабыққан көңілге медеу боларлық үміттің шырағын жақты.

Серік 1988 жылы Шыңжаң медицина институтының гигиена зерттеу мамандығын бітіріп, Үрімжі қаласында Туберкулез зерттеу, емдеу институтында маман болып жемісті қызмет етті.

Сіздер мен біздерге аты мәлім болып отырған Жасан Зекейұлы 1984 жылы Шыңжаң медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы мамандығын үздік нәтижемен тәмамдады. Іле Қазақ автономиялы облыстық Күйтүн орталық ауруханасында бес мүше бөлімі, көкірек-жүрек бөліміне хирург-дәрігер болып орналасты.

Сержан Зекейұлы – 1988-1993 ж.ж. Іле педагогикалық институтынан химия мамандығын оқып, Іле Қазақ автономиялы облыстық сауда мекемесінде (департаментінде) атқарушы менеджер болып істеді.

Ал Зекей шаңырағының кенжесі болған Ержан 1992-1997 ж.ж. Шыңжаң университетінің радиобайланыс мамандығын үздік тәмамдады. 1997 жылдан 2001 жылға дейін (China Mobile ) Күйтүн бөлімшесінде, 2001- 2003ж.ж. техникалық біліктігіне сай Үрімжі қаласында жетекші маман қызметін атқарды.

«Әкеден ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей, тұлпардың тұяғы болған ұрпақтар түгелдей жоғары оқу орындарының маңдайалды мамандықтарын тәмамдап, еліне елеулі азаматтар болып танылды.

Енді біздің кейіпкеріміз – Жасан Зекейұлының дәрігерлік жолдарына бір сәт назар аударып, бірге таразылап көрейік, қадірлі оқырман!

 

 

IV

Жайлау үсті. Ән мен атты қос қанаты санаған қазақ деген дегдар халықтың дүбірлі той жасап, сайрандап қалатын баяшат мезгілі. Жазғы еңбек демалысын алған жас дәрігер Жасан туыстарының жасыл жайлау төріндегі келін түсірген тойына жол алды. Ауылдастарымен, туған-туыстарымен сағынысып көріскен Жәкең дос-құрбыларымен қауышып, бір масайрап қалды. Ат бәйгесі мен көкпар тартудың, қызқуар мен теңге ілудің қызығын тамашалады. Тойдың дүркіреп өтіп жатқан дәл осы сәтінде бір келіншек үйде қалған баласын емізуге асығады. Кермедегі өз атының шылбырын шешіп, шідерін алуға еңкейе бергенде қатарлас тұрған тарпаң мінез бір жылқы әлгі келіншекті тұп-тура бастан тебеді. Бүкіл денесін қан жауып кеткен әйелді көрген жұрттың зәресі ұшып аласапыран болады да кетеді. Мұндай жайсыз хабарды естіген Жасан да жетеді жаралы әйел жатқан жерге. Ол келгенде көнекөз қариялар киіз, жүн күйдіріп, жарақатқа таңып жатса да, атқақтаған  қан тыйыла қоймайды. Не істеу керек? Дайын дәрі-дәрмек жоқ. Ойлануға уақыт тығыз. Әрі-сәрі болмай кез келген сәтте адам өмірін құтқару  дәрігерлердің даңқты әрі бұлтармас борышы екенін жанымен сезінген жас дәрігер Жасан емдеу шарасына шұғыл кіріседі. Мақта мен дәкенің табылғанын медет тұтқан дәрігер кәдімгі кесте тігетін қарапайым ине-жіппен жаралы әйелдің бас терісін тіге бастайды. Тұп-тура 23 сабақ жіппен бір сағаттан астам уақытта күрделі отаны сәтті аяқтайды. Келіншек құтқарылады. Жиналған елдің барлығы жас дәрігердің батыл қадамына айрықша тәнті болып, алғыстарын жаудырды. Бір жұмада әлгі келіншек құлан-таза сауығады. Таңғаларлығы, ешқандай дақсыз, тыртықсыз жазылғандығын куәгер жұрт көпке дейін аңыз етіп айтып жүрді.

Бұл – Жасан Зекейұлының аға дәрігер атанып, үлкен емхананың 80 орынды палатасының көкірек-кеуде-бас бөліміне жауапты болған кезі. Бірде емхананың «Жедел жәрдем» қызметі түнгі кезекшілік атқарып отырған Жәкеңе бір ауыр жаралы адамды алып келеді. Бұл оқиға былай болған екен. Бір топ қарақшы ұрылар күзетші болып қызмет атқаратын әлгі адамды пышақтап, өз мақсаттарына жетпекші болады. Жан дәрмен сақшы бөлімшесіне хабарлап үлгірген ол қансырап жығылады. Қан қысымы күрт төмендеп, ажал аузында қалады.

Тексеру барысында пышақтың жүрек қабынан өтіп, жүрек бұлшық етіне 0,3 мм тереңдікте зақым келтіргені бірден анықталады. Ол жылдары хирургиялық жолмен жүрек қабын ашу, ұйыған қанды тазарту бүкіл Шыңжаң бойынша бірен-саран ғана емханалардың еншісіндегі тәжірибе болатын. Бұл ауыр жаралыны орталыққа жіберсе, көздеген жерге жеткенше жол үстінде мерт болатындығы айдан анық еді. Осындай қысылтаяң сәтте Жәкең көмекші дәрігерлерімен шұғыл қорытындыға келіп, нар тәуекелмен отаға кіріседі. Ұйыған қанды тазартып, 0,3 мм тереңдікте зақымдалған жүрек етін үш жіппен тігіп, жамайды. 40 минутқа жалғасқан бұл құтқару өте сәтті аяқталады. Осы оқиғадан кейін Жәкеңнің атағы тіпті де аспандайды. Әлгі күзет қызметкерінің ерен еңбегін жоғары бағалаған үкімет орындары оны үлкен сыйлықпен марапаттайды.

Небары он неше күн ғана дәрігерлердің бақылауында болған батыр күзетші көңілін сұрап келген басшылар мен тілшілерге: – Маған екінші өмір сыйлаған Жасан сынды білікті дәрігерге мәңгі қарыздармын, – деген жүрек сөзін ақтарады. Содан бастап әлгі күзетші Жасан дәрігермен отбасылық достар болып, ұзақ жыл араласады…

1994 жылдың жаз айында Күйтүн қаласына көршілес Шиху қаласындағы ағаш материалдарын өңдеу зауытының жұмысшысы Жаң фамилиялы қытай азаматы Жасан дәрігердің атын естіп, арнайы іздеп келеді. Өйткені сәл бұрын ғана Жасан мен Бақытбек деген білікті дәрігер екеуі Толы аудандық білім бөлімінің бастығы болып істейтін Қазы деген азаматтың қарындасы 6 кг боғақ (зоб) өспесімен келгенде қан тамырларының тұтасқан жеріндегі өспені алып, жұрт назарын тағы бір аударған. Ал Жаң бауыр қан тамырының 21 кг өспесіне душар болған ауыр науқас еді. Ол бұдан бұрын Бейжің, Ухан, Шыңду қатарлы ірі қалаларға барса да ешқандай шипа болмапты. Ең соңғы үмітін осы Жасанға артып, емделуге келеді. Емхана талабы бойынша өзі, жұбайы, балалары болып, ауыр отаны жасатуға кепілдік сенім хаттарын тапсырып та үлгереді. Жасан Зекейұлы Ли Жың Жу деген хирургия маманы екеуі жан-жақты үлкен дайындықпен қауіпті әрі күрделі отаны жасауға кіріседі. Бас-аяғы 17 сағатқа жалғасқан дәрігерлердің жапалы еңбегінің нәтижесінде бауыр қан тамырындағы 21 кг қорқынышты, құбыжық өспе алынып, ота орыны 120 жіппен тігіледі. Әлгі науқас бір апта көлемінде өздігінен жүре алатын, тамақты жақсы ішетін, ұйқысы тынышталған сау денелі адамдардың қатарына қосылды. Айға жетпейтін уақытта өлімге қарай жетелеп бара жатқан алып өспеден құтылған Жаң Жасан қатарлы құтқарушыларына ақ жаңбыр алғысын жаудырып, шадыман көңілмен өз үйіне аттанды.

Күйтүн қаласы – әлемге әйгілі жоңғар ойпатында орналасқан, Қытайдағы «100 шолпан қаланың» бірі. 1980 жылдардың басында Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы болып бекітілген. Күйтүн шындығында Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарының барлығына ортақ, тоғыз жолдың торабына орналасқан мегаполис еді. Сол кезде қазақ зиялылары Күйтүн қаласына жан-жақтан ағылып, көп жиналды. Алдыңғы буын маман ағалары сияқты Жасан да арнайы жолдамамен жаңа қалаға жас ғалым ретінде ұсынылып келген еді. Себебі институттың ІІІ курсында оқып жүргенде-ақ Қытай коммунистік партиясына мүше болып қабылданып, оқуын қызыл дипломмен  тәмамдаған Жасан бірден осы қалаға жұмысқа шақырылған.

Мен Жасан Зекейұлымен 1989 жылдың күзінде былай таныстым: Жеменей ауданының Тосты ауылындағы малшы құдамыз Бақытқан Жанымқанұлын Күйтүн қаласындағы орталық емханаға алып бардық. Дәрігерлердің мұқият тексеруінің нәтижесінде бұл науқастың асқазан-өңеш рагына шалдыққаны әрі қатерлі ісіктің ең соңғы мезгіліне жеткендігі анықталды. Тіпті 20-30 күнге жетер-жетпес ғұмыры қалғанын да ескертті жауапты дәрігер. Жасан сол кездің өзінде алыс аймақтардан келген қазақтарға көмек көрсету үшін күндіз-түні солардың қамымен жүгіреді екен. Қат-қабат қарбаластықтың әредік сәтінде Жасан дәрігермен жолығудың орайын тауып, мұнда келген шаруамызды, сырқат жағдайын, қорытынды диагноз құжаттарының барлығын көрсетіп, алдағы күндерде не істеу керектігі жөнінде кеңес сұрадық. Сөз арасында:

Қою, ұзын қасың бар,

Қалың қара шашың бар.

Арықшалау келеді,

Сен секілді асылдар, деп әзілдегенім әлі есімде.

Менің бір байқағаным, үлкен емдеу орталығында қызмет істеп жүрген Жәкең өз кәсібінен басқа да мамандықтарға көп назар аударып жүреді екен. Еуропалық емдеу жүйесінен тыс Шығыс-тибет медицинасы, Қытайдың инемен емдеу құпиясы, қазақтың халық емшілігі қатарлы көптеген емдеу салаларына айрықша ден қойып, зерттеп жүретініне көз жеткіздік.

Біздің өтінішіміз бойынша хал үстінде жатқан Бақытқанды қайталай тексерген Жасан былай кеңес айтты:

– Бұл кісінің су ішеріне аз ғана уақыт қалған екен. Осы заманғы емдеу шараларынан ешқандай үміттенуге болмайтын сияқты. Менің ойымша, қарапайым қазақ емшілігімен дауалаудан басқа мүмкіндік жоқ. Сондықтан құмды жердің, болмаса тастақты өңірдің жыланын тірідей ұстап, қақпағы бекітілетін шыны ыдысқа салып, бір литр арақ құйып, бір апта күнге қыздырып еріткен соң (отқа қыздырамыз деп асығуға болмайды), өте аз мөлшермен беріп көріңіздер. Егер науқастың тәбетіне сәйкес келсе, ары қарай күніне бірнеше реттен тақыл-тақыл беріп отырыңыздар. Бәлкім, аурудың жазылуына бір себеп, соңғы мүмкіндік осы болып қалар, – деді.

Аузына су тамызып қана жатқан Бақытқан Жасан дәрігердің осы сөздерін медет тұтып, үмітін арқалап үйіне қайтты.

Жеменей ауданының Қайнар деген жеріндегі күзеулікте отырған өз үйіне барған Бақытқан құдамыз екі күннен соң мынандай қызық оқиғаға кез болады. Көрер таңды көзімен атырған Бақаң таң ата оянса, тура есіктің табалдырығында қара шұбар жылан иіріліп жатады. Үйде шиеттей балаларымен келіні ғана бар. Інісі әлдеқашан мал өргізіп кеткен. Дәрмені қалмаған Бақытқан өлдім-талдым дегенде шырт ұйқыда жатқан келінін әрең оятады. Табалдырықта жатқан жыланды көрсетеді. Көрген адамның тұла бойын түршіктіретін сумаңды ұстауға әйел адамның қалай батылы барсын?! Көршілеріне хабарлайын десе есіктен аттап өте алмайды. Сонымен үйдің терезесінен әрең шыққан келіншек ауылдағы азаматтардың бірін ертіп келеді. Әлгі жігіт босаға түбінде алаңсыз ұйықтап жатқан жыланды қысқашпен мықтап қысып алып, тірідей шыны ыдысқа салып бекітеді де, қақпақтан азғантай саңылау ашып, арақты содан құйып жібереді. Жабылған ыдыстың қақпағына тік шаншылған жылан араққа тұншыққан соң көк-жасыл заһарын құсады да, ыдыс түбіне шөгіп жатып қалады. Осылайша аузы бекітілген бөтелкені сырыққа байлап, күнге қояды. 1-2 күн өткенде арақтың түсі сарғайып өзгере бастайды. Хал үстінде жатқан Бақытқан Жасан айтқан бір жұмаға қалай шыдасын?! Үш күннен соң әлгі «жылан арақты» алдырады да, кесе түбіне аз ғана құйдырып, нар тәуекелмен жұтып жібереді. Арақ өңеш тұсына сәл кідіріп барып, ары қарай өтіп кетеді. Тағы да азырық қосып ішкен Бақаң қайтадан жатып қалады. Сол жатқаннан мол жатады. Ертеңінде сәскеде де оянбайды. Келіні мен кішкентай балалары жанына келіп тыңдаса, тынысы бар, дем алысы ақырын естіледі. Ақырын дыбыс беріп оятса, қыбыр етпейді. Келіні қорқа бастайды. Көрші отырған өзінің шешесіне болған жайды айтып, ертіп келеді.

Құдағиы келсе, құдасы сұлық жатыр. Бірақ тірі. Шошынған құдағиы құдасын жұлқылап жүріп, әрең оятып алады. Бақытқан көзін ашады. Байқаса, бұрынғыдан тыңайып қалған секілді. Жамылған, төсенген көрпелері шылқыған терден суға малғандай болып кеткен. Бақаң сүйемелмен басын көтерген соң лоқсып, құсқысы келгендігін айтады. Ыдысты тосып үлгерген құдағиы құдасының бұзылған ет түйіршіктерін құсып жатқандығын байқайды. Іле-шала құдасы  және бір-екі қасықтай өлі ет құсып жіберіп, өзегінің талып бара жатқанын айтады. Көріп тұрғандар «жыланға уланды» деген жорамалмен сиырдың шикі сүтінен азырақ ішкізеді. Аузын сумен ғана шайқап, бір тамшысын ары қарай жұтуға зәру болып жатқан науқастың өңешінен бір кесе сүт өтіп кетеді. Сәлден соң қой майы қосылып жасалған көжені де жұтып алады Бақаң.

Міне, содан бастап Бақытқан құдамыздың беті бері қарап, күн сайын сырқатынан айыға бастады. Кейін біржола жазылып кетті. Тұрмыс жағдайымен үйлене алмаған ол кейінірек үйленді. Бірнеше ұрпақ сүйді. Тың тіршілік бастады. Асқазан-өңеш рагынан айыққан Бақытқан Жанымқанұлы 18 жылдан соң басқа аурудан қайтыс болды.

Сол құдамыз көзінің тірісінде:

– Менің Түсіпбай деген ағамның ұлы Толы ауданындағы Әлихан деген мұғалімнің қызына үйленді. Құдалармен өте жақын араласып тұрдық, кейін естісем, мені ажалдан арашалап қалған Жасаным Әлихан құдамның Гүлия деген қызымен отау көтеріп, менің немере ініммен туған бажа болыпты. Шексіз алғыс сезімімді солар арқылы білдіріп, сәлемімді жолдап тұрдым, қайда жүрсе аман болсын азамат, – деп отырушы еді. Менің шешем де Жасанның емінен жазылған. Ол кісінің тізесі бүгілмей қатты ауыра беретін. Соған Жәкеңнің айтқаны бойынша жылқының өкпесіне тілін орап, тізесіне таңдық. Ем он рет қайталағаннан кейін шешем құлан-таза жазылып кеткен.

Шынында, ел-жұрттың батасын алып, ықыласына бөленгенге не жетсін?!

V

Тарбағатай аймағының Толы ауданы – Шыңжаң бойынша, тіпті мемлекет көлемінде кедей аудандардың бірі болып саналғанымен, ғылым-білім, мәдениет-өнер жағынан кенде болмаған өңір. Талай дарындар мен тұғырлы тұлғаларға, қайраткер мен данышпандарға алтын бесік болған қасиетті мекен. Қазір жұрт арасында кең тарап кеткен «Қарағай бастаудың (жер аты) суын ішкеннің бәрі ақын» деген қанатты сөз осы айтқанымыздың айқын дәлелі болса керек.

Ел арасында «Зекейдің зерек ұлдары» атанып кеткен осы әулеттің барлық балалары бірінен соң бірі жоғары оқу орындарының маңдайалды мамандықтарына арнайы шақырулармен аттанып жатты. Жасанның өзі де, біздіңше айтқанда, мектепті «қызыл дипломмен» тәмамдап, университетке ешқандай емтихансыз қабылданған санаулы саңлақтардың бірі.

Жәкеңнің өз отбасы ғана емес, қайын-жұрағаты да текті әулет болды. Қарт педагогтар Әлихан Әбілбекұлы мен Қадиша Нұрахметқызының Нағима, Гүлия, Әлия, Әсия, Ардақ, Аман атты бес баласы да білім аламанындағы жүлде бермес жүйріктер атанды. Алғыр ұрпақтарының іркес-тіркес ғылымның көмбесінен көрінуі ұлағатты ұстаздардың жүдеу жүздеріне шарапат нұрын ұялатты. Көптен бергі жасыңқы көңілдерінің көгершін құсын көкке өрлетті. Біздің бұлай айтқан сөзіміздің түп-төркініне жету үшін Әлихан ағамыз бен Қадиша тәтеміздің соқпағы көп өмір жолдарына терең үңіліп көргеніміз жөн секілді.

Әлихан Әбілбекұлы Толы ауданының Жайыр тауында 1940 жылы өмір есігін ашқан.  Мектепті үздік бітіргендіктен, 1955 жылы Шыңжаң университетінің математика факультетіне қабылданып, 1958 жылы жоғары нәтижемен бітіріп шығады. Үрімжі маңындағы білім беру орындарынан іс-тәжірибеден өткен соң 1961-1963 жылдары Шыңжаң өнеркәсіп институтына оқытушы болып орналасады. Сонда әртүрлі ұлттың білімге шөліркеген көкөрім жастарын терең білім мен өнегелі тәрбиеге сусындатып, бүкіл ынта-жігерін арнайды.

Ал Шәуешек қаласының Ергейті шағын ауылында туылған Қадиша Нұрахметқызы ауыл мектебінен білім алып, 1957-1961 жылдары Шыңжаң университетінің физика факультетін тәмамдап, ұстаздық кәсіппен шұғылданады. Міне, осындай арманның асқарына құлаш сермеген бақытты күндерде Әлихан мен Қадиша ғылым мен мәдениеттің, өскелең өркениеттің думанды орталығы болған Үрімжі қаласында шаңырақ көтеріп, керегесін жайды. Бұл 1962 жылдың тамыз айы болатын. Сонымен қазақ зиялыларының қатары бір жұп жұлдызды жұбайлармен толықты. Алдыңғы буын ағалары мен ақ ниетті апайлары  іздерін басатын ізетті жастардың ақ некесіне ақ жол, сәт сапар тілеп, болашағынан үлкен үміт күтті.

Амал не? Алаңсыз күндер ұзаққа бармады. Тек қана ұрпақтар санасына білім шуағын төксек дегеннен басқа мұрат-мүдделері болмаған Әлихан мен Қадиша шаңырағына қара бұлт үйірілді.

Елден жеткен жайсыз хабар есеңгіретіп кетті екеуін. Бұл 1962 жылғы бүкіл елге әйгілі болған «Іле-Тарбағатай оқиғасы» еді. Дүбірлі дүрбелең болған сол кезде «Қадиша мұғалімнің төркіні босқан елмен бірге советтік Қазақстанға бір түнде көшіп кетіпті… Әлдеқандай келісіммен Совет-Қытай шекарасын айқара ашып тастапты… Тарбағатай аймағында қазақ атаулы қалмапты, оны десең ұйғыр, дүңген ұлтының біразы да бірге кетіпті…» деген үрейлі әңгімелер желдей есіп, жер мен көкке тарап жатты. Жалғыз күнде бүкіл туыстарынан айырылған Қадиша жыламай, кім жылайды? Ол еңіремей, кім еңірейді? Әттең-ай, шығарда жан басқа екен ғой!..

Іс мұнымен тынған жоқ. «Қадиша шетке қашқан халық жауның қызы», «Совет тыңшыларының Жұң гоға (Қытайға) қағып кеткен мыс шегесі», «өте қатерлі адам» дегендей көптеген жалалар жабылды. Ақ пен қараны айырмайтын бейшара әпербақандар қай кезде де табыла кетеді емес пе?! Әйтпесе екі алып елдің ұшқан шыбын өтпейтін құрсаулы шекарасын Қадиша мен Әлихан барып ашып жіберген жоқ еді ғой! Сондай әңгімелердің кесірінен қызметтерінен қуылып, «көшкен жұртта көрінгір» дейтін қатыгез қарғысқа ұшырағандай болған Әлихан мен Қадиша еңірегенде етегі толып, тоз-топалаңы шығып, қаңырап қалған қайран мекеніне қасіреттен қан жұтып оралды. Мұнда келгенде де ешкім маңдайынан сипай қойған жоқ. Айдауда жүрді, ауыр еңбекке жегілді. Қанша дегенмен ел емес пе?! Оңаша сәттерде жаны ашығандар орайын тауып, ақыл-кеңестерін айтады. Келер күндерден күдер үзбеуге жебейді.

Әлихан Әбілбекұлы Үрімжідегі Өнеркәсіп институтында ұстаздық еткен жылдары қазіргі Қытай мемлекеттік саяси-мәслихат кеңесі төрағасының орынбасары Әбілет Әбдірашит, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы райондық Халық құрылтайы тұрақты комитетінің меңгерушісі болған, осы күндері мемлекеттік Халық құрылтайының тұрақты жорасы Әбдірейім Амұт секілді қайраткер азаматтарға сабақ беріп, сынып жетекшісі болған. Көптеген бұралаң жолдарды басып, жас кездерінде тауқымет тартқан Әлихан ағамыз бен Қадиша тәтеміз – қазіргі күнде елге сыйлы ата-аналар. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерін әлпештеп отырған бақытты жандар.

Үлкен қызы Нағима – Алтай аймағының Жеменей ауданындағы орта мектептің аға оқытушысы, Ал Жасанның жұбайы Гүлия Қытай елінің Күйтүн қаласында ұзақ жыл мұғалім болды. Қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұстаздық етеді. Педагогика ғылымдарының кандидаты. «Жас-Ай» республикалық Шығыс-тибет медициналық журналының жауапты редакторы.

Әлия Әлиханқызы Үрімжі қаласындағы «Халық дохтырханасы» деп аталатын орталық емханада дәрігер.

Әсия – Толы аудандық толық орта мектептің жоғары дәрежелі ұстазы.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған Ардақ қазір Германияда жемісті еңбек етуде.

Шаңырақ иесі болған Аман Әлиханұлы Күйтүн қаласынан орта мектепті қытайша үздік оқып, Қазақстанға келген соң, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетін қызыл дипломмен тәмамдады. Білімге құштар Аман әлемге әйгілі, алдыңғы қатарлы білім ордасы  болған КІМЕР-тен білімін жетілдірді. Қазір Ұлыбританиядағы ірі компанияның Қытайдағы өкілдігінде бас директор қызметін атқарады. Әрине, Әлихан Әбілбекұлы мен Қадиша Нұрахметқызы осындай алғыр да алымды ұрпақтарымен мақтануға тиіс.

«Зиялылар отбасы» атанған Әлихан ағамыз бен Қадиша тәтеміз егемен ел болған Қазақстанға біржола көшіп келді. Қырық жыл көз жазып қалған туыстарымен қауышты. Қазір Алматы қаласында тұрады.

VI

Қытай елінде «үздік жас ғалым» атанған даңсалы дәрігер Жасан Зекейұлы аспан

Хабарласу