+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

SPA

“Жас –Ай” шығыс-тибет медициналық орталығында SPA кабинеті ашылды.


Енді сіздер SPA капсула, фитобөшке және аяққа арналған булы бөшкені пайдалана аласыздар.

Фитобөшке – бұл таза табиғи ағаштан дайындалған шағын монша, ол ең үздік экологиялық таза фармацевт болып табылады.

Бөшкенің ішіне емдік шөппен және хош иісті майлар қосылған бу жіберіледі. Бу тек қана денеге жіберіледі, ал тыныс алу еркін болады. Мұндай СПА процедуралары тек қана ересектерге ғана емес, балаларға да және жүрек ауруларына шалдыққандарға да ұсынылады.

Фитобөшке СПА процедуралары (ОРВИ, ОРЗ) ыс алу мүшелерінің жұқпалы ауралының алдын алуға, ағзадан түрлі уларды шығаруға және жасару жағдайларына үлкен ықпалын тигізеді. СПА процедураны дене уқалаумен біріктіріп отырып қабылдаса ең жақсы нәтиже береді.

SPA-капсуласы ағзаны бумен қыздыруға, ауаны майлармен иондауға, хромотерапияға, хош иісті терапияға және  әуен терапиясына бағытталғын.

СПА-КАПСУЛАНЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕМДІК ЖҮЙЕЛЕР:

  • термотерапия (құрғақ қыздыру моншасы, арнаулы термотерапия)
  • әуен терапиясы
  • хош иісті терапиясы
  • хромотерапиясы

ХРОМОТЕРАПИЯ – бұл жарықпен емдеу түрі. СПА – капсула диодтық терапияның жарық сәулесінің емдік әсерімен біріктіріле отырып (LED), адам денесін жақсартуға бағытталған. Хромотерапия келесі жағдайларда қолданылады:

  • коллагендік жақсарту
  • тыртықтарды кетіру
  • әжімдерді кетіру
  • эластиндік жақсарту (денеге су мен ауа жетіспеушілікті жою)
  • теріні қалыптандыру мен тарту
  • жас ерекшеліктеріне байланысты дақтарды кетіру
  • безеулерді емдеу
  • терідегі көп мөлшерлі дақтарды кетіру

Адам ағзасы әр түрлі жағдайларға бейімделгіш, өзгергіш болып келеді. Солай бола тұра оның мүмкіншіліктері шектеулі. Ұзақ уақыт ақуызды, майларды, тәтті тағамдарды көбірек пайдаланған сайын адам ағзасы боқатқа (шлак) толы болып кетеді, уланады. Адам біртіндеп әлсірей бастайды, тез шаршайды, өмірге селқос қарайды, әр түрлі ауру түрлері қоза бастайды. Бірақ, кейде адам осы жағдайлардың көпшілігінде ағзаның боқаттанып, уланғаны себеп екеніне көз жеткізе бермейді. Сондықтан да, қазіргі заманның адам ағзасына кері әсерін тигізетін түрлі жағдайларен күресі жолы фитобөшкелерді пайдалану болып табылады. Өйткені фитобөшке ағзадағы түрлі улы заттарды шығарып қана қоймай нерв бұлшық еттер жүйесін жақсартып, адам иммунитетін көтереді. Фитобөшке күрделі кешенді жүйелерді біріктіре отырып, адам ағзасының оянып, қызмет етуіне жағдай жасайды. Бұндай процедуралар нәтижесінде тек бір ағза ғана емес, жасуша ішінің жақсаруына да үлкен әсерін тигізеді. Фитобөшке адам ағзасын жақсартып қана қоймай, оның жұмысқа деген қабілетін ұлғайтады.

ФИТОБӨШКЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ:

 

НЕРВ ЖҮЙЕСІ.

Фитобөшке мен SPA капсуланың нерв жүйесіне әсері қантамырлардың перифириялық кеңеюімен түсіндіріледі: терінің, тері асты жасушалардың, бұлшық еттердің. Қан мидан шығып, оның қабығының белсенділігі төмендейді, тежелу пайда болады, тынышталу күйіне енеді. Фитобөшке мен SPA капсуланың әсері көбінше нерв жүйесі арқылы іске асады. Фитобөшке мен SPA капсуланың әсері нерв жүйесінің өзнеруіне ықпал етеді, нақтырақ айтқанда: шапшаңдық, айқындық, әсердің ұзақтығы. Процедураны бірнеше рет қайталау нәтижесінде көптеген жақсарулар байқалады: адам ағзасы үйрене бастайды, қызмет етуі белсене түседі. Сонымен қатар, шартты және шартсыз рефлекстерді нақтылау да қажет. Орталық және вегетативтік нерв жүйелеріне айқын әсері байқалады. Фитобөшке мен SPA капсула вегетативтік нерв жүйесін реттейді, кемшіліктерді жояды, әрі күйзеліс жағдайын жеңілдетеді. Бұл процедура кезінде  нейроэндокриндік жүйесі белсене түседі және адам ағзасына әр түрлі деңгейдегі гомондардың бөлінуіне ықпал етеді. Адамның ағзасын түрлі күйзелістерге қарсы тұра алатындай жаттығу жасайды. Сондықтан да фитобөшкені унемі қабылдайтын адамдар төзімді, жұмысқа қабілеті белсенді болып келеді. Фитобөшке мен SPA капсуланы қабылдаған адамдар әр түрлі қиыншылқтардан, ауыр ойлардан арылады. Фитобөшке мен SPA капсула түрлі күйзеліс жағдайын жоюда таптырмайтын ем.

ЖҮРЕК ҚАН-ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ.

Жүрек – адам өмірінің көзқайнары. Ол өзі арқылы 1 минутта 4 литр, жылына 3000 тонна қан жүргізіп отырады. Қан адам ағзасының ткандеріне тағам жеткізіп, керексіз заттарды шығарады. Сондықтан да, қан тамыры неғұрлым жақсы жұмыс істесе адам соғұрдым жұмысқа қабілетті, белсенді, денсаулығы мықты болып келеді. Фитобөке жүрек қан-тамырларына әсер етуі төмендегідей: жүйелендіретін капилярлардың санын ұлғайтады, қан тамырының жүруін жылдамдатады, қанның артерия арқылы жүруін жеңілдетеді, өйткені тұрып қалған қанды шығарып қан тамырының резервте тұрған жүйесін іске қосады. Қанның жылдамдауы жақсы термореттеуге алып келеді, ағзаның түрлі күйзеліс жағдайларына қарсы тұра алуына ықпал етеді.

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ.

АдаМ ағзасының тыныс алу жағдайы тікелей өкпеге байланысты. Өкпе қоршаған ортамен газ алмасу жүйесін реттейді. Адам өміріне қажетті газдарды жұтып, қажет еместерін өңдеп сыртқа шығарып отырады. Фитобөшкенің жоғарғы қысымды температурасы тыныс алудың шырышты қабықтарын тітіркендіреді. Оның әсер ету күші фитобөшкенің және ағзаның жекелей сипаттамаларына байланысты. Түрлі шөптерден дайындалған буды қабылдау тыныс алу жолдарының қызметін жақасартады, белсендіреді, адам денесінің термреттеуіне, одан тердің шығуына әсер етеді. Оттегін қажет ету күшейе түседі, көміртегі газының ағзадан сыртқа шығуы 100 есеге артады. Сонымен қатар, түрлі шөптермен, эфир майлармен, фитонцидалармен ингаляция процедурасы жүреді. Фитобөшкенің әсерінен шырышты қабықшалардың ісінуі, тыныс алу жолдарының  қысылуы төмендейді, тыныс алу бұлшықтары тынышталады, бронхалар кеңейеді, тыныс алу ткандері қалпына келеді, омыртқалар сегменттері мен қабырға-омыртқа суставтарының қозғалысы жақсарады. Фитобөшке тыныс алу жолдары ауруларын алдын алу мақсатында таптырмайтын процедура. Жоғарғы қысымды температура вирустар мен микробтарды жояды, тыныс алу жолдарын, эндокринді жүйелерді белсендіреді. Адам ағзасын жақсартып, жұқпалы аурулардың алдын алады.

ТЕРІ.

Ересек адамның терісінің аумағы шамамен 1,5-тен 2 шаршы метрге дейін құрайды. Терінің сыртқы көрінісі адам ағзасының, денсаулығының жағдайын білдіреді. Адам терісі жағымсыз сыртқы жағдайлардан қорғайды, қоршаған ортаның әсерін реттеп отырады. Адам өмірінде ең маңызды орынды теріні күту алады. Теріде қан тамырлар, лимфатикалық сосудтар, тер және май бездері, нервтар бар. Осылардың барлығы  фитобөшке мен SPA капсулалардың әсерінен белсене түседі. Фитобөшкеде тердің шығуы көбейеді, тердіден ылғалдың шығуы жылдамдатылады. Осының әсерінен адам ағзасына тағам және дәрі-дәрмектермен кірген улы заттар, токсиндер термен бірге сыртқа шығады. Фитобөшке ішінде отырғанда терінің тез сіңіргіш қасиетінің арқасында әр түрлі адам ағзаларына пайдалы әсерлер жүреді. Фитобөшке ішінде терінің барлық жүйелері белсене түседі. Эпидермистің құрғақ қабыршақтары түседі, терінің микроорганизмдері азаяды. Псориаз ауруын емдеуге әсерін тигізеді. Фитобөшкені жүйелі түрде қабылдаса адам терісінің жасаруы байқалады. Ұсынылатын емдік курсы – 21 процедура.

БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІ.

Фитобөшке мен SPA капсула бұлшық еттер жүйесінің ауруларын емдеуге үлкен әсерін тигізеді, оның қалпына келуіне және жұмыс істеуіне пайдалы. Адам үш түрлі бұлшық ет жүйесі бар: жүрек бұлшық еті, тегіс бұлшық еттері, көлденең-жолақ (қаңқа) бұлшық еттері. Қарапайым адамда көлденең-жолақ бұлшық ет құрамы салмағының 40%-ын құрайды, ал спортшыларда 50%-дан жоғары. Бұл бұлшық еттер дененің қалпын ұстайды, қозғалысқа түсіреді, тыныс алуға, бет пен көздің түрлі қозғалыстарына жауап береді. Бұлшық еттер тек қана қозғалысқа түсіп қана қоймай, ол рецепторлық ағза болып табылады. Бұлшық ет рецепторларынан жұлынға, бас миының қабығын қоса алғанда, одан әрі орталық нерв жүйесіне ақпараттар жіберіледі. Фитобөшке және SPA капсула нерв пен бұлшық ет байланысын реттетуге жақсы әсерін тигізеді, бұлшық ет ткандері жасушаларының жүйесіне оттегі қорегі түсуіне, оны реттеуге ықпал етеді. Фитобөшкеде бұлшық ет шаршауы басылады, оның жұмыс істеу қабілеті қалыптасады, бұлшық ет жүйесінің ретке келуі белсене түседі. Ауыр жұмыс кезінде, спорттық жарыстарға дайындалу кезінде Фитобөшке ауыртпашылықты, шаршап-шалдығуды, ауырсынуды төмендетеді, керісінше бұлшық еттер белсенді болып, жұмсарып, икемді қалыпқа келеді.  Фитобөшке процедурасын дене уқалаумен біріктіріп отырып қабылдаса ең жақсы нәтиже береді. Өйткені, фитобөшке бұлшық еттерді жаттықтырушы, күш-қуатты молайтушы, төзімділікті ұлғайтушы болып табылады.

БУЫН БАЙЛАМДАРЫ АППАРАТЫ.

Сүйек пен байламдар бұлшық еттермен қосылып тірек-қозғалыс аппаратын құрайды. Осы ретте сүйек қорғаныс жүйесін атқарады, ішкі ағзаларды сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайтын каркас ретінде, минералдық зат алмасу ролін атқарады. Фитобөшке мен SPA капсула тірек-қозғалыс аппаратынының дұрыс қызмет істеуін реттейді, жақсартады. Осы ретте түрлі сүйек ткандерінің өзгеріске түсуінің алдын алады, жарық, сынық немесе жара кезінде сүйектің тез жазылып, қатайып кетуіне оңтайлы әсерін береді. Фитобөшкенің әсерінен буындардың қозғалысы артады, буын байламдарының икемдігі жақсарады. Фитобөшке қабылдағаннан кейін түрлі ісіктер, томпаюлар кетеді, себебі фитобөшке қан тамыры мен лимфаның жұмысын арттырып, буындардың қайта қалыпқа келуіне алып келеді.

АДАМНЫҢ БАСҚА ДА АҒЗАЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ.

Фитобөшке мен SPA капсула адамның басқа да ағзалары мен жүйелеріне жағымды әсерін береді. Көп мөлшердегі тердің денеден шығуы бүйректің жұмысын жеңілдетеді, адам ағзасында су балансы реттеледі. Фитобөшке мен SPA капсулалар бүйрек үсті қабаттардың, қалқанша безінің, жыныс ағзаларының жұмысын белсендіреді, зат алмасу процесі жақсарады, көп ылғалды жоғалтудың әсерінен қанға қажетті микроэлементтер қалпына келеді. Фитобөшке мен SPA капсула еркектің қауқарын арттырады. Кешенді процедура зат алмасуға: газ, ақуыз, минералдар алмасуын күшейтеді, адам ағзасынан азоттық заттарды, органикалық емес фосфорды, натрий хлоридті, несеп қышқылын, ауыр жұмыстан кейінгі сүт қышқылын шығаруды реттейді. Фитобөшке мен SPA капсула процедура кезінде де және одан кейін де ағзаның зат алмасу жұмысының реттелуінің арқасында артық салмақты түсіруге әсерін тигізеді.

Хабарласу