+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

31.10.2015 НЕМЕРЕМІЗ СӨЙЛЕП ЖҮР!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Дүниеге он екі мүшесі сау баланы әкелуді әр ана армандайды ғой. Аурудың өзі  – күрес демей ме? Сол күресте ауруды жеңген ана бақытты.  «Алла солай жаратты екен, қайтеміз» деп, қол қусырып отыруға болмайды. Олай етсек – біздің ана болғанымыздан не пайда?

Дүниеге он екі мүшесі сау баланы әкелуді әр ана армандайды ғой. Аурудың өзі  – күрес демей ме? Сол күресте ауруды жеңген ана бақытты.  «Алла солай жаратты екен, қайтеміз» деп, қол қусырып отыруға болмайды. Олай етсек – біздің ана болғанымыздан не пайда?

Келінім екінші баланы босанғанда  аяқ-қолы сап-сау, әп-әдемі сәбиді сыйлап еді. Уақыт өте келе оның сөйлей алмайтындығын байқадық. Жергілікті дәрігерлерге көрсеттік. Диферактивті неврологиялық синдром деген диагноз қойып, көп уақыт дәрі-дәрмектермен емдеді.

Кейіннен Алматыда «Жас-Ай» деген орталықтың бар екенін естіп, көптеген аурулардың жазылып жатқаны туралы мәліметтер алдық. «Біздің де баламыз сөйлеп кетер» деп қатты үміттендік.
Сол үмітіміз қазір ақталды. Бұл – біздің Шымкент қаласынан төртінші рет келуіміз. Алғашқы курсынан-ақ сөйлей бастаған болатын. Тек қана «папа, апа, ата» деген сөздермен шектеліп жүрді. Қазір мінекей, өлең айтып, тақпақтар айтатын дәрежеге жеттік. Кейде тіпті, «қойшы, айналайын» деп, жекіп тастайтын да болдық қой… Сөйлеуі нашар балаларға арналған түзеу үлгісіндегі балабақшаға бір жыл барғанбыз. Ондағы дәрігерлер сөйлеп қалған  немеремізді  «кәдімгі балабақшада жүре алады» деп  жіберді.  Сөйтіп, біздің әулетіміз  үшін бұл үлкен қуаныш болды.
Осының бәрі әрине, алтын иненің әсері. Ең алдымен «Жас-Айға» қарай жол ашқан Аллаға мың да бір шүкіршілік! Осындай үлкен ғимаратты орталық ашып, халықтың денсаулығын жақсартуға күш салып, еңбек етіп жүрген азамат Жасан Зекейұлына зор денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Балалар дәрігері ақ халатты абзал жан – Айгүл Оңдасқызына да алғысымыз шексіз! Алтын ине ұстаған қолдарыңыз дерт көрмесін.

Марат Дамирдің әжесі – Алтын ДӘРІХАНОВА,

Шымкент қаласынан

 

Хабарласу