+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71

Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

Инемен емдеу

Орналасқан нүктелерге емдеу мақсатымен механикалық және теримиялық әсер ету. шығыс-тибет ұғымы бойынан адам ағзасында 14 меридиан бар:12 жұп және 2 тақ. Бүгінгі күні адам денесінде мыңнан астам акупунктуралық нүктелер бар. Шығыс-тибет медицинасында ауруды анықтаудың 4 диагностикалық әдісі бар:

  1. Қарап тексеру (ағзаның жалпы күшін қарау, терінің түсі, беттің түсі, көзді қарау, мұрын, ерін, шаш, зәр мен нәжісін қарау);
  2. Науқасты сұрап тексеру: ауру сезімінің түрі, орналасқан жері, таралатын жері.
  3. Науқасты тыңдау мен иіскеу;
  4. Тамыр ұстау диагностикасы.

«Жас-Ай» медициналық орталығы бүгінде қанатын кеңге жайған, мыңдаған адамды ауру азабынан айықтырған, еліміз бен алыс-жуықтағы шетелге танымал ауруханаға айналды. Бүгінде 5 қабаттан тұратын 60 төсектік аурухана салдырып, озық медициналық жабдықтармен жабдықталған ірі медициналық орталық ретінде қалыптасты. Бұл жетістікке Бас дәрігер, академик Жасан Зекейұлы өзінің адал еңбегімен бірге, әсіресе, өзінің отанға деген сүйіспеншілігі мен халықтың сенімінің арқасында жетті. Еліміз бойынша медициналық кластер жүйесі негізінде алғашқылардың бірі болып қызмет түрін көрсететін «Жас-Ай» медициналық орталығы 10 жылішінде жалпы саны 40 мыңнан астам науқасқа ем-дом жасалып, 7 мың адамға тегін ем көрсетті.

Көптеген инсульттан салданған адамдарды орнынан тұрғызып, мешел(ДЦП) балаларды ауруынан айықтырды. Одан бөлек 500-ге жуық отбасыға бала сүю бақытын сыйлап, ұлтымыздың демографиясына зор үлес қосып келеді.

Жас-Ай шығыс-тибет медицина орталығында келесі ауру түрлерін инемен емдеп жазады: 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

Фитобөшке мен SPA капсуланың нерв жүйесіне әсері қантамырлардың перифириялық кеңеюімен түсіндіріледі: терінің, тері асты жасушалардың, бұлшық еттердің. Қан мидан шығып, оның қабығының белсенділігі төмендейді, тежелу пайда болады, тынышталу күйіне енеді. Фитобөшке мен SPA капсуланың әсері көбінше нерв жүйесі арқылы іске асады. Фитобөшке мен SPA капсуланың әсері нерв жүйесінің өзнеруіне ықпал етеді, нақтырақ айтқанда: шапшаңдық, айқындық, әсердің ұзақтығы. Процедураны бірнеше рет қайталау нәтижесінде көптеген жақсарулар байқалады: адам ағзасы үйрене бастайды, қызмет етуі белсене түседі. Сонымен қатар, шартты және шартсыз рефлекстерді нақтылау да қажет. Орталық және вегетативтік нерв жүйелеріне айқын әсері байқалады. Фитобөшке мен SPA капсула вегетативтік нерв жүйесін реттейді, кемшіліктерді жояды, әрі күйзеліс жағдайын жеңілдетеді. Бұл процедура кезінде нейроэндокриндік жүйесі белсене түседі және адам ағзасына әр түрлі деңгейдегі гомондардың бөлінуіне ықпал етеді. Адамның ағзасын түрлі күйзелістерге қарсы тұра алатындай жаттығу жасайды. Сондықтан да фитобөшкені унемі қабылдайтын адамдар төзімді, жұмысқа қабілеті белсенді болып келеді. Фитобөшке мен SPA капсуланы қабылдаған адамдар әр түрлі қиыншылқтардан, ауыр ойлардан арылады. Фитобөшке мен SPA капсула түрлі күйзеліс жағдайын жоюда таптырмайтын ем.

ЖҮРЕК ҚАН-ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ

Жүрек – адам өмірінің көзқайнары. Ол өзі арқылы 1 минутта 4 литр, жылына 3000 тонна қан жүргізіп отырады. Қан адам ағзасының ткандеріне тағам жеткізіп, керексіз заттарды шығарады. Сондықтан да, қан тамыры неғұрлым жақсы жұмыс істесе адам соғұрдым жұмысқа қабілетті, белсенді, денсаулығы мықты болып келеді. Фитобөке жүрек қан-тамырларына әсер етуі төмендегідей: жүйелендіретін капилярлардың санын ұлғайтады, қан тамырының жүруін жылдамдатады, қанның артерия арқылы жүруін жеңілдетеді, өйткені тұрып қалған қанды шығарып қан тамырының резервте тұрған жүйесін іске қосады. Қанның жылдамдауы жақсы термореттеуге алып келеді, ағзаның түрлі күйзеліс жағдайларына қарсы тұра алуына ықпал етеді.

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

Адам ағзасының тыныс алу жағдайы тікелей өкпеге байланысты. Өкпе қоршаған ортамен газ алмасу жүйесін реттейді. Адам өміріне қажетті газдарды жұтып, қажет еместерін өңдеп сыртқа шығарып отырады. Фитобөшкенің жоғарғы қысымды температурасы тыныс алудың шырышты қабықтарын тітіркендіреді. Оның әсер ету күші фитобөшкенің және ағзаның жекелей сипаттамаларына байланысты. Түрлі шөптерден дайындалған буды қабылдау тыныс алу жолдарының қызметін жақасартады, белсендіреді, адам денесінің термреттеуіне, одан тердің шығуына әсер етеді. Оттегін қажет ету күшейе түседі, көміртегі газының ағзадан сыртқа шығуы 100 есеге артады. Сонымен қатар, түрлі шөптермен, эфир майлармен, фитонцидалармен ингаляция процедурасы жүреді. Фитобөшкенің әсерінен шырышты қабықшалардың ісінуі, тыныс алу жолдарының қысылуы төмендейді, тыныс алу бұлшықтары тынышталады, бронхалар кеңейеді, тыныс алу ткандері қалпына келеді, омыртқалар сегменттері мен қабырға-омыртқа суставтарының қозғалысы жақсарады. Фитобөшке тыныс алу жолдары ауруларын алдын алу мақсатында таптырмайтын процедура. Жоғарғы қысымды температура вирустар мен микробтарды жояды, тыныс алу жолдарын, эндокринді жүйелерді белсендіреді. Адам ағзасын жақсартып, жұқпалы аурулардың алдын алады.

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

Ересек адамның терісінің аумағы шамамен 1,5-тен 2 шаршы метрге дейін құрайды. Терінің сыртқы көрінісі адам ағзасының, денсаулығының жағдайын білдіреді. Адам терісі жағымсыз сыртқы жағдайлардан қорғайды, қоршаған ортаның әсерін реттеп отырады. Адам өмірінде ең маңызды орынды теріні күту алады. Теріде қан тамырлар, лимфатикалық сосудтар, тер және май бездері, нервтар бар. Осылардың барлығы фитобөшке мен SPA капсулалардың әсерінен белсене түседі. Фитобөшкеде тердің шығуы көбейеді, тердіден ылғалдың шығуы жылдамдатылады. Осының әсерінен адам ағзасына тағам және дәрі-дәрмектермен кірген улы заттар, токсиндер термен бірге сыртқа шығады. Фитобөшке ішінде отырғанда терінің тез сіңіргіш қасиетінің арқасында әр түрлі адам ағзаларына пайдалы әсерлер жүреді. Фитобөшке ішінде терінің барлық жүйелері белсене түседі. Эпидермистің құрғақ қабыршақтары түседі, терінің микроорганизмдері азаяды. Псориаз ауруын емдеуге әсерін тигізеді. Фитобөшкені жүйелі түрде қабылдаса адам терісінің жасаруы байқалады. Ұсынылатын емдік курсы – 21 процедура.

БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІ

Фитобөшке мен SPA капсула бұлшық еттер жүйесінің ауруларын емдеуге үлкен әсерін тигізеді, оның қалпына келуіне және жұмыс істеуіне пайдалы. Адам үш түрлі бұлшық ет жүйесі бар: жүрек бұлшық еті, тегіс бұлшық еттері, көлденең-жолақ (қаңқа) бұлшық еттері. Қарапайым адамда көлденең-жолақ бұлшық ет құрамы салмағының 40%-ын құрайды, ал спортшыларда 50%-дан жоғары. Бұл бұлшық еттер дененің қалпын ұстайды, қозғалысқа түсіреді, тыныс алуға, бет пен көздің түрлі қозғалыстарына жауап береді. Бұлшық еттер тек қана қозғалысқа түсіп қана қоймай, ол рецепторлық ағза болып табылады. Бұлшық ет рецепторларынан жұлынға, бас миының қабығын қоса алғанда, одан әрі орталық нерв жүйесіне ақпараттар жіберіледі. Фитобөшке және SPA капсула нерв пен бұлшық ет байланысын реттетуге жақсы әсерін тигізеді, бұлшық ет ткандері жасушаларының жүйесіне оттегі қорегі түсуіне, оны реттеуге ықпал етеді. Фитобөшкеде бұлшық ет шаршауы басылады, оның жұмыс істеу қабілеті қалыптасады, бұлшық ет жүйесінің ретке келуі белсене түседі. Ауыр жұмыс кезінде, спорттық жарыстарға дайындалу кезінде Фитобөшке ауыртпашылықты, шаршап-шалдығуды, ауырсынуды төмендетеді, керісінше бұлшық еттер белсенді болып, жұмсарып, икемді қалыпқа келеді. Фитобөшке процедурасын дене уқалаумен біріктіріп отырып қабылдаса ең жақсы нәтиже береді. Өйткені, фитобөшке бұлшық еттерді жаттықтырушы, күш-қуатты молайтушы, төзімділікті ұлғайтушы болып табылады.

БУЫН БАЙЛАМДАРЫ АППАРАТЫ

Сүйек пен байламдар бұлшық еттермен қосылып тірек-қозғалыс аппаратын құрайды. Осы ретте сүйек қорғаныс жүйесін атқарады, ішкі ағзаларды сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайтын каркас ретінде, минералдық зат алмасу ролін атқарады. Фитобөшке мен SPA капсула тірек-қозғалыс аппаратынының дұрыс қызмет істеуін реттейді, жақсартады. Осы ретте түрлі сүйек ткандерінің өзгеріске түсуінің алдын алады, жарық, сынық немесе жара кезінде сүйектің тез жазылып, қатайып кетуіне оңтайлы әсерін береді. Фитобөшкенің әсерінен буындардың қозғалысы артады, буын байламдарының икемдігі жақсарады. Фитобөшке қабылдағаннан кейін түрлі ісіктер, томпаюлар кетеді, себебі фитобөшке қан тамыры мен лимфаның жұмысын арттырып, буындардың қайта қалыпқа келуіне алып келеді.

АДАМНЫҢ БАСҚА ДА АҒЗАЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ

Фитобөшке мен SPA капсула адамның басқа да ағзалары мен жүйелеріне жағымды әсерін береді. Көп мөлшердегі тердің денеден шығуы бүйректің жұмысын жеңілдетеді, адам ағзасында су балансы реттеледі. Фитобөшке мен SPA капсулалар бүйрек үсті қабаттардың, қалқанша безінің, жыныс ағзаларының жұмысын белсендіреді, зат алмасу процесі жақсарады, көп ылғалды жоғалтудың әсерінен қанға қажетті микроэлементтер қалпына келеді. Фитобөшке мен SPA капсула еркектің қауқарын арттырады. Кешенді процедура зат алмасуға: газ, ақуыз, минералдар алмасуын күшейтеді, адам ағзасынан азоттық заттарды, органикалық емес фосфорды, натрий хлоридті, несеп қышқылын, ауыр жұмыстан кейінгі сүт қышқылын шығаруды реттейді. Фитобөшке мен SPA капсула процедура кезінде де және одан кейін де ағзаның зат алмасу жұмысының реттелуінің арқасында артық салмақты түсіруге әсерін тигізеді.

Хабарласу