+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Жақсы адам – елдің ырысы

 

Жігітке дәулет те көп, байлық та көп,
Қызығы дүниенің – есен-саулық.
Төреқожа Ханқожаұлы

 

 

 

Расында адам үшін денсаулықтан бағалы ешнәрсе  жоқ. Тәннің саулығына ең жақсы шипа – жақсы сөз, сергек  көңіл-күй  мен  мейірімділік.  Мейірімділік жылудан тарайды.  Науқастарға шын көңілмен күн көзінен де әсері мол жүрек жылуын ұсынған, өнегесі өзгеше, шапағаты мол, исі қазақ елінің денінің саулығын жақсартуға үлес қосып,  тәуелсіз мемлекетіміздің ырыс-құтын арттырып отырған игі  жақсыларымыздың бірі – Жасан Зекейұлы дер едік. Жасан ағаның көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы көп тиді, әлі де тие бермек. Бұл сөзімізге «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығына келіп, жан жылуына бөленіп, дауалы емін қоса алған 40 мыңнан астам емделушінің Жасанға айтқан ақ тілегі дәлел бола алады. Соның бірқатарына тоқталсақ. Қалампыр апа мен Қайрат аға Ақтөбе облысы Шұбарқұдық елді мекенінің тұрғындары.  Қалампыр апа мұнда қан қысымының жоғарылауы, пиелонефрит, бүйрек, бауырда тас байлануы, буын ауруларынан айығады. Ал инсульт алып, қимыл-қозғалыссыз  қалған Қайрат аға мұнда келіп, нәтижелі ем алғаннан кейін үйіне өз аяғымен жүріп қайтады. 5 жасында көшедегі қапқан иттен қатты шошынып қалған қарағандылық Алтынай Смағұлова да емін осы жерден табады. Оған «эпилепсия» деген диагноз қойылған.  Алтынай мектепте оқып жүргенде эпилепсиялық ұстамалары жиі ұстапты. Кез келген жерде талып қалады, сіңірі тартылады, ес-түссіз жатады. Жасы ұлғайған сайын ауруы да үдере түседі. 19-20 жасында эпилепсиялық құрысулары  жылына 7-8 рет ұстапты. Бірақ Жасанның орталығына келіп,  3 курстық ем алғаннан кейін бойында ерекше өзгерісті байқап, өзін бақытты сезінеді. «Жас-Ай» орталығына дәл осы диагнозбен Алматы облысы Қазмыс ауылының тұрғыны  Жұлдыз Болатбекқызы Сәлімханова да келеді. «қояншық» деген қиын дерттен ол да сауығады. Алматылық Биғайша Шоқанованың диагнозы–остеопороз, яғни сүйек сынуы болып табылатын сүйек  ұлпаларының ауруы. Шығыстың шипалы емінен кейін сүйек тініндегі минералды заттар көбейіп, сүйектері қатаяды, беріктігі артады, күш-қуаты молаяды, асқазанының қызмет етуі жақсарады,  тамаққа тәбеті ашылады, ұйқысы реттеледі, сүйектерінің сыздап-сырқырауы басылады. Құяң (радикулит), бел-омыртқа жарығы диагнозымен жер басып жүре алмай қалған Қали Рахметов те небәрі үш күн ішінде қызметіне оралып, әріптестері мен отбасын қуанышқа бөлейді. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Алма да мұнда бронх демікпесі, қалқанша бездің қабынуы, қылтамақ, қан қысымының жоғарылауы сынды бірнеше дертпен келген еді. Үш курстық емнен кейін еліне денсаулығы түзеліп, көзі күлкіге толып, жаны жадырап оралады. Мұның бәрі алдымен Алланың қолдауының, одан кейін  елінің жігері,  қоғамның тірегі бола білген, ойы озық, мейірімі көл-көсір, сөзі де, ісі де ірі, жаны мен қолы бірдей таза Жасан Зекейұлы мен оның шәкірттерінің орасан зор еңбегінің арқасында. Жасанның ел арасында Төле бидей болмаса да, төбе бидей баянды беделінің болуы елге жасаған осындай мол шапағатының арқасында деп білемін. Жасан халқын «басты байлығым» деп бағаласа, халқы Жасанды «біртуар асыл азаматым» деп еркелетеді. Осы атақ-абройыңыз мәңгі арта берсін, Жасан аға!

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

Жәке мәңгі жасаңыз!

 

(Шығыс-тибет дәрігері Жасан Зекейұлына)

Ықыласына елдің бөленіп,

Жылы лебізге кенеліп,

Жүрген Жәкең жайында,

Көрейін мен де жыр өріп.

Ел әркімге сене ме?

Текке бата бере ме.

Жұрт сүйсінген жақсыны,

Жырламайын мен неге.

Қайғырғанды қуантқан,

Жылағанды уатқан.

Алып шыққан құлатпай,

Сүрінгенді сынақтан.

Көздің жасын бұлатқан,

Тәңірінен сұратқан.

Мен өзіңді сенсеңіз,

Құдірет пе деп қалам.

Не болса да көнейін,

Өз тілімнен көрейін.

Сауығып жатса сырқатың,

Құдірет демей не дейін.

Әнге сізді қосамыз,

Алыс кетсең тосамыз.

Жадыратқан жанымды,

Жәке, мәңгі жасаңыз!

 

Нұрперзент ДОМБАЙ

«Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары

 

Балалардың ақыл-ой кемістігі. Даун синдромы

Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық бұзылу ретінде сипаттайды. Синдромның «Даун» деп аталуы да сондықтан. Бірақ ағылшын ғалымы оны монголоидтықтарға ғана тән деп санап, «монголизм» деп атады. ХХ ғасырдың орта шенінде  Даун синдромымен барлық нәсіл өкілдерінің ауыратындығы белгілі болды. Осы тұста синдром генетикалық және тұқымқуалаушылық факторлардың, сонымен қатар нәрестенің дүниеге келу кезінде болатын түрлі зияндар мен зақымдардың салдарынан пайда болады делінді. Даун синдромының неден  пайда болатынын 1959 жылы француз ғалымы Жером Лежен анықтады. Ол 21-хромосоманың трисомиясына байланысты деген тұжырымға келді.  Яғни даун синдромы гаметалардың (аналық жасушалардың және аталық ұрықтардың) түзілуі кезінде хромосомалардың бөліну процесінің бұзылуынан болады. Адамда 21-ші жұп хромосомада 46-ның орнына 47 хромосома болса, Даун ауруы пайда болады. Демек хромосомалардың нормадан тыс ауытқуынан пайда болады.  Бұл ауруға қыздар мен ұлдар бірдей шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, даун синдромы жаңа туылған 700-800 нәрестенің ішінде біреуінде кездеседі. Бірақ соңғы кездері заманауи медицинаның арқасында  бұл көрсеткіш біраз жақсарды.

 

Жалпы балалар ақыл-есiнiң кемістігі туа бітті немесе жүре пайда болады. Туа  пайда болған ақыл-естің артта қалуына даун синдромы, яғни гендiк ауру жатады. Ал жүре пайда болған ақыл-ой қабілетінің артта қалуы көбіне бала жатырда даму кезiнде зиян келуден, дұрыс босанбаудан немесе туылғаннан кейінгі факторлар әсер етеді. Бір ғана мысал, жүкті әйел қан аздықпен ауырмауы тиіс. Өйткені анемия  жатырдағы баланың бас миының дамуын тежеуге әсер етедi. Қан аздықтың басты себептерінің бірі — ағзада темір және фолий қышқылының жетіспеуі болып табылады. Фолий қышқылы немесе В9 дәрумені гемоглобин синтезі үшін, амин қышқылдары және серотин мен норадреналин синтезі үшін де аса қажет.  Отандық мамандар  даун синдромы көбіне ата-аналардың ағзасында (ел тұрғындарының 30 пайызында) фолий қышқылының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Дәлірек айтсақ, кез келген адамның ағзасында адамның тіршілік етуіне  қажетті  фолий қышқылының өндірілуі жүреді. Ол ДНК синтезінде қатысады, ал бұл жыныс жасушаларының  дұрыс бөлінуі үшін  және жүктіліктің ерте кезеңдерінде ұрық ағзаларының қалыптасуы үшін қажет.  Екіншіден, фолий қышқылы күшті антимутаген болып табылады, яғни, жасушаларды, әсіресе, жыныс жасушаларын сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды. Үшіншіден, бұл қышқыл жанама түрде қан ұюына қатысады. Сондықтан оның жеткіліксіз болуы қауіпті. Аяғы ауыр келіншектер, дәрігер-гинекологтардың қабылдауында жиі болып, қан талдауларын уақытылы тапсырып, қажетті дәрумендерді ішіп тұруы тиіс.  Ал босану кезіндегі кемістіктер, біріншіден, ананың кiшi жамбас қуысының  қалыптан тар болуымен тығыз байланысты. Яғни өзінің жай-күйін білетін нәзік жандылар дәрiгер-гинекологқа жиі қаралып, баланың дұрыс өсіп-жетілуін қадағалап отырғандары дұрыс. Екіншіден, жатыр ішіндегі баланың ірі болуы. Оны ультрадыбыстық зерттеудің (УЗИ) көмегімен білуге болады. Үшiншiден, баланың кiндiгiнiң мойнына оралып туылуы. Төртiншiден, баланың жамбаспен келуi және аналардың әртүрлi жұқпалы аурумен ауыруы. Бала дүниеге келгеннен кейінгі кемістіктерге бас-ми жарақаты, нейроинфекция, әртүрлі  уланулар жатады. Сондықтан кез келген ата-ана баласының дұрыс өсіп-жетілуін,  дамуын қадағалап, болуы мүмкін қауіптерден қызғыштай қорғап отыруы қажет.

Даун синдромының пайда болуына қоршаған орта, экологиялық, климаттық жағдай, мемлекеттердің хал-ахуалы, ата-анасының әрекеттері еш әсер етпейді. Мәселен даун синдромымен балалар дамыған және кедей мемлекетте де,  бай немесе тұрмысы төмен, академиктердің немесе құрылысшылардың да, президенттердің немесе жұмыссыздардың да отбасында дүниеге келе береді. Бірақ ата-анасының жасы ықпал етуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, даун синдромы жасы ұлғайған аналардан көбірек туылады. Мәселен, егер 20-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 1562-ге бір сәбиден болса, жасы 35-39 аралығындағы әйелдерде 214-ке бір сәбиден, ал жасы 45 жастан асқандар арасында ықтималдылық 19-ға бір сәбиден келеді. Соңғы деректер ер адамның жасы да Даун синдромының пайда болуына ықпал ететіндігін көрсетеді.  Мысалы, жасы 42 жастан асқан ер адамның балаларында Даун синдромының пайда болуы ықтималдылығы артады.

Мұндай  аурумен туылған балалардың көбіне басы сүйір, жаңа туған нәрестенің мойны қатпар,  маңдайы тар, беттерi жалпақ,  ерні жуан, тілі жалпақ әрі жуан, көздің қасаң қабығында дақтар (Брушфельд дақтары) байқалады, көздерiнiң көлемi кiшкентай, шынашақтары қысқа әрі қисық, тек екі бүгу сызығы болады. Саусақтары және алақан сызықтары өзгеше келеді. Тістері дұрыс өспейді, таңдайы биік болады. Шашы сирек, нәзік, түзу болады. Бұл белгiлерді нәресте туылған сәттен-ақ байқауға болады немесе сәби өсе келе анық бiлiне бастайды. Даун синдромымен туылған балалардың иммунитеті төмен болады, сондықтан олар ауырғыш келеді. Мәселен, пневмониямен жиі ауырады әрі түрлі инфекцияларды жұқтыруға ағзасы бейім болады. Сондай-ақ олар туабітті жүрек ауруларымен де ауыруы мүмкін.        Асқорыту жүйелерінде де  кінәрат табылады. Десек те қазіргі заманғы медицинаның дамуының арқасында бұл аурумен ауырған адамдар елуді еңсеріп, ел ағасы болуға мүмкіншілігі зор. Отбасын құрып, өз түтінін түтетіп отыруға да қабілетті. Бірақ ер азаматтардың көбі бала сүю қабілетінен айрылады. Қыз-келіншектерде етеккір тұрақты келіп тұрады. Даун синдромы бар әйелдердің  елу пайызы ұрпақ жалғастыруы мүмкін, бірақ ауру тұқым қуалауы да ықтимал. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталықтарда жаттығады. Жүріп, сөйлеп, жазып-сызып үйренеді, білім алады. Сабақ баланың ойлау санасы мен дамуына байланысты жүргізіледі.

Статистика: 2009 жылы Қазақстанда Даун синдромымен 284 бала дүниеге келген.

Жанна Абайқызы

 

Суды көп ішуден де адам уланады

Аптап ыстық кезінде денеден термен бірге көп мөлшерде натрий тұзы сыртқа шығады. Бұл кезде мөлшерден тыс тұзсыз су ішу қанды сұйылтып жібереді. Су клетка пердесі арқылы клетка ішіне өтіп, клетка сулы ісігін келтіріп шығарады да, судан улану туылады. Сондықтан көп мөлшердегі суды бір жолда бір-ақ ішпей, аз-аздан бөліп ішкен дұрыс. Сонымен қатар, тұзды дер кезінде толықтап отыру керек. Суға лайықты мөлшердегі тұзды қосып ішсе, тер арқылы сыртқа шыққан тұздың орнын толықтыруға болады.

 

Жаз күндері күн өте ыстық кезінде өте мұздай су ішу де денсаулыққа зиян. Ауа райының ысуына қарай адам денесінің қызуы да бірге жоғарылайды. Мұндайда көп мөлшерде мұздай су ішкенде ас қорыту жүйесінде шұғыл характерлі қабыну аурулары пайда болуы мүмкін.

Тамақ тізім дәптеріндегі бактериялар

Ресторан, кафе және басқа да асханаларға барғанда тамақ тізім дәптерін қолға алып, тамақ бұйыртамыз. Үнемі қолдан-қолға өтіп жүретін осы тізім дәптерінде сансыз көп бактерия болатынын ешкім де ескермейді. Көп адам бұл жағдайды ескермегендіктен бактерия жабысқан қолымен ас ұстап, нан арқылы немесе басқа да жемістер арқылы сансыз бактерияларды жұтып үлегереді.

Тамақ тізім дәптерін көп адам ұстайтындықтан онда көптеген вирус және бактериялар болады. Айталық, жуан ішек таяқша бактериясы, зең бактериясы, формасы өзгерген басқа да сан алуан ауру қоздырғыш бактерия түрлері бар әрі  оны көп адам қолдан-қолға өткізіп ұстайтындықтан, ондағы бактериялардың жұғымдалу мүмкіншілігі де күшті болады. Сондықтан қажетті тамағыңызды бұйыртып болғасын қолыңызды жууды ұмытпаңыз.

Дәрі-дәрмектің кері әсері

Дәрінің кері әсері дегеніміз – оны дұрыс ішіп, дозасын асырмай қолданса да туылатын ерекше жағдай. Дәрінің улылығы, аллергиялық әсері т.б. оның кері әсеріне жатады. Әуелі дәрінің кері әсері ерекше ауыр болғанда өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Дүние жүзі Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда ауруханаға жатқан науқастардың 10-20 пайызы дәрі-дәрмектердің кері әсерімен қатысты болады әрі олардың 3 пайызға жуығы жанынан айырылатын көрінеді. Ал көрші аспан асты елінде әр жылы аз дегенде 2 миллион 500 адам дәрінің кері әсерінен ауруханаға жатып, мөлшермен 500 мың адам осы себептен өледі екен.

Көптеген адамдар бақылап, тексеруден өткен дәрілер де кері әсер болмайды деп қарайды. Әрине, жаңа дәрінің клиникада қолданылуына көптеген орындар қатаң бақылау жасайды. Көп жағдайда жаңа дәрілер жануарларға берілу арқылы сынақтан өтеді әрі клиникада бақылау жүргізу уақыты өте қысқа болғандықтан сынақ жасалған науқастар біршама аз болады. Сондықтан мейлі шипагер, науқас болсын дәрінің әсеріне өте абай болған жөн.

ЖЕМЖЕМІЛДІҢ ЕМДІК РӨЛІ

Жемжеміл – астың дәмін келтіру үшін пайдаланылатын қышқыл дәмді өсімдік. Ал оның емдік қасиеті өз алдына бір төбе. Егер сіз ауыз қуысы жарасынан зардап шегіп жүрген болсаңыз, ыстық жемжеміл суын шай орнына пайдаланып, күніне екі-үш рет аузыңызды шайсаңыз көп өтпей-ақ бұл дерттен ада-күде айығатын боласыз. Жемжемілдің басқа да емдік қасиеттері төмендегідей:

Тіс түбі қабынуын басады

Тісті ыстық жемжеміл суымен жуған соң ыстық жемжеміл суын шай орнына күніне бір-екі рет шайқайсыз. Әдетте, алты рет шайғаннан кейін тіс түбінің қабынуы негізінен басылады. Жемжеміл суы жұтқыншақтың ісуіне де табылмайтын ем. Қабынуды басып, ісікті қайтарады.

Тіске қанқұрт түсудің алдын алады

Әр күні таңертең және кешке бір уақыт аузыңызды ыстық жемжеміл суымен шайып, күніне шай орнына бірнеше рет ішіп тұрсаңыз тісті қорғауға, тіске қанқұт түсуден сақтануға болады.

Бас ауруды басып, нерв әлсіздігінің алдын алады

Бас сақинасы ұстағанда ыстық жемжеміл суына қолыңызды 15 минут шамасында малып отырсаңыз ауырғаны біртіндеп басылады. Әр күні таңертең және кешке ыстық жемжеміл суынан бір-екі стакан ішіп тұрсаңыз, тынысыңызды жақсартып, рухыңызды серпілтеді. Үнемі ішіп тұрсаңыз нерв әлсіреу, бас айналу, мазасыздану сияқты дерттерге шипа болады.

Мастықтан сергітеді

Ыстық жемжеміл суын мастықта ішсеңіз қан айналысын тездетіп, денедегі спиртті қорытады. Азырақ бал араластырып ішсеңіз денеге тіке сіміріледі де, мастықтан айықтырады.

Беттегі дақты кетіреді

Әр күні таңертең және кешке бетті жемжеміл суымен тазалап жуып тұрса, мұны екі ай уақыт жалғастырса беттегі дақты азайтады немесе жоғалтады. Осы әдіс арқылы беттегі секпілден құтылуға және беттің құрғауынан сақтануға болады.

Қайызғақты кетіріп, шаш түсуді азайтады.

Әуелі жемжемілмен шашты сулап, онан соң ыстық жемжеміл суымен шашты жусаңыз қайызғақты кетіреді. Үнемі жуып тұру арқылы шаш түсуді емдеуге болады. Жемжеміл суына азырақ сірке су қосып күніне 15 минут айналасында аяғыңызды шылар болсаңыз, аяқтағы иіс-қоңыстарды кетіреді, егер оған азырақ тұз қосып аяғыңызды шылар болсаңыз жел-құздан болған тұмау, жөтелді де емдеуге болады.

Мамырбек Төкеш

 

Еріннің қалыпсыздығы ненің белгісі?

Ерін жырылу. Еріннің қоян ерні сияқты жырық болуы – тума кемістік.

 

Еріннің ісуі. Дымқыл ыстық дымкастығынан пайда болады.  Ас жақпаудан, сыртқы жарақаттан және қабынудың да осындай белгілері бар.

Ерін кеберсу. Көбінесе, ыстығы өте жоғары болған және басын бүркеп алып ұйықтаған адамдарда көп болады. Үнемі ернін бояп жүртіндерде ерін әсіре сезімталдығы пайда болады. Арақты көп ішетіндердің және созылмалы асқазан ауруы барлардың ерні кеберсіп кетеді.

Ерін баздану. Көбінесе, көкбауыр, асқазан қызбасы, созылмалы ішек, асқазан қабынуы барлардың ерні базданып тұрады. Жаңа туылған баланың ерні базданып кеткенде тұқым қуалаған мерез ауруына шалдыққан-шалдықпағанынан қырағы болу керек. Ерні қалыңдау. Нәресте баланың астыңғы-үстіңгі ерні қалыңдап, тілі аузына симай, маңдайының әжімі анық болып, бойы өспей, меңірейіп қалса – кем ақылдықтың белгісі.

Ерні дүрдию. Ерні дүрдиіп, мұрны қоңқайып, беті сопақ болып кету, көбінесе, қол-аяғының жуандағандығының белгісі. Ерні қалыңдап, тілі үлкейіп, беті көлкілдеп ағарып, түктері сиреу – қалқанша  без қызметі әлсірегеннің белгісі.

Ауызы жымырылу. Үстіңгі ерні мен астыңғы ерні қатты жымырылу – жаңа туылған баланың жел тиіп, салдануының типтік белгісі.

Аузында шашырамалы тарам-тарам дақ болу. Слекос ауруының, тума мерез ауруының белгісі.

Еріндеріне сулы бөрткен түсу. Созылмалы асқазан ауруына немесе өкпе қабыну ауруына шалдыққан кезде пайда болатын бөрткен.

Дәм сезу түйсігінің бұзылуы

 

Ауыз қуысында бөгде дәм пайда болуы – денеде ауру пайда болғандығының белгісі.

Аузы ашу. Бұл өт сұйықтығы секрециясына қатысты ауру. Бауырдың жедел қабынуы, өт қалтасы қабыну, ұйқы безінің созылмалы қабыну ауруларына шалдыққандарда көп кезігеді. Рак ауруына шалдыққандардың тәтті дәм түйсігі жойылатындықтан тамақ ашырқануы күн сайын үдей береді.

Запыран. Тамақ ішпеген кезде ауырыз запыран сасып тұру – асқазанның созылмалы қабынуы, асқазан, 12 елі ішек жарасы ауруларының белгісі.

Аузы кермек тату. Ауыр жұқпалы аурулардың, ұазақ уақыт қызып, қызуы қайтпағандардың аузы кермек татып тұрады; Рак ауруы барлардың ауызы ауруы асқынған кезде кермек татып тұрады. Кейде қатты болдырып, ұйқысы азайғанда да сондай белгілер болады.

Аузы шекер татып тұру. Ауызы шекер татып, тіпті, қайнаған судың өзі шекер татып тұру – қантты несеп ауруының немесе ас қорыту жүйесінің бұзылғандығының белгісі.

Аузы ашып тұру. Жоғары қан қысымы, нерв органдары қызметі ауруы, климатикалық мезгілдегі жалпылық ауру, ұзақ уақыт қызу ауруларының белгісі.

Тыныс алғанда күлімсі иіс шығу – қантты несеп ауруының белгісі.

Жабысқақ топырақ татып тұру – бауыр қатаю немесе бауыр қабыну қатарлы аурулардың белгісі.

Шірігіне күлімсі иіс шығу – тіс түбі қабынуынан пайда болуы мүмкін.

Әзірлеген Біләл Қуаныш

 

1.Сәлеметсіз бе, Жасан мырза! Сізді басылым беттерінен көп оқып біліп, бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі көріп жүрміз. Талай науқастың жазылмас ауруына шипа сыйладыңыз. Өмір болғаннан кейін мен де бірде күліп, бірде ашуланып қаламын. Ренжігенде аяқ-қолым ұйып, дем жетпей қалады. Себебін білсе бола ма? Емі қандай екен?

Инабат Батталқызы

Орал қаласы

Жауабы: Бұл жүйке жүйесі ауруына жатады. Сондықтан жергілікті жерлердегі дәрігерлерге барып, аяқ-қол ұюы мен дем жетпей қалудың себептерін анықтату керек. Негізі көңіл-күйдің өзгеруіне байланысты аяқ-қолдың жансызданып, дем жетпей қалуы көбіне бронх астмасының басталуы, нервтік буындардың тартылуы,  қан айналысы жүйесінің қысылып қалуы сынды аурулардың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Сол себепті науқастың артрит ауруымен ауырған ба, ревматизмі бар ма, соны анықтау маңызды. Арнайы қан талдауларын жасату керек. Диагнозын табу керек. Егер жол түсіп Алматыға келіп жатса, біздің «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығымызға келуіне болады. Біз тамыр ұстау арқылы және  қан айналысы бойынша диагноз қоямыз. Жергілікті емханалардан өткен арнайы медициналық қағаздарын алып келуі керек. Аурудың туындау себебі нақты анықталса,  ем жүргізуге болады. Жазылып кету мүмкіншілігі зор.

2. Мен «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина журналын  тұрақты түрде оқып тұ­рамын. Маған қойылған диагноз  «бірінші деңгейлі зоб». Дәстүрлі медицинада  10 жылдан бері емделіп келемін. Бірақ дәрілер ішсем, үстім бөртіп, аллергиям шығып кетеді. Бұрын салмағым  65 келі болатын. Қазір 42 келі. Күннен күнге салмақ тастаудамын. Шығыс-Тибет емінің пайдасы бар ма? Алдын ала рахмет!

Әбдіғаппар Құлтаев

Шығыс Қазақстан облысы

Жауабы: Қалқанша без қызметінің нашарлауын түрлі себептермен байланыстырса болады. Мәселен, ағзадағы гормондық тепе-теңдіктің бұзылуынан, гормондық өзгерістердің қалыпсыз болу әсерінен туындауы мүмкін. Көбіне жүрек қағу ырғағының (ритмінің) өзгеруі де әсер етеді. Кейде ауруға қарсы дәрілер ішкенде аллергия беруі мүмкін. Өйткені ол дәрілер нервтік әсерлермен қосылып,  денені қышытып, мазасыздандырады. Ыстыққа шыдай алмау, көңіл-күйдің болмауы, ашушаңдық осы аурудың негізгі себептері. Шығыс-Тибет медицинасында зобты емдеуге болады. Ине қоятын арнайы меридиан нүктелері бар. Жан арналарын ашып, дұрыс қабылдамай тұрған меридиан жолдарын ретке келтіріп, аллергияны тудыратын көздерін жойып, қан айналысын реттеуге болады. Сондай-ақ зобтың әсерінен болған табаққа тәбеттің төмендеуі, гормонның дұрыс бөлінбеуі сияқты түрлі жағдайларды емдеп-жазуға болады.

 

3. Менің өңешім күйіп ауырады. Буын-буыным сырқырап, қақсайды. Мұрным жиі қанайды. Бармаған жерім жоқ. Нақты диагнозын ешкім дөп басып айтқан емес. Ендігі аңсарым Сіздердің орталыққа ауып отыр. Ем қабылдау үшін алдын ала жазылу керек пе?. Менің Алматыда тұратын жерім де туыстарым да жоқ. Жатып емделетін емханалдарыңыз бар ма?

Сәбенгүл Сырбазқызы

Солтүстік өңірден

Жауабы: Өңештің күйіп ауруы қанша уақытқа созылғанын білу керек. Егер ауру себептері 3-6 айға созылса, күннен-күнге ішкен астың ыстық-суықтығы білінсе, жұтынғанда ауырса, тамақты кернесе, сөзсіз рентгендік тексеруден өту керек. Өңештің, қызыл өңештің өзгерісін бақылау қажет. Егер олардың барлығы таза болып шықса, жұтқыншақ-кеңірдектің қабынып, созылмалы түріне ұласқан белгісі болу мүмкін. Ал буын-буынның сырқырауы көбіне созылмалы артрит, полиартритке жатқызуға болады. Өйткені аурудың  алғашқы белгілері сондай. Буын сүйектерінің өсуі, шеміршектің  созылуы сынды буын сүйектеріндің өзгерісі байқалмаса, емдеуге болады. Буын артриті ауруының белгілері байқала салысымен білікті дәрігерге көрініп,  ине терапиясы, Шығыс-Тибет медицинасы арқылы нәтижелі ем алуға болады. Сондай-ақ басқа қауіпті аурулардың салдарынан туындаған ауру болмаса, өңеш қабынуы да ине терапиясы арқылы, тибеттік емдік шөптер арқылы емдеуге болады. Қалада тұру мүмкіншілігіңіз жоқ болса, біздің жатып емделетін жеріміз бар. Байланыс телефондары: 8(727) 390-19-19.

4. Терім қабыршақтанып, шашым құрғап кетті. Денемнің әр жерінде ақтаңдақ , теңге қотыр пайда болды. Естуімше, Сіз басқарып отырған медициналық орталық «витилиго» ауын емдейтін көрінеді.  Менің Сізге барып қаралуыма бола ма?. Жалпы емі қанша тұрады?.

Табиғат Таубатырұлы

Қызылорда қаласы

Жауабы: Терінің қабыршақтанып, шаштың құрғап кетуі көбіне ішкі ағзадағы қан айналысының және дәрумендік қуат көздерінің дұрыс  жетіспеуінен  болады. Сондай-ақ ағзадағы кейбір заттардың кері әсерінен де болуы мүмкін. Сондықтан терінің қабыршақтанып, шаштың құрғап кетуі витилиго ауруы негізінде болғандықтан, иммундік жүйеге байланысты ине терапиясы, Шиғыс-Тибет емі арқылы арнайы жан каналдарын ашып, бауыр каналдарын ашып, бауырдың қуат көздерін ашып емдеуге болады. Ине терапиясына тибеттік шөптік дәрілер қоса беріледі. Олардың құрамы дәрумендерге бай және ағзадағы уыттарды шығаруға ықпалы мол. Витилигоның туу себептерін қан тексерулері анықтау маңызды. Диагноз дұрыс анықталса, емі нәтижелі болады.  Қан тазарту арқылы да емдеуге болады. Біздің емдеу тәжірибемізде витилигоның неден пайда болғанын анықтатып келіп, емделіп қайтқан науқастар болған.

5. Менің балам үш жаста. Кіші дәретке отырғызғанда қатты қиналатын. Дәрігерге апарып едім «микроб жиналған, тез арада сүндетке отырғызу керек» деп бізді хирургқа жіберді. Екі-үш күнде ойламаған жерден сүндетке отырғыздық. Бір айдан асты. Орны әлі жазылған жоқ. Керісінше, жаңа сүндеттеген сияқты іріңдеп, ісіп кетті. Дәрігерге қайта апарып едім «сары су жиналған» деп баламның жанын қайта шырқыратты. Мен қазір баламның болашағына алаңдаймын. Сіздердің медициналық мекемелеріңіздің жарнамалық парақшасын оқығанымда, «сүндетке отырғызудың жаңа әдісі» дегенді көзім шалды. Баламды қарап бересіздер ме?

Бәтима Болатқызы

Жамбыл облысы Жуалы ауданы

Жауабы: Біріншіден – оташы дәрігер сүндет жасауға асығыстық білдірген. Қалта енінде тері қабаты ұзын болып, дәрет жиі жиналатын балаларда қабыну процесі жиі болады. Сондықтан алдымен баланың насыбайының терісін аударып, тазалап, қабынуға қарсы дәрілерді пайдаланып жуғаннан кейін, дене қызуы жоқ, баланың күш-қуаты мол кезде сүндеттеу керек. Баланы кейбіреулер бір жастан, үш жастан, тіпті туғаннан сүндетке отырғызады. Менің айтар кеңесім, баланы негізінен 5 немесе 7 жаста сүндеттеген абзал. Сүндеттегеннен кейін орны жазылмауы қабыну процесінің жүріп жатқандығын байқатады. Баланы сүндеттеген хирург қабыну процесін тоқтата алмаса, біздің емдеу орталығымызға келсе болады.  Біз қабыну процесін тудырып жатқан әсерлерді білуіміз керек. Біздің емдеу тәсілдерімізде қабынуға қарсы емдік шөптермен, арнайы  ұнтақтармен(порошоктармен) жуып тазалаймыз. Тибеттік медицинада сүндеттеудің жаңаша әдісі бар. Ол уқалау арқылы жасалады. Ауырсыну байқалмайды.

6.Армысыз, академик аға! Қызым алғашқы мүшел жасқа толды. Қолқа демікпесімен ауырғанына 6 жылдай болды. Сіз қандай ем ұсынасыз?

Бауыржан Керімбетов

Оңтүстік Қазақстан облысы

Жауабы: Экологияға байланысты көптеген науқас балалар бізге келіп жатыр. Негізінен өзінің тұрғылықты жеріндегі шаң-тозаң, түтін, лас ауа, экологиялық ортаның, ыстық-суықтың әсерінен болған қолқа демікпесінің асқынуы. Қолқа демікпесінің асқынуы аллергиялық жағдайдан, пневмония ауруынан дұрыс емделмеуден, бронх тарамыстарының жабылып қалуынан да болады. Сондықтан біз жан-жақты тексеру жасауымыз керек, яғни қолқа демікпесінің қай түріне жататынын анықтауымыз керек. Қолқа демікпесін   ине терапиясы арқылы арнайы нүктелерге ине қойып емдеуге болады.

 

Хабарласу