+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Алтын иненің арқасында ана атанған әйел

 «Бала –бауыр етің », « Блалы үй базар»,-дейді қазақ. Бұл дүниеден бір перзенітке зар болып өткен адамдар қаншама? Еліміздегі әйелдер арасындағы бедеулік, ерлер арасындағы белсіздік көбейген сайын, ұрпақ сүюдің өзі-өзекті мәселеге айналуда. Дегенмен де, заманауи медицинаның жетістіктері мен білікті мамандардың, басқа да қайырымды жандардың арқасында, өмірге сәби әкеліп, жас иіске мейірлері қанған отбасылар көп. Солардың бірі Назгүл Айдабосынова. Осыдан 6 жыл бұрын оның омырау безі қабынып, жатырында жабысқақ пен ет өспесі пайда болыпты. «Алғашында омырауымда  түйін бар екенін сездім. Өзіміздің учаскелік дәрігерге барып едім, емшектің созылмалы ауруы ( мастопатия) деген диагноз қойды.Сонымен емделіп жүрдім. Гормонды дәрілерді берді. Одан жақсы болған жоқ. Үлкейе берді. Кейіннен ұзындығы 5 сантиметр, тереңдігі 3 сантиметрге дейін жетті. Дәрігерлер онкология институтына жіберді. Ол жерде оператция жасауға  шешім шығарды»,-дейді Назгүл.Алайда кейбір жанашыр адамдар Назгүлге  операциядан бас тартып, «Жас-ай» шығыс-тибет медицина орталығына барып, алтын иненің көмегімен емделуге кеңес береді. Назгүл аталған орталықтан үш курс ем қабылдайды. Нәтижесінде омырау безінің ісігі түгелімен қайтады. Бірінші крустан кейін-ақ ол өзін жеңіл сезіне бастады. Екінші крус қабылдағанда дәрігерлер өз көзіне өздері сенбейді.Ал үшінші круста әлгі ауру түп-тамырымен жойылады. Назгүл жатырдағы жабыспақ пен ет өспесінен айығады. Ақыры, көптен зарыға күткен, яғни 16 жылдан кейін шырылдаған сәби үнін естиді. Өмірге Жасмин атты қыз әкеліп, куанышқа бөленеді.

 

Басына бақ пен бақыт қонған дәрігер

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та бақыт та қонбайды. Даладай дархан пейілді, анадай асқан мейірлі ұлтымызда әр жүректе ізгіліктің  шырағын жаққан асқақ рухты абзал жандар, тіршілік тауқіметін тартқан, жалған дүниеден жәбір көрген, жүрегі сыздаған, жаны мұздаған адамдарға дем берген кісілік келбеті келіскен кең пейілді кісілер көп. Солардың бірі бүгінде салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы. Ел мидицинасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті маман ажалмен арпалысқан талай жанды аман сақтап қалды. Жасан Зекейұлына кеміне кем дегенде түрлі кеселге шалдыққан жиырма адам келеді. Олардың әрқайсысын бөле-жармай, бір туғандай қарсы алып, қолынан келген көмегін аямайды. Жанары өткір, жүзінен нұр төгіліп тұратын шырайлы жігіт ағасы – аузын ашса көмекейі көрінетін ақкөңіл жан. Сондықтан болар, қайырымдылық жасау оның күнделікті дағдысы. Тәжірибелі маман өзінің шығыс-тибет медициналық орталығында мұқтаж жандарға қол ұшын созудан жалыққан емес. Қаншама ер азаматты қатерлі сырқаттан айықтырып, қаншама әйелге «ана болу» бақытын сыйлады. «Жалпы қайырымдылықты әркім әр қалай ұғынады. Өз басым инабаттылық пен имандылық, адамгершілік пен сүйіспеншілік сынды адамзаттық қасиеттерді бойына сіңірген көзі ашық, көкірегі ояу, көрікті жандардың жүрегімен жасалатын көрікті істі, яғни қайырымдылықты–қайырымды адамдардың бүкіл саналы ғұмырының сарабдал түйіні деп білемін. Біздің мамандығымыздың өзі–адамға қайырылу, қайырымдылық жасау дегенге саяды» дейді академик Жасан Зекейұлы. Әр адам өзі бастаған игі істің жақсы нәтиже беруін қалайды. Өткен жылы « Алматы» телеарнасының «Үміт оты» бағдарламасына  үміт артып,  арнайы Орал қаласынан келген Нұрлыгүл Жаңабаева эфир арқылы қайырымды жандардан көмек сұраған болатын. 21 жасар бойжеткен туабіткен коян жырықтан қасірет шеккен. Пластикалық операция жасатып, бет-әлпетіне  нұқсан келтіріп тұрған кемістіктен арылу – оның өмірлік мақсаты болған. Бұл арманына  қол жеткізуге « Жас-Ай» шығыс-тибет медицинасы орталығының мамандары көмектесті. Олар қазақтың бір аяулы қызының тағдырына бей-жай қарай алмай, қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдады. Аталған орталықтың бас директоры Жасан Зекейұлы Нұрлыгүлдің ерні мен мұрнын қалпына келтіруге орай жасалатын операциясына қажетті 100 мың теңгені қолына ұстатып, ұжым атынан сәттілік тілеп, шығарып салды. Қайырымды көмек алған Нұрлыгүл нөмірі 5- ші емхананың  жақ-сүйек бет-әлпеті бөлімшесіне келіп, дәрігерлермен жүздесті. Бойжеткеннің жағдайымен танысқан ақ халатты абзал жан оған пластикалық операция жасауға келісті. Нұрлыгүл Жаңабаева Өмірге  шыр етіп келген күннен бастап бүгінге дейін 5 операцияны бастан кешкен. Бірінші операция ерніне алты айлығында, одан соң азайту мақсатымен Орал қаласында коррекциялық операциялар жасалған. Жасөспірім жасынан шыққан соң, ақылы пластикалық операция жасату қажет болды. Ал Жасан Зекейұлының қолдауымен жасалған соң пластикалық операциясы сәтті өтті. Көрікті қыздың жанары күлімдеген күлкіге толы. Бүгінде Нұрлыгүл тұрмысқа шығып, бір отбасының ұйтқысы болып отыр.

Р.S. 80 жылдан аса ғұмыр кешкен, қазақ жазушысы Сафуан Шаймерденов өмірден озар алдында мынадай сөздерді жазып қалдырыпты. « Шарапат – адам бойындағы басқаларға түсер рақымшылық сәулесі, ізгілік нұры. Ал шапағат – жұмақтың нұры. Жұмаққа барғандарға түсер сәуле». Қазақтың дарынды қаламгері осы сөздері арқылы өсиет қалдырған тәрізді. Сондықтан, сіздерге әрқашан шапағат пен рақымшылық серік дейміз.

Жанна Абайқызы

 

Инемен емдеу тәсілінің шипалық қасиетіне көзқарас.

Әртүрлі науқасқа шалдыққан ауру адамдарды сауықтыру жолында дәстүрлі иненің (чжень-цзю терапия) ,күйдірудің (цзю –терапия) және рефлексотерапияның басқа да түрлерінің, соның ішінде «Хассы» инесінің пайдалы екеніне қазіргі кезде еши күмән жоқ,бірақ оның шипалық қасиетін,емдік әсерін ғылыми түрде түсіндіру бүгінгі күнге дейін әлі толық шешілмеген.

 

Рефлексотерапияның әсерін (механизмін) түсіндіруге бағытталған бірнеше теориялар белгілі.Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

Капиллярлық теория. Бұл ғылыми көзқарас бойынша чжень-цзю, цзю т.б рефлексті емдеу тәсілдері адам терісінің жергілікті капиллярлық қан айналысының рефлекторлық жолмен өзгертуіне байланысты пікір бар. Бұндай өзгерістер зат және тканьдармен қан аралығындағы газ алмасу құбылыстарын жақсарту арқылы ауру сезімін бәсеңдетіп және басқа патологияліқ жағдайлардың жойылуына әсерін тигізеді.

Қазіргі дәуірде ағзалар мен тканьдердегі микроциркуляция құбылысының қалыпты және потологиялық жағдайлардағы анықталып отырған рөлін ескерсек бұл теорияның маңызды екеніне көз жеткізу оңай. Дегенмен аталып отырған теория тек терінің капиллярлық өзгерістерімен шектеледі де, чжень-цзю емінің және ине рефлексотерапиясының басқа түрлерінің ауру адамның ішкі құрылысына әсерін толық түсіндіре қоймайды.

Тканьдік теория. Бұл көзқарасты жақтайтын авторлардың пікірі бойынша ине қолданған жерде клеткалар өліп биологиялық процестерді қоздыратын заттар пайда болады. Сол қоздырғыш заттардың ,тері- нейроағзалық қарым – қатынасын өзгерту мен паталогиялық ошақтарға әсерін тигізу арқылы инемен емдеудің шипалық қасиетііске асады.

Ғалымдардың пікірі бойынша нерв жүйесі эктодермадан жаратылған соң олардың арасында күрделі өзара қарым-қатынас болады. Ал ішкі ағзалар да нерв талшықтары арқылы терімен тығыз байланысты. Сондықтан теріге енгізілген ине немесе оларға сырттан әсер ету ондағы көптеген нервтерді қоздырып,ағзалардың функционалдық қасиеттерін жақсарту арқылы шипа болады.

Чжу-Лянь (1959 ж.) инемен емдеудің құпияларын зерттей келіп төмендегідей пікір айтады: «Чжень-цзю емінің негізі адам денесіндегі белгілі нүктелер арқылы ішкі ағзаларға әсер етуінде жатыр. Бұл әсер сол нүктелерде жатқан сезімтал нерв талшықтар арқылы және жалпы организмнің нервтік жүйелері арқылы қалыптасу жағдайларын реттеп,жақсартуы мүмкін»

Гистаминдік теория бойынша ине салынған жерде гистамин белсенсіз түрінен белсенді түріне айналады да тері капиллярлары арқылы жалпы қан айналымына жетіп организмге әр түрлі әсерін тигізеді. Осы теорияның авторлары Т.Маrtyni (1933)  және P.Ferreyolles (1951)пікірі бойынша гистамин ауру адамның ішкі ағзаларының функциональдық жағдайын, зат алмасу процесстерін жақсартып,организмнің ауруға қарсы тұратын күшін жоғарлатады.

Фолликулярлық теорияны А.Люмвер ашқан (Вогарлик В.Г.,1961) Адам организмі ауруға шалдыққанда қанның белок фракцияларының дисперстік қассиеттерінде үлкен өзгерістер туады. Инемен туғызатын қоздыру құбылысы осы өзгерістердің қалпына келуіне әсерін тигізеді.A.Leprince (1931) бұл жағдайда коллойд-осмостық қысымының өзгеруіне көп маңыз береді.

Инемен емдеу механизіміне арналған біраз теорияның негізінде ауру адам организмінің биоэнергетикалық құбылыстарын зерттеу нәтижелері жатыр.

Электр теориясы( Abrams A.,-1907)бойынша ине қолданылғанда адамның тері қабатының биоэлектрлік мінездемесі өзгереді екен. Осы қабатта пайда болған биоэлектрлік тоқтың толқын ұзындығы мен тербелу,жиілігі ауру адамның тканьдерінің осы көрсеткіштеріне сапа-сай келсе,олардың шипалық қасиеттері болады.

Иондық теория (Kollmer E.P 1955)акпунктураның шипалық қасиеті ауру адамның организміндегі пайда болатын иондық тепе-теңдіктің бұзылуын қалпына келтіреді деген пікірге негізделген.

Белгілі француз ғалымы R.Fuye(1956) чжень-цзю емінің әсерін зерттей келе оның екі жақты әсерін атап өтеді. Бір жақтан ішкі ағза-нейротерілік қарым-қатынас болса,екінші жақтан кері қатынас, яғни нейротерілік-ағза қарым қатынастары болады. Бұл көзқарас эмриогенезде тері мен нерв жүйесі эктодермадан пайда болатынына негізделген. Сонымен біз чжень-цзю  емдеу тәсілінің шипалық қасиетін түсіндіруге бағытталған ғалымдардың көзқарастарына (олардың теорияларына) қысқаша шолу өткіздік. Әрине біз аталмыш теориялар инерефлексотерапияның құпиясын толық  ашты- деген пікірден аулақпыз. Өйткені бұл көзқарастар акупунктура тәсілінің әржақты жұмбақтарының сырын бүтіндей түсіндіре алмай отыр.

«Хассы» инесінің әсер механикасын да осы теориялармен түсіндіруге болады,бірақ бірақ инерефлекксотерапияның сырын толық ашу үшін әлі де зерттеу жұмыстары жалғастырылуы қажет.

 

Суды көп ішуден де адам уланады

Аптап ыстық кезінде денеден термен бірге көп мөлшерде натрий тұзы сыртқа шығады. Бұл кезде мөлшерден тыс тұзсыз су ішу қанды сұйылтып жібереді. Су клетка пердесі арқылы клетка ішіне өтіп, клетка сулы ісігін келтіріп шығарады да, судан улану туылады. Сондықтан көп мөлшердегі суды бір жолда бір-ақ ішпей, аз-аздан бөліп ішкен дұрыс. Сонымен қатар, тұзды дер кезінде толықтап отыру керек. Суға лайықты мөлшердегі тұзды қосып ішсе, тер арқылы сыртқа шыққан тұздың орнын толықтыруға болады.
Жаз күндері күн өте ыстық кезінде өте мұздай су ішу де денсаулыққа зиян. Ауа райының ысуына қарай адам денесінің қызуы да бірге жоғарылайды. Мұндайда көп мөлшерде мұздай су ішкенде ас қорыту жүйесінде шұғыл характерлі қабыну аурулары пайда болуы мүмкін.

 

Тамақ тізім дәптеріндегі бактериялар
Ресторан, кафе және басқа да асханаларға барғанда тамақ тізім дәптерін қолға алып, тамақ бұйыртамыз. Үнемі қолдан-қолға өтіп жүретін осы тізім дәптерінде сансыз көп бактерия болатынын ешкім де ескермейді. Көп адам бұл жағдайды ескермегендіктен бактерия жабысқан қолымен ас ұстап, нан арқылы немесе басқа да жемістер арқылы сансыз бактерияларды жұтып үлегереді.
Тамақ тізім дәптерін көп адам ұстайтындықтан онда көптеген вирус және бактериялар болады. Айталық, жуан ішек таяқша бактериясы, зең бактериясы, формасы өзгерген басқа да сан алуан ауру қоздырғыш бактерия түрлері бар әрі оны көп адам қолдан-қолға өткізіп ұстайтындықтан, ондағы бактериялардың жұғымдалу мүмкіншілігі де күшті болады. Сондықтан қажетті тамағыңызды бұйыртып болғасын қолыңызды жууды ұмытпаңыз.

Дәрі-дәрмектің кері әсері

Дәрінің кері әсері дегеніміз – оны дұрыс ішіп, дозасын асырмай қолданса да туылатын ерекше жағдай. Дәрінің улылығы, аллергиялық әсері т.б. оның кері әсеріне жатады. Әуелі дәрінің кері әсері ерекше ауыр болғанда өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Дүние жүзі Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда ауруханаға жатқан науқастардың 10-20 пайызы дәрі-дәрмектердің кері әсерімен қатысты болады әрі олардың 3 пайызға жуығы жанынан айырылатын көрінеді. Ал көрші аспан асты елінде әр жылы аз дегенде 2 миллион 500 адам дәрінің кері әсерінен ауруханаға жатып, мөлшермен 500 мың адам осы себептен өледі екен.
Көптеген адамдар бақылап, тексеруден өткен дәрілер де кері әсер болмайды деп қарайды. Әрине, жаңа дәрінің клиникада қолданылуына көптеген орындар қатаң бақылау жасайды. Көп жағдайда жаңа дәрілер жануарларға берілу арқылы сынақтан өтеді әрі клиникада бақылау жүргізу уақыты өте қысқа болғандықтан сынақ жасалған науқастар біршама аз болады. Сондықтан мейлі шипагер, науқас болсын дәрінің әсеріне өте абай болған жөн.

ЖЕМЖЕМІЛДІҢ ЕМДІК РӨЛІ

Жемжеміл – астың дәмін келтіру үшін пайдаланылатын қышқыл дәмді өсімдік. Ал оның емдік қасиеті өз алдына бір төбе. Егер сіз ауыз қуысы жарасынан зардап шегіп жүрген болсаңыз, ыстық жемжеміл суын шай орнына пайдаланып, күніне екі-үш рет аузыңызды шайсаңыз көп өтпей-ақ бұл дерттен ада-күде айығатын боласыз. Жемжемілдің басқа да емдік қасиеттері төмендегідей:
Тіс түбі қабынуын басады
Тісті ыстық жемжеміл суымен жуған соң ыстық жемжеміл суын шай орнына күніне бір-екі рет шайқайсыз. Әдетте, алты рет шайғаннан кейін тіс түбінің қабынуы негізінен басылады. Жемжеміл суы жұтқыншақтың ісуіне де табылмайтын ем. Қабынуды басып, ісікті қайтарады.
Тіске қанқұрт түсудің алдын алады
Әр күні таңертең және кешке бір уақыт аузыңызды ыстық жемжеміл суымен шайып, күніне шай орнына бірнеше рет ішіп тұрсаңыз тісті қорғауға, тіске қанқұт түсуден сақтануға болады.
Бас ауруды басып, нерв әлсіздігінің алдын алады
Бас сақинасы ұстағанда ыстық жемжеміл суына қолыңызды 15 минут шамасында малып отырсаңыз ауырғаны біртіндеп басылады. Әр күні таңертең және кешке ыстық жемжеміл суынан бір-екі стакан ішіп тұрсаңыз, тынысыңызды жақсартып, рухыңызды серпілтеді. Үнемі ішіп тұрсаңыз нерв әлсіреу, бас айналу, мазасыздану сияқты дерттерге шипа болады.
Мастықтан сергітеді
Ыстық жемжеміл суын мастықта ішсеңіз қан айналысын тездетіп, денедегі спиртті қорытады. Азырақ бал араластырып ішсеңіз денеге тіке сіміріледі де, мастықтан айықтырады.
Беттегі дақты кетіреді
Әр күні таңертең және кешке бетті жемжеміл суымен тазалап жуып тұрса, мұны екі ай уақыт жалғастырса беттегі дақты азайтады немесе жоғалтады. Осы әдіс арқылы беттегі секпілден құтылуға және беттің құрғауынан сақтануға болады.
Қайызғақты кетіріп, шаш түсуді азайтады.
Әуелі жемжемілмен шашты сулап, онан соң ыстық жемжеміл суымен шашты жусаңыз қайызғақты кетіреді. Үнемі жуып тұру арқылы шаш түсуді емдеуге болады. Жемжеміл суына азырақ сірке су қосып күніне 15 минут айналасында аяғыңызды шылар болсаңыз, аяқтағы иіс-қоңыстарды кетіреді, егер оған азырақ тұз қосып аяғыңызды шылар болсаңыз жел-құздан болған тұмау, жөтелді де емдеуге болады.

Мамырбек Төкеш

 

Аурудың алғашқы белгілері

Көз тартудың себебі неде?

Сол жақ көз немесе оң жақ көз болсын, қайта-қайта тартуы дененің жайсыздануынан болады. Кейбір жағдайда бұл белгі бас сүйектің ішінен ісік өспе шығып, ол ісініп немесе қабынып бет нерв жүйесін басып қалуын білдіреді. Көзді микроскоппен тексеру технологиясының дамуына байланысты кейбір науқастарға мынадай қорытынды жасалды: Жас кезінде бас сүйек ішкі нерв жүйесін қисайған қан тамыр басып тұрғанымен, ол дер кезінде байқалмайды. Тек  орта жастан асқанда немесе қартайғанда артерия қан тамыры қатайып, қан қысымы өрлеп, қан тамырдың күшті соғуы нерв жүйесін соққылап, сонан көз тартатындығы анықталды. Сондықтан, ұзақ уақыт көз тартатын кінәрат жабысса, ол артерия қан тамырының қатаюының белгісі болуы мүмкін. Оған барынша мән беріп, дер кезінде тексерілу керек.

 

Кірпік қағудың жиілеуі

Кірпік қағу – қорғау сипатты нерв жүйесінің рефлексі. Қалыпты жағдайда, кірпік бір минутта он рет қағылады, әр реті 0,3 секунд мөлшерінде болады. Кірпік қағудың рөлі көз ішіндегі жасты көздің мүйіз қабығына тегіс жеткізіп, оның ылғалдығын сақтап тұру. Кірпік қағу көздің тор қабығы мен бұлшық етін дем алдырады. Бірақ кірпік қағудың тым жиілеуі қалыпсыздық. Қабақ бұлшық етін басқаратын нерв жүйесі тітіркенгенде немесе шектен тыс шаршап, суық тиіп, ұйқысы шала болса, сондай-ақ сәуле қызметі толықсыз болу ауруы, солитор құрт ауруы, трахома, созылмалы көз дәнекер қабығы қабыну, мүйіз қабығына зат түсу немесе нерв жүйесі ауруларына шалдыққанда, қабақтың бұлшық еті рефлексті түрде ретсіз жиырылады. Бұл патологиялық лездік қозғалыс деп аталады. Кірпік қағудың жиілеуі деген міне осы. Кірпік қағудың жиілеуі ұзақ уақыт басылмаса, дер кезінде тексеріліп, себебін анықтатып, жүйелі түрде емделу керек.

 

Көз не үшін жасаурап тұрады?

Жасаурау дегеніміз жастың көп болуы деген сөз. Мұндайда көз үнемі жасаурап тұрады немесе сәл тітіркенсе-ақ жас ағып  тоқтамайды. Жасаурап тұрудың себептері мыналар:

Бірінші, қабақтың қалыпсызыдығы. Қалыпты жағдайда қабақтың құрылымы мен қозғалысы адам көз жасының қалыпты қозғалысын және мұрын қуысына өтуін қамтамасыздандырып тұрады. Қабақтың бет нерв жүйесі жансызданып қабақтың жабылуы мен ашылуы қалыпты болмаса көз жасаурап тұрады.

Екінші, мұрын ауруы. Мұрын қабынуы, мұрын сыртқы жарақаты, мұрын түймешігі, мұрын шершеуінің қисаюы немесе мұрын қуысы өспесі, т.б. себептерден жастың жолы бітеліп немесе тарайып, жасаурап тұру пайда болады.

Үшінші, жас жолы қабынып, оны тарайтады немесе бітеп алады.

 

Емдік шөптер

Жоңышқа

Жоңышқа – шөп тектес, мал азығы үшін өсірілетін өсімдік. Биіктігі 1 метр, жасыл түкті, көкшіл гүлді  болып келеді. Жылына екі рет орылып, жиналады.

 

Жинау және өңдеу.

Жазда көгерген кезінен бастап, жас  өсімін көк күйінде пайдаланады.Күзде тұқымын қағып алып, кептіріп, сақтап, дәрі жасайды.

Ем болатын аурулары:

1.Жаңа көктеп шыққан жоңышқаның жапырағын сындырып алып, шекер қосып езіп, жеп тұрса, қанды көбейтеді, денені қуаттандырады. Сірке қышқылына езіп, ісінген жерге таңса, ісікті қайтарады.

2. Қол мен аяқ қалтылдағанда, жоңышқаның жапырағын мол етіп қайнатып, аяқ-қолға күніне екі уақыт таңады немесе булайды. Жоңышқа ұрығының майын күнге қыздырып, күн сайын жағып отырады.

3. Сау адамның асқазан, ішек жолдарын тазалау үшін мамыр айының басында жаңа көктеген жоңышқа жапырағынан тұшпара немесе мәнті жасап жесе, ішті босатады. Адам рухани жағынан сергіп, ас қорыту жолдарының жұмысы жақсарады. Халық емшілерінің тәжірибесінен көктем мезгілінде жоңышқаның жаңа шыққан жапырағын көкөніс ретінде ексе, майға араластырып жеу денсаулыққа пайдалы екені белгілі. Ол кезде жапырағы уы жоқ балғын болады.

Пайдалану мөлшері: 6-15 грамм. Алайда, жағдайға қарай түрлі мөлшерде пайдалана беруге болады. Жабайы жоңышқа мен екпе жоңышқаның дәрілік қасиеті бірдей. Олардың құрамында А,В.С,Е витаминдері және белок, май, амин қышқылдары бар.

 

Қара бұрыш

Қара бұрыш – ыстық белдеуде өсетін ағаштың жемісі. Көбінесе Индияның Оңтүстік өлкелерінде өседі. Аштылау дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары:

  1. Жүрек айнып құсқанда ( бірнеше күнге созылса),1 қара бұрышпен 60 грамм шикі жемжемілді суға қайнатып, бықтырып, үшке бөліп ішеді.
  2. Сіңір тартылғанда, 20 тал ақ бұрыш пен 2 тауық жұмыртқасының қабығын кептіріп,  талқандап, күніне бір рет қайнаған сумен ішеді.
  3. Ішкі мүшелерді жел алып, іш ауырып, құсқанда тиісті мөлшердегі қара бұрышты талқандап, арақпен ішеді. Қайнаған сумен iшсе де болады.
  4. Ен қалтасына қышыма бөріткен шыққанда, 10 дана қара бұрышты 2 литр суға қайнатып, суымен ауырған жерді күніне екі рет жуады.
  5. Құрт жеп тіс қақсағанда, бірнеше грамм бұрыш пен кипер шөпті қосып талқандап, тістің қуысына қояды.
  6. Бүйрек қабынғанда тауықтың жаңа бір жұмыртқасын ұшынан тесіп, 7 тал ақ бұрышты ішіне салады. Тесіктің аузын қамырмен  бітеп, дәкемен орап буға пісіреді. Ересек адамдар күніне екіден, балалар бірден жейді. 10 күн бір емдеу мерзімі болып саналады. 3 күн дем алғаннан кейін, екінші емдеу мерзімі басталады. Үш рет( 10 күннен) емделген соң, науқас адам сауығады.
  7. Қара бұрышты жылқының майына ( талқандап) қайнатып, қол-аяқты майласа, сал ауруынан айығып кетуі мүмкін.
  8. Қара бұрышты емдеу  ережелері бойынша жесе, асқазанды  жылытып, суықты айдайды, тамақты сіңіреді. Сасық кекірікті кетіреді.
  9. Суықтан болған жөтелге, демікпеге, көкіректің ауырғанына қара бұрышты тиісті мөлшерде талқандап ішеді.
  10. Асқазанға жел байланып, көп кекіргенде, 7 тал қара бұрышты талқандап, оған тауықтың бір жұмыртқасын шағып қосып, үстіне градусы жоғары ақ арақтан азырақ құяды да, сіріңкемен от алдырып, ақ арақты жандырып, ыдыстағы жұмыртқаны жейді. Күніне бір рет, жеті күн пайдаланады.

Қосымша: Адамды жылан шаққанда, оның денедегі уытын білу үшін, жылан шаққан адамға қара бұрышты шайнатады. Егер қара бұрыштың ащы  дәмі ауызға айқын сезілсе, адамның жеңіл уланғанын, ал бұрыштың ащы дәмі онша сезілмесе, қатты уланғанын біліп, осыған емдеу амалдарын қолданады.

Пайдалану мөлшері: 4 грамға дейін. Қара бұрыштың құрамында пиперон, қара бұрыш май сілтісі, сонымен бірге крахмал, ұшпа май, белок бар.

Ескерту: Ағаштың піскен жемісі қара болғандықтан, оны қара бұрыш дейді. Егер қара бұрышты бірнеше күн аққа шыласа, тазаланғаннан кейін ақ бұрыш болып шығады.

Қалақай

Қалақай – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Ол шақпа шөп, қышыма шөп деп те аталады. Биіктігі 15-30сантиметр. Өн бойында шақпа түктері болады. Теріңе тиіп кетсе, шаян шаққандай ұйытып ауыртады. Сондықтан оны шақпа шөп деп атайды.

Төрт қырлы сабағы тік өседі. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұзын сабақты, үш жармалы келетін жапырағы ретсіз қауырсын айрықты жапырақшаларға бөлінеді. Аталығы мен аналығы бөлек түптерде болады. Масақ гүл шоғырлары қолтықтай өседі.

Гүлі жасыл түсті келеді. Қауашақ жемісі жұмыртқа тәрізді, жалпақтау сұрғылт, қоңыр түсті болады. Шақпа шөп таудың жылғаларында, жол жағалауларында, беткейлерде, қалың шөпті жерлерде өседі.

Жинау және өңдеу. Қалақайдың жер үсті бөлігі дәрі болады. Шөпті жаз, күз мезгілдерінде оріп алып, турап кептіреді. Кейде тамырын да дәріге қолдануға болады. Кермектеу ащы дәмді, улы болады.

Ем болатын аурулары:

1.      Жел-құздан буын қабынғанда, қалақайдан тиісті мөлшерде алып қайнатып, қайнатпасымен ауырған жерді жуады.

2.      Босанғаннан кейінгі құрыспаға, жас балалардың  шошыма ауруларына қалақайдың жапырағы мен сабағынан азырақ алып, суға қайнатып ішеді.

3.      Есекжемге жас қалақайдың жапырағы мен сабағынан азырақ алып, суға қайнатып ішеді.

4.      Жылан шаққанда, жас қалақайдың жапырағын жаншып, жараның аузына таңады.

5.      Қалақайдың жас жапырағын жаншып, мұрынға жапсырса, аққан қанды тыяды.

6.      Қалақайдың жас жапырағын сығып, алынған сығындыны күйікке жақса, жараны жазады.

Қалақай тамыры

Қалақай тамыры ащы дәмді, улы болады.

Ем болатын аурулары:

1.Буын қақсап ауырғанда, қалақайдың тамырынан тиісті мөлшерде алып, 3- 5 күн ақ араққа шылап, 10-5 милилитрден күніне екі рет ішеді.

2.Мақау ауруына қалақайдың 18-12 грамм кепкен тамырын суға қайнатып ішеді.

Қышыма бөріткенге қалақай тамыры мен қышыма тамырынан 60 грамнан суға қайнатып, жараны жуады. 2-3 рет жуғаннан кейін сары су ағады, артынан тағы жуады. Қан тасығанда, аяқ-қол ұйығанда, 30 грамм қалақай тамырын суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: тамырынан 30-15 грамм, жапырақ және сабағынан 9-3 грамм. Қалақайдың құрамында А, В, С витаминдері бар.

 

Қызыл Мия

Бұл – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 100-30 сантиметр. Сыртқы қабығы қызыл қоңыр немесе қара қоңыр түсті, дәмі ащы, сабағы тік, жұмыр әрі жуан, түп  жағы ағаш тектес, жоғарғы жағы көп бұтақты болады. Тақ қауырсынды күрделі жапырақтары кезектесіп орналасады. Бір қатарда жұмыртқа формалы, не сопақша немесе бүтін жиекті 7 ден 17-ге дейін ұсақ жапырақшалары болады. Шашагүл шоғыры сабақ қолтығында өседі. Гүлі көбелек формалы, көгілдір немесе қызғылт көк түсті, бадана жемісі орақ тәрізді имек, қоңыр түсті, сыртында жиі тікен түкшелері болады.  Құмды жерлерде, шаппалықтарда, өзен бойларында, топырақты аймақтарда өседі.

Жинау және өңдеу.

Қызыл мияның тамыры ем болады. Көктем мен күзде қазып алып, екі шетіндегі кішкене тамырларын, жас өркендерін алып тастап, жуып, тазалап кептіреді. Жапырақтан турап, шикідей немесе бал қосып өңдеп жасайды. Тәтті дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары:

Жүректің ыстығын басып, уытты қайтарады. Көк бауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады.

  1. Асқазан мен он екі елі ішек жарасына қызыл мияны 9 грамм, жұмыртқа қабығын 15 грамм, сасық меңдуанадан 0.5 грамм ұнтақтап, күніне үш рет 3 грамнан ішеді.
  2. Истерия(есалаң) ауруына 15 грамм қызыл мияны, 30 грамм шыланды, 12 грамм   сәнген бидайды араластырып, суға қайнатып ішеді.
  3. Көңіл ала бұртып, ұйқы қашқанда, 3 грамм қызыл мияны, 105 грамм андызды суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.
  4. Ауыл шаруашылық дәрілерден(фосфорлы дәрілер) уланғанда, 120 грамм қызыл мияны, 15 грамм талькті қосып қайнатып, салқындағаннан кейін күніне үш рет ішеді.
  5. Қорғасыннан уланғанда, 9 грамм қызыл мия мен 12 грамм өрік дәнін суға қайнатып, күніне екі рет тен 3-5 күн ішеді.
  6. Әрсеннен уланғанда, қызыл, қара бұршақпен қосып қайнатып, сумен ішеді.

Пайдалану мөлшері: 4,5-9 грамм. Қызыл мияның құрамында қызыл мия қышқылы, күрделі қанттар және крахмал бар.

 

Сұрақ сізден -  жауап бізден

1.      Мен күйеуіммен отасқаныма жуырда 7 жыл болады. Бірақ бүгінге дейін құрсақ көтермедім. Тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер менің бала көтеруге толық қабілетті екенімді айтты. Кінәрат күйеуімнен болып шықты. Емделу үшін ауруханалардың есігін тоздырғанымызға біраз уақыт болды, нәтижесіз. Сіздерде инсульт емделетінін оқып едім. Иненің көмегімен белсіздікті емдеуге бола ма?

 

Арайлым Байбосынова

Шығыс Қазақстан облысы

Ұржар ауданы

Жауап: «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығында бұл ауруға қарсы жүргізілетін негізгі ем ине терапиясы. Сондықтан сіздің жұбайыңыз бұрын-соңды қойылған барлық диагноз қағаздарын алып келуі керек. Күйеуіңіздің ұрық белсенділігін ине терапиясы арқылы және қосымша тибеттік шөп дәрілер арқылы арттыруға болады.

2.      Құрметті «Жас-Ай» журналының редакциясы!

Осыдан 4 ай бұрын алғашқы нәрестемді дүниеге әкелдім. Босануым өте ауыр болды. Жүктілік кезінде дәрігерлер баланың денсаулығында ақау болуы мүмкін деген болатын. Туылғаннан кейін сәбиге  «балалардың сал ауруы» (детский церебральный паралич) деген диагноз қойды. Қазір қолымыздан келгенше емдетіп жатырмыз. Сіздердің орталықта осы аурудың емі бар ма?

Сәуле  Жұмабекқызы

Алматы облысы

Жауап: ? (Жасан аға жазып беруі тиіс болған)

3.      Осыдан бір жарым жыл бұрын інім инсульт алып, сол жақ аяқ-қолы жансызданып қалған. Содан бері тек шетел асып көрмедік, бірақ, емделуге тиісті жердің барлығына  алып бардық. Беті бері қарайтын түрі жоқ. Сіздердің  емдеу орталықтарыңызда инсультке қандай емдер жасалады? Жазылып кетуіне  кепілдік бере аласыздар ма?

Ерлан Ағымтаев

Шымкент қаласы

Жауап: Негізгі емдеу тәсіліміз Шығыс-Тибет медицинасына ғана тән алтын ине. Адам ағзасындағы жанды нүктелерді жүйке талшықтары басқарып отырады. Шаршаған немесе тіршілігін жойған талшықты қалпына келтіруге иненің ықпалы зор. Жанды нүктеге қойылған ине тітіркендіру арқылы жансызданған талшықтарды оятады. Инсульт алып, қол-аяғы жансызданып қалған науқастар біздің орталыққа жиі келеді. Ине терапиясының көмегімен аяғынан тік тұрып кеткендері де аз емес. Сондықтан үміттеріңізді жоғалтпаңыздар. Барлық емханаларда жасалған қорытындыларын алып келіңіздер. Ініңіздің жазылып кетуіне толық мүмкіндік бар.

4.      Осыдан 4 ай бұрын маған дәрігерлер сүт безі ісігі (мастопатия) деген диагноз қойған болатын. Ендігі жерде операция жасауға тура келетіндігін айтты. Ине арқылы осы ауруды емдеп  жазуға бола ма?

Нұрғайша Тілендиева

Астана қаласы

Жауап: Халық арасында әйелдерде кездесетін емшек дертінің (мастопатия)           негізгі емі ота (операция)  деп қалыптасып қалған. Отасыз емделмейді деу қате пікір. Алтын иненің көмегімен тиісті нүктелерге ине қою арқылы  кеудедегі түйінді таратуға болады.  Сіз осы уақытқа дейін түсірілген рентген қағаздарын және дәрігерлер жасаған қорытындыларды алып «Жас-Ай» медициналық орталығына келіңіз. Біз отасыз емдеудің барлық мүмкіндігін жасаймыз.

Сауалдарға жауап берген: «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының қызметкері Бибігүл Тұрсынәліқызы

 

Хабарласу