+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

«Жас-Айға» рахмет!

 

Алтын ине емінен кейін қан қысымым орнына түсті

 

Күні бүгінге дейін Қазақстан мемлекеттік емдеу жүйесін ғана білді, енді тәуелдсіздік алғаннан кейін  халық емі де қолданыла бастады.  Ал халық санасында ине, яғни,  алтын ине қою деген аңыз секілді естілетін. Соған барып емделсек екен деп армандайтынбыз. Алтын ине емін алып, жазылып кетіпті деген сөздер жай ғана қауесет сияқты болатын.  Халықтың қолы осыған жете бермейтін. Енді міне қандас бауырларымыз Қазақстанға оралғаннан кейін Тибет медицинасының қыр-сырын шекара асып өз отандарына алып келді. Жақында парламент жиынында Тибет медицинасын көптеп ашу мәселесі талқыланды. Болашақта бұл медицина толығымен халық игілігіне қызмет жасайды деп сенемін. Өзім де жақында  осы «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына  келіп ем алып, қан қысымым орнына түсті.  Халықты химиялық қоспасыз сауықтыратын алтын инелі орталықтың мамандарына және Жасан Зекейұлына айтар алғысым шексіз!

Уәлихан Қалижан

ҚР депутаты

  

Қайта жанған үміт оты

Жас келіп, қартайған шақта адам баласының бір тілегі ауру сырқаудан аман болу ғой. Менің де денім сау, күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүрген жан едім. Ақпан айы болатын. Кешкі уақытта саусағымның ұштары жансызданып, өзімді бір түрлі сезіне бастадым. 5-10 минут өтер өтпесте еріндерім кезеріп, тілім күрмеліп, сөйлеуге де шамам келмей қалды.  Бара-бара бүкіл денем жансызданып, ештеңені сезбей, есімнен танып құлағанымды білемін. Он күннен аса ауруханада жатып емделгенімнен түк шықпады. «Бұл ауруыңызды емдей алмаймыз…» – деп аурухана дәрігерлері шығарып салды. Дертіме шипа таппай жаными  қиналғанда «Жас-Ай» медицина орталығы жайлы балаларым естіп, мені осы жерге арбаға отырғызып алып келді. Орталықтағы бас маман Жасан Зекейұлы тамырымды ұстап, бірден ине еміне жатқызды. «Он күнде өз қалпыңызға келіп, жүгіріп жүретін боласыз» – деген дәрігердің жылы сөзі көкірегіме қуаныш сыйлады. Ол сөзі шындыққа сайды. Он күннің ішінде бәз баяғы қалпыма келдім. Сөнген үмітімді қайта жағып, жан азабынан айықтырған  жігіт ағасы Жасан Зекейұлына, осы орталық қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз.

Құндызай Сағындыққызы

Күнделікті дене қызуым көтеріліп, әлсіздікті сезіне бастадым. Бірнеше медицина орталыгына барып дәрігерлерге көрінсем де олар мардымды еш нәрсе айтпады.  Әкем «Жас-Ай» медицина орталығына алып келіп, тамырымды ұстау арқылы энтерекомит және брюцелез деп диагноз койды. Емнің үш күнінде дене қызуым түсіп шамалы уақыт өткеннен кейін жазылып кетім.

Матқан Динара Молдағалиқызы

 

Бойымдағы бар дертімнен айықтым…

Бірнеше жылдан бері  басым ауырып, қан қысымым көтеріліп, бетімнің жүйкесіне суық тиіп, аурудың азабын  әбден шектім. Мұрыным гайморит, аяқ қолым қақсап қанша қиналдым. Тараз қаласынан «Жас-Ай» медицина орталығы жайлы естіп емделуге келген едім. Төрт курс ем қабылдағаннан кейін  бойымда дертің еш белгімсі де қалмады. Толық жазылдым.

Баянгүл Жақсымбетова

 

Қазақ қалай емделеді?

Немесе шығыс медицинасы бізге жат па?


Экология бұзылып, елдің бәрі емге жүгірген мына заманда әр мемлекеттің, ұлттың жүгінетін емдеу тәсілі мен емделу деңгейі де әр түрлі. Айталық, жаһанданудың «жарық нұры» төгілгенше әр халық  өзінің баяғыдан келе жатқан емшілік дәстүріне сүйенсе, соңғы жылдардағы халықаралық байланыстың айтарлықтай дамуы әсерінен Батыс емшілігі бар әлемге «бақыт құсы» болып танылды. Қазір оны қолданбайтын ел жоқ. Дегенмен де, атадан жалғасқан дәстүрлі медицинасын, мәйекті мәдениетін өз елінің өзегіне айналдырып, басқа дүниелерді қажетіне қарай игілігіне жаратып отырған мемлекеттер де жоқ емес. Бір ғана Қытай елі осы сөзіміздің дәлелі. Тақырыбымызда айтып тұрғандай «Қазақ қалай емделеді?». Осы мәселені қаузау үшін біз «өз ағамыз» Өзбек елі мен «Құдайы көрші» Ресейді қоспағанда дүниедегі қазақтардың ең шоғырлы орналасқан жері Қазақстан мен Қытайды, яғни саясаты мен салмағы өзгеше екі елді салыстырып сараламақшымыз.

«Аспан асты еліндегі» ағайындар

Экономикасы дүниені дүрліктіріп отырған Қытайдың емдеу саласы да әлемге әйгілі болып келеді. Аспан асты елінің медицинасы кемелденіп, келешегінің жарық болуы ондағы қазақтарға да оң әсерін тигізіп отыр. Өйткені 5000 жылдық тарихы бар «кәрі құрлық» өз териториясында жасап жатқан барлық ұлттың медицинасының дамуына қамқорлық жасап, адамзат игілігіне жарайтын дүниелерді Қытай топырғынан көптеп шығаруды көздейді. Мысалы, тибет емшілігі, ұйғыр емшілігі, т.б. тіпті өзіміздің қазақ емшілігі де Шыңжаңдағы емханалардың біразынан жеке бөлім болып ашылған. Сан көбейген жерде сапаның артатыны да түсінікті жайт. Қайсысына емделу халықтың өз еркінде.

Қытайдағы қазақтар ХХ ғасырдың 90 жылдарына дейін арғы заманнан жалғасып келе жатқан қазақтың дәстүрлі медицинасын яғни халық емшілігін пайдаланды. Бірақ мұнда олар бақсы-құшынаштарға сүйенді деген ұғым тумауы керек. Тісі ауырса тұз қоятын, желқұз жайласа жаңа сойған малдың терісіне салатын, қышыма шықса қасқыр ішік кигізетін, тіпті, ауызы ойылса ауыздық тигізіп ауруынан құлан таза айықтыратын қазақ емшілгінің белгілі-белгісіз  хикметті емдеу түрлері қолданылды. Арқаға лоңқа қоюдың өзі – мал мүйізін қолданып, науқасты арам қанынан тазалайтын ежелгі көшпелі дала халқының дара емдеу қасиеті екенін біреу білсе, біреу білмес.

Баланы қойдың майымен сылау, еңбегінен ұстамау, айнаға қаратпау. Бұлар – нәрестені сау денелі етіп өсірудің ырым мен тыйымға жинақталған жазылмаған заңдарының мыңнан біріндей ғана қағида. Ал  жүкті әйелге қоян етін жегізбеу, түйе сүтін ішкізбеу,  адамды етбетінен жатқызбау дейтін атадан балаға жалғасқан дәстүрдің аржағында тылсым сырға толы ғылыми негіздердің бар екендігіне ешкім күмән келтірмесе керек. Қазақ халқының осындай ұшан-теңіз ұлағатын бүгінгі дүние ғылымға кіргізіп «жаңалық» қылып ашып жатыр…

Бұларды айтып отырған себебіміз Қытай еліндегі  қазақтар сан ғасырлық тәжірибеден өткен мұндай өрелі тұжырымдарды «аққу», «сұңқар» болып, «Ата жолы» деп шарқ ұрмай-ақ, тиісінше ғылыми негізде пайдаланып келеді. Дегенмен шығыс халықтарының емдеу дәстүрінің інжу-маржанын бойына жинаған Қытай медицинасы бұл күнде ондағы қазақтардың ауруына ем, ажалына арашашы болып отырғаны жасырын емес. Оған шүршіт елінің ерекше қызмет  көрсету сапасын қосыңыз.

Жалпы, үнемшілдіктен үлкен нәтиже шығады. Айталық, миллиардтар елі бұл күнде «селбесіп емдеу» жүйесін алға қойды. Яғни қолында «емделу дәптері» бар адамның барлығына емделуде жеңілдік жасалады. Өйткені ол адамдардан мемлекетке тиісті ақша жиналған. Әр адамның үнемі ауыра бермейтіндігі айтпаса да түсінікті. Сондықтан жинақталған қор ауырған адамға ғана шоғырланады. Бұл дегеніңіз әлемде адамға ең бай елдің халыққа жасап жатқан қамқорлығының ерекше белгісі.

 

Атажұрттағы ағайын

Ащылау болса да мойындауға тиіспіз. Денсаулық саласы қазақ елінде ерекше дамуға әлі қол жеткізе алмай отыр. Тіпті Кеңес одағынан қалған бір ізден әлі жаңылған жоқ. Тек Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былтыр бас болып ашқызған, Астанадағы аурухана ең жаңа техникалармен жабдықталуымен ерекшеленеді. Бірақ Шымкентте болған сәбилердің «ғасыр дертімен» жұғымдалған ащы запыраны әлі көкірегімізде тұр. Оған мемлекеттен бөлінген тегін дәрілерді сату, медицина студенттерінің жүйелі білім алмауы, дәрігерлердің кәсібилігі төмен болудай батпан кемшіліктерді қосыңыз.

Сыртқа есіктің айқара ашылуы жақсы мен жаманның елге ағылуына себеп болды. Кейбір келеңсіздіктердің орын алуына халықтың медициналық жақтан сауаттануының төмен болуы да «игі әсерін» тигізуде. Бұлай дейтініміз аруақтарды «арашаға» шақыратын бақсы-балгер, емші-құшынаштарды қоспағанда, өзіміздегі білімсіз ақ халаттыларды есептемегенде, шетелден келіп ойына келгенін істеп, елді жалған ем-доммен аздырып жатқандар аз ба? Оларға тосқауыл болатын мемлекеттің пәрменді саясаты ғана емес халықтың сауаттылығы еді ғой. Сол келімсектерді тайраңдатқанша өзі тұрған мемлекеттің ең озық емдеу әдістерін елімізге әкеліп, қазақтың қажетіне жаратып жүрген ата жұртқа оралған ағайындарды неге қолдамасқа?! Миллиардтың арасында дәрігер болып келген маман миллион қазаққа көзінің қарашығындай қарайтыны белгілі емес пе?! Біз мұны Қытай елімен салыстырмалы түрде айтып отырмыз.

Біздіңше, қазақ – тамырын тереңге тартқан өте сауатты ұлт. Бір ғана Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» осы сөзіміздің дәлелі. Ал шаңырағымызды шайқалтпай, егеменді ел болып отырған осы күнде қазақ елін дүниенің ең тамаша жетістіктерімен сусындатып отыруға әбден мүмкіндігіміз бар. Ол үшін он алты миллион халыққа жүз алпыс медициналық басылым болса да көптік етпейді. Ал БАҚ-тағы насихат халықтың дұрыс емделуіне жол ашып, сол арқылы мемлекеттің күші-қуаты нығайып, болашаққа сенімі артады.

Жарым көңіл жаңылмасын

Қай жерің ауырса, жаның сол жерде. Шығыс медицинасына өз қолтаңбасын қалдырған біздің жұрт сондықтанда «бірінші байлық – денсаулық» деп мәңгілік қортынды жасаған. Бірақ қазақ емделуде өз арнасын әлі таба алмай келеді. Оның бір ғана мысалы шығыс медицинасы десең өзін емес қытай мен тиьбетті еске алады. Құдды жаңылып қалған тілі мен діні, дәстүрі мен ділі іспетті емшіліктен де еш еншісін іздемейді. Асылында ине дегенің қойшының таяғы, лоңқа дегенің малдың мүйізі,  шөп дегенің ермен, жусан, жалбыз деп отырса керек еді. Әттең, ол сауаттылыққа әлі жете алмай отырмыз. Адамға емес қағазға қарап, қара дүрсін қызмет көрсететін орыстан сіңірген оң емес әдетіміз тағы бар…

Тек үрдісінен жаңылған ұлт құритынын ұмытпағанымыз жөн. Елдегінің дәнін алып, қауызын тастауымыз қажет. Мықты мемлекет боламыз десек ең бірінші медицинамызды дамытқанымыз дұрыс шығар. Қазақ қалай емделіп жүр? Осыны бағамдап бағалайтын уақыт әлдеқашан жетті. Біздің жазғанымыз тек үлкен әңгіменің бір ұшығы ғана. Қалғанын қара орман халық өзі салмақтап жатар…

Жақсылық Ізмұрат

 

Білгенге маржан

Тұмаудың алдын алу және оны емдеу жолдары

  • Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі  және  кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады.
  • Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағыбактерияларды жояды.
  • Қыс және күз мезгілінде дене шынықтырып, күнделікті бой жазып, таза ауада серуендеп, дененің суыққа қарсылық қуатын жоғарылатса, тұмаудың  алдын алуға болады.
  • Күнде  таңертең терезені 30 минуттай ашып, бөлменің ауасын тазартып отыру қажет. Жас жем-жіміл мен қызыл шекерді лайықты мөлшерде қайнатып, шай орнына ішсе тұмаудан сақтануға болады.
  • Сірке суын қайнатып,  үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады.
  • Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді.
  • Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау  тұмаудың алдын алады.
  • Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек.
  • Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн.

 

Тұмау және жұқпалы тұмауды емдеу

 

  • Тұмаудан тамақ қарлығып, жөтеліп, қақырық пайда болған кезде қара тұзды суға араластырып, ұйықтар алдында 1-2 қасық ұрттаса, тыныс алу жолдары кеңейіп, жөтел басылады.
  • Тазартылған бүтін күшаланы отқа шала пісіріп алғаннан кейін, сыртын қырып тастап, сүтке ашытып ішсе, тұмауға және өкпе ауруларына ем болады. Оны үнемі ішіп тұрудың пайдасы зор.
  • Жұтқыншақ ісініп, тамақ қарлығып, өкпе қысып, тоқтаусыз жөтелгенде, мұрыннан су ағып, көз жасаурап тұмауратқанда бір дана күшаланың сыртын қырып тастап, 500 грамм ерітілген сұйық майға қайнатып, майға күшаланың кермек, ашты дәмі шыққанда, ішу керек. Қалғанын жарты күннен кейін жылытып ішсе, осылай бірнеше рет жалғастырса тұмау сақаяды.
  • Майлы сорпа ішкенде немесе майлы ет жегеннен кейін, тамағыңызға май қатқандай болып жөтелсеңіз, онда өкпеңізде суық жел немесе бала күніңізде қызылшадан жел қалғандығы, яғни, өкпеңізге суық тиген болып есептеледі. Мұндайда бірер мәнерленген күшаланы қалтаңызда үзбей ала жүріңіз. Оны  мұрныңыздың іші жыбырлаған кезде, аузыңызға салып, кермек дәмі шыққанша сорыңыз. Осы емді біраз уақыт жалғастырғанда, өкпеңіздегі жел немесе суық бірте-бірте жоғалып, майлы ет жеп, сорпа ішкенде ендігәрі таңдайыңызға май қатпайтын, тамағыңыз жыбырламайтын, жөтелмейтін, түшкірмейтін боласыз.
  • Тұмаудан дене қызуы 39/40 С шығып қызғанда шетеннің ұрығынан (шетен басындағы бүршігі) қайнатып ішсе, дене қызуы дереу қайтады.
  • Тұмаудан болған жөтелге 1 стакан қызыл арақты қайнатып, оған 1 дана тауық жұмыртқасын араластырып, ірімшік секілденгенде суытып жейді.
  • Сарымсақ пен 15 грамм  шикі жеміс-жидек дайындап, оны жапырақтап турап, 1 шыны суға орталанғанша қайнатқан соң оған лайықты мөлшерде қызыл шекер қосып, жатар алдында ыстықтай ішсе тұмаудан айығуға көп септігін тигізеді.

 

Тұмау кезіндегі жөтелге

  • Шайдың 3 грамын, тұздың 1 грамын қайнаған суға 5 минут шылаған соң, күніне 4-6 рет ішеді. Ол көзді нұрландырып, қабынуды қайтарады. Қақырықты жібітіп, іштегі ыстықты қайтарады. Көз қызарып, тісі қақсағанда да ем болады.
  • Сарымсақтан бірнеше талды жаншып, оған үйлесімді мөлшерде қант қосып, қайнаған суға шылап, бірнеше рет ішсе жөтелді басып, қақырықты түсіреді.
  • Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді.
  • Таралғыш тұмауға көк ермен мен  ақ жалбыздың әрқайсысынан 9-10 грамм алып, суға қайнатып ішеді.
  • Тұмауға тау жалбызын қайнатып ішсе, ыстығы асқан тұмауды тез жазады.
  • Тұмау тигенде 1 грамм усойқының қабығы мен ұсақ жапырақты жалбызды суға қайнатып ішеді.
  • Таралғыш тұмауға ақ жусанды тамырымен жұлып алып, суға қайнатып, бастапқы салған дәрінің 3/1 қалған кезде қайнатуды тоқтатып, әр жолы 20-30 мл-ден күніне 1 рет ішіп тұрады. Тұмау таралған кезде, күніне 2 реттен 3-5 күнге дейін жалғастырса болады. Сондай-ақ 1 бас сарымсақты турап, сырлы ыдысқа салып, үстіне  0,5 литр суы құйып, қайнатса, жұқпалы тұмаудың алдын алады.
  • Суықтан болған тұмауға сиядан шөбінен 10 грамм мөлшерде суға қайнатып ішеді. Сондай-ақ шөмір тұқымынан 4~5 грамм талқандап, азырақ арақ қосып жылытып ішсе де болады.
  • Суықтан болған тұмауға жем-жемілден 300 грамды кептіріп, талқандап, сірке қышқылымен араластырып, табанға тартады.
  • Оның және бір емі қойдың бір жілік жас етіне жем-жемілден 3-4 жапырақ салып, шымырлатып қайнатып, піскен кезде етінен жеп, сорпасынан мейлінше ішіп, бүркеніп жатып терлейді.
  • Тұмау тигенде шетеннің қабығы мен ақ ерменді лайықты мөлшерде қосып, қайнатып ішеді. Егер дене қызып, ыстығы асқан тұмау болса, жалбыздан лайықты мөлшерде қосып, қайнатып ішсе, тұмаудан тез айығады.

Бөрткен, сулы бөрткен және созылмалы бөрткенді емдеу

  • Созылмалы сулы бөрткенге: лайықты мөлшердегі ара ұясын 7 тәулік спиртке шылап, қышыған орынға жалғасты бірнеше күн жақса, созылмалы сулы бөрткенді жазады.
  • Сиыр өт қалтасының ішіне 30 грамм ашутас салып күнге кептіріп, талқандап, сепсе сулы бөрткенді жазады.
  • Қара сабын бөрткенге, қышымаға, қотыр тектес ауруларға, суықтан пайда болатын желік ауруларына ем болады. Мұның қолданылуы қарапайым, тек қара сабынмен үзбей жуынып тұрса, ол теріні жұмсартып майлайды, әрі бөрткендердің көбейіп кетуінің алдын алады.
  • Тазалап жуылған лайықты мөлшердегі кәріқызды тұтас шөбімен жаншып сығындысын сулы бөрткенге жағады.
  • Сулы бөрткенге 90 грамм кәріқыз шөбі (шілде, тамыз айындағы) мен 1,5 грамм ашутасты қайнатып, 500 грамм қалғанда әр рет 100 грамнан күніне 3 рет ішеді. Әрі 3 рет қотырды жуады.
  • Ашты ермен бүрі мен жапырағынан лайықты мөлшерде алып, суға қайнатып, сулы бөрткенді жуады.
  • 60 грамм қалақай тамырын суға қайнатып, қайнатпасын сулы бөрткенге жағады.
  • Үйеңкі жапырағынан лайықты мөлшерде бықтырып немесе қайнатып азырақ тұз салып, сулы бөрткенді жуу керек.
  • Басқа түскен бөрткенге шашты алдырып, сабындап жуған соң қой өтін сумен сұйылтып басты жуса, бөрткенді дереу жоғалтады.

 

Адыраспан

Адыраспан – түйетабан тұқымдасына жататын шөп тектес иісті өсімдік.

 

Адыраспанның биіктігі 30-35 см. Ұзын, тамыры жуан, әрі етті, жұмырлау, сабағы түп жағынан 4 бұтақ шығарады. Төменгі жағы жер бауырлап, ал жоғарғы жағы көлбеу өседі. Көп ашалы жапырақтары алма-кезек орналасады. Гүлі 5 жапырақшалы, ақ түсті болып келеді. Ол жапырақ қолтығында дара өседі. Қауашақ жемісі домалақ болады. Адыраспан адырлы, шөлейт, құрғақ жерлерде, тау бөктерлерінде және жазықтарда өседі. Адыраспанның бұтағы, жапырағы, гүлі және тұқымы дәрілікке қолданылады. Оны жазда немесе күзде жинап, кептіріп пайдаланады. Тұқымы піскенде жиналады.

Адыраспан өкпені тазалап, жөтелді басады, денедегі уытты қайтарады. Оны жөтел, демікпе, несеп бұзылу, себебі белгісіз ісіктер, буын қабынуы, асқазан, қызыл өңеш обыры (рак) сияқты ауруларды емдеуге қолданады. Емге қолданғанда оның улы болатындығын естен шығармаңыз.

Бақ-бақ

Бақ-бақ – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оны тозғанақ, сарғалдақ деп те атайды.

Биіктігі 30-40 см. Сабағында ақ түсті сұйықтығы бар өсімдік. Түп жағында өсетін жапырақтары топтасып орналасады. Жиегінде қандауыр тәрізді ретсіз кері бағытталған қауырсын айрықтары болады. Сары түсті гүл шоғыры жалғыз бөлік сабақ ұшында өседі. Ол егістің арасында, жол, өзен жағасында көп кездеседі. Бақ-бақтың барлық шөбі дәрі. Оны жемісі пісуден бұрын қазып алып, жаңа күйінде немесе кептіріп пайдаланады.

Бақ-бақ ыстықты басып, уытты ісікті қайтарады. Омырау безінің қабынуы, көз дәнекер қабығының қабынуы, көз теріскені, бадамша бездің жедел қабынуы, өкпе іріңді ісігі, өт қалтасының қабынуы сынды ауруларға шипа болады.

Қожа шөп

Қожа шөп – күрделі гүлдер тұқымдасының үлпілдек тобына жататын шөп тектес өсімдік. Оны қарғалдақ, қырангүл деп те атайды.

Биіктігі 15-50 см. Сабағының түп жағында қоңырқай түсті, қылшық тәрізді жапырақ қынапшасының қалдықтары болады. Жапырақтары кезектесіп жиі өседі. Гүл шоғыры сабағының басында өседі. Жасыл-сары түсті гүл оранышы өсіп, үлкейіп, жапырақ сияқты көп қабатты жұқа перде тәріздес көрінеді. Шоқбас гүлі түтік формалы, қызыл күрең түсті.

Теңіз деңгейінен 2600-4000 метр жоғары биік таулардың жалама тастарының арасында өседі. Қожа шөптің гүлі мен сабағы дәрілікке пайдаланылады. Оны гүлі толық ашылған кезінде жинап, көлеңкеде сақтайды. Атап айтқанда, қожа шөп етеккірдің тоқтап қалуы, бала жолдасының түспеуі, желқұз сипатты буын қабынуы, етеккірдің тоқтауы, белсіздік, қызылша ауруының  сыртқа шықпауы, суықтан болған жөтелді емдеуге қолданылады.

 

Жаужұмыр

Жаужұмыр – қоңырау гүлдер тұқымдасына жататын иісті өсімдік. Оны торсылдақ шөп деп те атайды. Биіктігі 1 метр шамасында. Тамыры жұмыр. Негізгі сабағы көп бұтақты болады. Сабағының басындағы жапарақтары аз, әрі кішілеу болады. Көгілдір ақ түсті қоңырау тәрізді гүл ашады. Үш ойықты қауашақ жемісінің сыртынан жапырақ тостағаншасы қоршап  тұрады.

Орманды, ылғалды жерлерде өседі. Жаужұмырдың тамыры дәрі. Оны күзде қазып алып, тазалап, кептіреді.

Жаужұмырдың көк бауырды, асқазанды жақсарту, дене қуатын арттырып, қан толықтау, дене суықтығын көбейтіп, шөлді басады. Ол көк бауырды,  асқазан әлсіздігін, қан аздықты, балалардың тамаққа тәбеті тартпауын емдеуге қолданылады.

Құрт шөп

Құрт шөп – саңырауқұлақ тектес өсімдік. Ол көбелек туысындағы бір түрлі бунақденелі жас құрттың  ішінде жасайды. Оның бактерия жіпшелері топырақ арасындағы жас құрттың ішіне кіріп, оның денесіндегі қоректік заттарын сіміреді де, құртты өлтіреді. Одан соң қандауыр тәрізді жалғыз жапырақты сабақ шығарады. Қыста құрт бейнесінде жатады. Өлген құрт сарғыш-қоңыр немесе қызғылт түсті, ал іші ақ түсті болады.

Құрт шөп биік таудың шөпті жерлері, қалың орман, бұта ішінде өседі. Бактерия жіпшелері бар қураған құрты дәрілікке қолданылады. Оны 6-7 айларда қазып алып, тазалап, кептіріп сақтайды.

Құрт шөп өкпені, бүйректі, қуаттандарады. Дене қуатын арттырып, қақырықты түсіреді. Қан тоқтатады. Оны түрлі дене әлсіздігі, демікпе, қан аздық, белсіздік, шауһат тоқтамау және бүйрек әлсіздігінен болатын бел, аяқ ауруларын емдеуге қолданады.

 

Хабарласу