+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
02.02.2013 «Жас-Ай» медициналық журналының №6(21) саны жарық көрді Денсаулық тақырыбын қазақ тілінде жазатын бірден бір басылым Республикалық «Жас-Ай» медициналық журналының 21 саны оқырман назарына жол тартты. Журналымыздың басты қонағы болған алматы қаласы, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлының «Мақсатым – Елбасының тапсырмасы мен халықтың талабын орындау» атты салиқалы сұхбаты берілді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.12.2012 Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі – атажұртына оралған бір миллион қазақ Тәуелсіздік! Осы бір ғажайып сөз – тамырында қазақтық қаны бар кез-келген қазақ үшін қадірлі һәм қымбат. Әсіресе, шетелдегі қазақтар үшін егемендіктің қаншалық ыстық екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олардың біразы отанына оралды. Бірақ, құр келген жоқ. Атажұртына тап-таза сақталған ұлттық болмысын, сап алтындай салт-дәстүрін, телегей мұрасын, терең білімін, техниканың тетігін, кәсіптің қыр-сырын, шаруашылықтың алуан түрін ала келді. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тұрақтылығына, экономикалық өсуіне өлшеусіз үлес қосуда. Сол қандастардың көш басынан көрініп, елім деп егіліп жүрген тұлғалардың бірі, бірі ғана емес, бірегейі м. ғ. докторы, профессор, академик, Вена Халықаралық Университетінің «Құрметті профессоры», Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі, Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің иегері, «Жас-Ай» медициналық орталығының Бас директоры Жасан Зекейұлымен тәуелсіздік тақырыбына аз-кем әңгіме өрбіткен едік… Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
04.12.2012 «Ел-Шуаққа» сүйінші, «Бауырластарға» бәрекелді! “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” демекші, Елбасының “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртулары: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасының және “шеттегі қандастарымыз тарихыи отанына не алам деп емес, не берем деп келуі керек” деген үндеуінің жұрт көңілінен шығып, атқарыла бастғанын ісжүзіндік қыймылдары, қомақты нәтижелері арқылы дәлелдеуге құлшынған азаматтың айтулы бастамалары айтарға тұрарлық. Ол – Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Вена халықаралық университетінің “құрметті профессоры”, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, халықаралық “Сократ” атындағы өрденнің иегері, “Жас-Ай” медицина орталығының директоры, “Жас-Ай” журналының бас редакторы, “Нұр Отан” ХДП бастаушы партия ұйымының төрағасы Жасан Зекейұлы. Ол шақырып ашқан “Ел-Шуаққа” сүйінші, “Бауырластарға” бәрекелді атты конференцияның жаңалығы мол, айтары қомақты, мақсаты өміршең, мағынасы терең. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
04.12.2012 Қаланың аты, Бабаның аты болса! Биылғы құрбан айт мерекесін көптен күттім. Әрине бұл мерекені әр мұсылман асыға күтетіні қалыпты жағдай. Бірақ, мені асықтырған ұлық мерекеге деген құрметтен бөлек, тағы бір күш болды. Ол -қасиетті мереке кезіне туралап, әулиелер мекені болған Маңғыстау топырағын аралап, Бекет атаның басына құран оқып қайтсам деген көңіл дәптеріне ертеден жазылып қойған жоспарым еді. Бұдан бұрын жұмыс сапармен талай рет барғаныммен, Бекет ата басына арнайы ат басын бұрғаным осы жолы болды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
20.07.2012 Сүйінші, «Жас-Айдың» жаңа қонысы бой көтерді Алматының қақ төрінен орын тепкен «Жас-Ай» орталығы бұл күнде тұтас қазақ даласы түгілі алыс-жақын шетелдердің біразына да танымал, білікті медициналық мекеме. Бұлай дейтініміз орталықты құрушы әрі Бас дірігері Жасан Зекейұлы әлемнің бірнеше ірі академияларының академигі, халықаралық «Сократ» орденінің иегері, халықаралық Вена университетінің «Құрметті профессоры», еліне елеулі, халқына қалаулы азамат. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
20.07.2012 «Жас-Айда» балаларым ДЦП-дан жазылды Мен «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына көзімнің ағы мен қарасы – екі бірдей құлыншағымды «балалардың сал ауруы» (ДЦП) деген диагнозбен алып келдім. Екеуінің де көзі жақсы көрмейтін әрі қыли болатын. Үлкен қызым 2010 жылдың қараша айына дейін жүре де, сөйлей де, тіпті басын дұрыс ұстай да алмайтын. Қызымның оң жағы толық салданып қалған еді. Қол-аяғын қанша тырмысса да, еркін қимылдата алмады. Бір беті үнемі ісіп тұратын. Жергілікті және шалғайдағы емханаларды түгел араладық. Мамандар қызымның бір көзі көрмейтінін растап берді. «Жас-Ай» медицина орталығына қараша айының басында келіп, бірінші курс ем қабылдадық. Шипалы ем алтын ине алудан, шөптермен қыздырудан басталды. Нүктелі уқалау, тоқ массаж және аяқ массажы жасалды. Шөп дәрілерін үнемі ішіп тұрдық. Банкі қойды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
20.03.2012 Ресей Федерациясы Жасан Зекейұлына медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді 2012 жылдың наурыз айында Жасан Зекейұлына Ресей Федерациясы Москва қаласының Жоғары академияаралық аттестациялық комиссиясының 2012 жылғы 28 ақпандағы № 012007-1м Шешімімен «Жүйкесі жұқарған емделушіні күйзелістен шығаруда дәрісіз емдеу және адамның хал-жағдайын қалпына келтіру үрдісін бақылау» атты еңбегіне медицина ғылымдарының докторы деген ғылыми дәреже беріліді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
17.10.2011 Қалалықтардың жүйкесі жиі сыр береді Бұл клиникадан осы күнге дейін жеті мың отбасы тегін ем алған. Бас дәрігердің айтуынша, рактан өзге ауруға шипа іздеген жанның бәрі Қазақстанның қай түкпірінен болсын Алматының төріндегі «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық клиникасына келеді. Сондай-ақ, балалардың сал ауруы немесе ДЦП диагнозымен келген 400 баланың 80 пайызына иненің шипасы тиген. Таза ауасыз тұншығып тұрған үлкен мегаполис тұрғындарына бүгінде тағы қандай ауру үйір? Қала тұрғындарына денсаулық жайында тегін ақпаратты қайда берген тиімді? Осындай сұрақтарды біз клиника басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫНА қойған едік. ҚОҒАМ ЕРІКСІЗ МӘЖБҮР ЕТЕДІ – Жасан Зекейұлы, шаһарымыз лас қалалардың көшін бастап келеді. Алматылықтардың денсаулығы қалай? Үлкен қаланың қарбалас өмірі денсаулыққа қарауға мұрша беріп жатыр ма? Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
16.09.2010 «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицинасы орталығы жетекшісі Жасан Зекейұлы, Халықаралық «Сократ» өрденінің иегері Жасанмен жақсылық қоса еріп жүреді. Бұл сөздің ақиқаттығына барған сайын көзіміз жетіп келе жатқандай. Бүкіл еліміз тәуелсіздіктің 19 жылын қуана тойлап жатқан тұста Жасан да жақсы ақпаратқа кенелді. Жағымды жаңалық Венадан жетті. Айтайық… Толық қарау >>
Хабарласу