+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
25.05.2015 Бірінші курс емінен кейін-ақ жақсы бола бастадым Көп жылдан бері екі тізем қатты ауырып, жүргізбеуші еді. Оның бер жағында белім ауыратын болды. Дәрігерлер остеоартроз, омыртқа жарығы деген диагноз қойды. Осы диагноз бойынша облыстық ауруханада емделдім. Қанша емделсем де, аяқ пен белімнің ауруы күшейе түсті. Енді не істейтінімді білмей жүргенімде, өткен жылдың қазан айында жергілікті газетке журналист Қ.Смадиярдың «Жас-Ай шығыс-тибет медицина орталығында болғанда» деген үлкен мақаласы жарық көрді. Онда медицина орталығының жұмысы мен профессор Жасан Зекейұлының қызметі, еңбектегі, ғылымдағы табыстары туралы кең түрде баяндалған екен. Осы мақаланы оқығаннан кейін менің бойымда «осында емделсем – жазыламын» деген үміт пен сенім пайда болды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
25.05.2015 ҮШІНШІ КҮНДЕ АЯҒЫМА ЖАН БІТТІ! Мен, Ертаева Гүлшаһар, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылынан келдім. 52 жастамын. 2010 жылдан бері төсек тартып қалдым, II топтағы мүгедекпін. Инсульттан құлағалы бері сол жақ қол-аяғым әлсізденіп қалды. Кейде қан қысымым көтеріліп кетеді, оны «бүйрек пен жүректің әсерінен» дейді дәрігерлер. Басым қатты ауырғанда құлақтарым шуылдайды. Басым айналып, әлсіздіктен көз аша алмайтын күйге түстім. Бұл менің «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығына бірінші рет келуім. Осы уақытқа дейін көптеген емханалардың есігін тоздырып, ем таба алмаған соң, Алматыдағы сіңлім қолымнан жетектеп, «Әпке, сіз осы жерден жазылып шығасыз!» деп, осында алып келді. Профессор Жасан Зекейұлының өзі ине салды. Сол кісінің инесі денеме қадалғанда аяғыма жан біткендей әсер алдым-дағыны, үйге барғанда аяғымды бұрыңғыдай сылтып баспайтынымды байқадым. Үйдегі балаларыма телефон шалып, жақсы бола бастағанымды қуанышпен хабарлап жатырмын. Әрине, бұл 3-ші күннің ғана сеансы болатын. Алда әлі талай ине салдыртамын ғой! Барлық ауруларымнан жақында қош айтысатыныма сенімдімін! Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
17.05.2015 Наурызды тойлағанымыз – ұлтымызды ойлағанымыз Нағыз жаңа жыл осылай болмақ… Жаңа деген сөздің астарында өзгеріс деген ұғым жатыр. Қазақтың төл жаңа жылы міне осы тұрғыдан алғанда үлкен өзгерістің, жаңару мен түлеудің, көгеру мен көктеудің басы болмақ. Күллі жақсылықтың бастауы болған наурызды жылдың басы деп бекіткен бабамыздың ғұламалығына басыңды иіп, солардың ұрпағы болғаның үшін шүкірлік айтасың. Осынау мәйекті мәдениетті ғаcырлар бойы ұлықтаған, ұмытпаған шығыс данышпандарына бас шұлғып, қазіргі батысшылдыққа сескене қарайсың. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
11.05.2015 Қасіреттен айықтырған қасиетіңнен айналайын! Өмірдің бақыты – деннің саулығында болса керек. Әсіресе, «балалық шақтың кермек дәмін» татып қалу – әрбір сәби жүрегінде өкініштің өзегіне айналары сөзсіз. Өміріміздің ең сәтті де, тәтті кезеңі осы бір балалық шақта қалыптасады емес пе?! Ал, баланың дұрыс сөйлеп, жүре алмауы салдарынан тәтті қиялдардың шырмауына ғана шырмалып отыра беруі қай ата-ананың жанына батпайды дейсіз?! «Жас-Ай» орталығына келген әрбір емделуші жазылып, дертіне дауа табу үшін келетінін естіп-білген осындай ата-аналар «малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деп келетін болса керек. Олардың мұнда қай жақтан келсе де, үлкен үміттерін бірге арқалап келері сөзсіз. Ең бастысы, сол үміттер ақталуда! Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
11.05.2015 «Жас-Ай» медициналық орталығы – өміріміздің бір бөлшегі Ғылым күн санап дамып, технологиялар сәт сайын жаңарып жатқанменен, керісінше адам денсаулығы әлсіреп бара жатқандай көрінеді.Адам қоршаған ортаны игерген сайын табиғи баланс бұзылып, мұның салдарынан туындап жатқан экологиялық түрлі жағдайлар адам денсаулығын құртып жатыр. Бұрын атын естімеген ауруларды да көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Емі жоқ аурулар көбейіп кетті. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
02.02.2015 «Жас-Ай» журналына жазылу жүріп жатыр Құрметті оқырман, «Жас-Ай» медициналық ақпараттық журналына жазылу жүріп жатыр. Бұл басылым республика көлемінде медицина саласын қазақ тілінде жазатын бірден-бір басылым. Журнл мазмұны бай. Онда халыққа ауырмаудың жолын көрсететін, медициналық кеңестер мен қоса түрлі емдік шөптердің дәрілік қасиеті және оны қалай пайдаланру туралы жақсы баяндалады. Журналдағы «Пайдалы кеңес» айдаршасынан күнделікті тұрмыста жиі тұтынатын азықтарды қалай тұтынғанда денсаулыққа оң әсері болатыны жайлы біле алсаңыз, «Әр тараптан» атты айдаршасынан әлемде медицина саласындағы соңғы жаңалықтардан хабдардар боал аласыз… Жалпы, «Жас-Ай» журналы Сіздің денсаулығыңыз үшін қызмет етеді. Журнал бағасы лайықты, Сіздердің жазылуларыңызды асыға күтеміз! Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.01.2015 Немеремнің тілі шығып сөйлеп кетті Мен Молдабеков Нәдірбай Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылының тұрғынымын. «Жеті жасар немерем Ерасылмен жетектесіп « Жас-Ай» орталығына келгелі бері қуанышымызда шек жоқ. Өмірдің жарық жақтарын көре бастағандаймыз» деп әңгімесін бастаған Нәдірбай ата сөзін аяқтамай орталықтың дәрігерлеріне ақ алғысын жаудыра бастады… «Орталықтың алтын қолды ақ жүректі дәрігерлеріне айтар алғысымыз шексіз… Әрқашан күлімдеп қарсы алып, жадырап шығарып салады. Ем алып кеткен соң қайта айналып келгің келіп тұрады, өйткені әр емінен немеремнің жағдайы жақсарып,әр сөзі жанымызға медет болып дертімізге дауа болды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.01.2015 Эпилепсиядан айығып келеміз! Ұлымыз Рамазан 4 жасында эпилепсия ауруына шалдығып, көрсетпеген дәрігеріміз бен жасамаған ем-домымыз қалмады. Арлы-берлі сандалып, ауыр дертке ем қонбай, үмітімізді біржола үзген болатынбыз. Елімізде ашылған шығыс-тибеттік медицина «Жас-Ай» орталығының ерекшелігі мен көптеген науқастардың оңтайлы жазылып кеткендігі жайында бұрын-соңды көп еститінбіз. Бірақ жолымыз түспей, біраз уақытымызды өткізіп алдық. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.01.2015 Баламның денсаулығынан асқан бақыт жоқ мен үшін! «Өмірдің мәні – бала» деген. Бәріміз де бала үшін өмір сүреміз ғой. Олар біздің жалғасымыз, ұрпағымыз. Сондықтан да баланың денсаулығынан асқан бақыт жоқ деп білемін өзім. Отбасымда жарыммен бірге тәрбиелеп отырған үш балам бар. Ұлымыз Ерназ - сол үш баланың үлкені. Бас-сүйек қысымынан зардап шегетіндіктен дұрыстап сөйлей алмайтын. Осында емделіп кеткен адамдардан естуіміз бойынша «Жас-Ай» орталығына келіп емделіп жүрміз. Ақтау өңірінен арқаланып келсек те өкінбейміз. Мұнда біз сияқты алыстан келушілерге толықтай ем алуға жақсы жағдайлар жасалынған. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
15.12.2014 Еңбекпен өткен, жетістікке жеткен10 жыл! «Уақыт – әділ төреші». Осы бір ауыз сөзге күн санап көзіміз жетіп келеді. Он жыл бұрын аядай үш бөлмеде жұмысын бастаған «Жас-Ай» медициналық орталығы бүгінде қанатын кеңе жайған, мыңдаған адамды ауру азабынан айықтырған, еліміз бен алыс-жуықтағы шетелге танымал ауруханаға айналды. Бүгінде 5 қабаттан тұратын 60 төсектік аурухана салдырып, озық медициналық жабдықтармен жабдықталған ірі медициналық орталық ретінде қалыптасты. Бұл жетістікке Бас дәрігер, академик Жасан Зекейұлы өзінің адал еңбегімен бірге, әсіресе, өзінің отанға деген сүйіспеншілігі мен халықтың сенімінің арқасында жетті. Еліміз бойынша медициналық кластер жүйесі негізінде алғашқылардың бірі болып қызмет түрін көрсететін «Жас-Ай» медициналық орталығы 10 жыл ішінде жалпы саны 40 мыңнан астам науқасқа ем-дом жасалып, 7 мың адамға тегін ем көрсетті. Көптеген инсульттан салданған адамдарды орнынан тұрғызып, мешел(ДЦП) балаларды ауруынан айықтырды. Одан бөлек 500-ге жуық отбасыға бала сүю бақытын сыйлап, ұлтымыздың демографиясына зор үлес қосып келеді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
15.12.2014 «Жас-Айдың» 10 жылдық есеп беру кеші өтті 2014 жылдың желтоқсан айының 3 жұлдызы күні, кешкі сағат 17:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының 10 жылдық мерейтойына және «Жас-Ай» медициналық ақпараттық журналына 5 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті. Кешке Астанадан арнайы сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, жазушы, ғалым, философия ғылымы докторы, профессор, академик Ғарифолла Есім, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, жазушы халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының иегері Жәркен Бөдеш, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Зиядан қажы Қожалымов сынды бірқатар тұлғалар қатысты. Кеш сәнін Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан, күйші-сазгер Секен Тұрысбеков, «Қыздар-ай» тобы сынды бірқатар өнер майталмандары арттырды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
15.12.2014 Көңілімді көктем еткен «Жас-Ай» Жиырма жылдан бері денсаулығыммен алысып келемін. Өкпенің қабынуы деп диагноз қойылды. Неше түрлі дәрі-дәрмектерді үзбей қабылдаудың әсерінен бе асқазан ауруымен қоса жүрек ауруы да мазалайтын болды. Бара –бара денем тоқтаусыз дірілдеп, жеңіл желпі жұмыстарды да істеуден қалдым. Құлағымнан бір шыңыл кетпей тұрады. Оң құлағым нашар еститін болды. Алматыда осы « Жас-Ай» орталығы бар, шөп дәрілермен емдеп, ине қояды дегенді дегенді естіп дереу жеттік. 2014 жылдың тамыз айынан бастап алғашқы курстық емді бастап кетім. Алғашқы келген күндегіден жағдайым 40 пайызға жақсарды. Тамаққа деген тәбетім артып, ұйқым да қалпына келе бастады. Ине салып, оны 12 түрлі шөппен қыздырғанда жаным сүйсініп сала берді. Оған қоса шөп дірілерді қабылдап,бұрынғы қабылдап жүрген дәрілерімді мүлдем ұмыттым. Ешқандай да асқазаныма ауырпалық түсірмейді. Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауруы (гипертония) деген диагноз да қойылған, қазір Аллаға шүкір ол аурудың ізі де қалмаған сияқты. Қол аяғымның дірілдегені басылып, азды көпті жұмыстарды істеуге шамам келетін де болды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
15.12.2014 «ЕМІН ТАПСА – ЖАЗЫЛМАЙТЫН АУРУ ЖОҚ» Аяласаң табиғат ананың берері мол. Біздің денсаулығымыз да сол табиғатпен, жер-анамен тікелей байланысты. ХХ – ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиген еді. Орыстардың отарлау саясаты, онымен қоса Ұлы Отан соғысы, Семей полигоны, Арал теңізінің тартылуы қазақ халқының бастан кешірген ең қайғылы тарихы ретінде жадымызда сақталып қалмақ. Оның зардаптарын ел әлі күнге дейін тартып келеді. Әсіресе ғарыш кемесінің құлаған сынықтарынан зардап шегетін Байқоңыр өңірлері, одан өзге мұнай өндіретін батыс өңірлерінің халқы денсаулықтың қадірін біледі. Ғылым мен техника дамыған соңғы кезеңде қалалардың да халі мүшкіл деуге болады. Экологиялық ластанудың салдарынан әсіресе бүгінгі таңда «ДЦП», яғни, мешелденген сал балалардың туылуы көбейген. Қарттарымызды жалмаған инсульт, жүрек талмасы, қан қысымының жоғарылауы, бел, аяқ-қолдардың тартылуы сияқты сырқаттар елімізде шаш етектен. Осы дерттерден дәстүрлі медицина бойынша емделіп айыға алмағандардың көбі шығыстық инемен емдеу тәсіліне жүгінетін болды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
15.12.2014 Алғыс арқалаған арқалы азамат Мен Атырау облысы, Атрау селосының еңбек ардагері зейнет демалысындағы дәрігер ана- Фазылова Сәуле. Осы «Жас-Ай» медициналық орталығына келіп төрт рет ем қабылдадым. Бірінші қаралған күннен бастап орталықтң басшысы профессор Жасан Зекейұлы жылы жүзімен,ақ жарқын қарапайым,ақ ниетімен,қарсы алды. Жасан Зекейұлының дәрәгерлік біліктілігімен бірге,адамға деген жылы көзқарасы,жылы лебізі,мәдениеттілігі,адамдық келбеті,халқы үшін жан жүрегімен,қызмет істеуі және осы орталықтағы дәрігерлікке халқына адал қызмет жасауға талап қоя білушілігі бұл дәрігерлердің үлкен азаматтық кісілігі деп білемін. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
02.12.2014 Шақыру Құрметті, «Жас-Ай» журналының және сайытымыздың оқырмандары!   Сізді желтоқсанның 3 жұлдызы, кешкі сағат 17:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының 10 жылдық мерейтойына және «Жас-Ай» медициналық ақпараттық журналына 5 жыл толуына арналған салтанатты кешке шақырамы з. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
23.10.2014 АЛТЫН ИНЕНІҢ ҚҰДІРЕТІ «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығында болғанда Шығыс-тибет медицинасы адамзаттың мыңдаған жылдар бойы ғылыми-тәжірбиелік зерттеулерінің негізінде қалыптасқан емдеу саласы болып табылады. Бүгінде оның көптеген құпия сырлары бар. Алайда ол кәдімгі классикалық медицинаға қайшы емес, оны керсінше толықтырып отырады. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.10.2014 ТҮС АРҚЫЛЫ ЕМШІСІН ТАПҚАН АНА Түс Алла жаратқан кереметтің ең кішісі екен. Ол үш түрлі болады. Алғашқысы – шайтани түс. Бас – аяғы жоқ, адамды мазалап, түсініксіз күйге түсіретін шым-шытырық түсініксіз түс. Ел оны шайтанның әсері деп сенеді. Екіншісі – періштелер көрсететін түс, яғни аян түс. Ол таң алдына көрінеді. Өте қысқа және ап-анық болады. Есіңнен шықпайды. Бұл түсті келешектегі жақсылық-жамандық ишараттан белгі-хабар деп ырымдайды. Үшіншісі – қияли түс. Бұл – шайтанмен періштенің әсерінсіз, адамның өзі көретін түс. Мұны адам қатты шаршағанда немесе қатты ойланып, мазасызданғанда көреді екен. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.10.2014 Алғыс айтудан шаршамаймын Аты-жөнім – Гүлнәр Төртбаева. Алматы қаласының тұрғынымын. Осы «Жас-Ай» медициналық орталығына жақын жерде тұрамын. Бұрын-соңды жанынан өткенде қарап өтетінмін. Содан денсаулығым сыр бере бастағанда осы жерге келіп көруді жөн көрдім. Менің ауыратын жерім – сүйектерім. Аяқ-қолымның сүйектері ауыратын. Ине терапиясын бұрын естігеніммен алып көрген емеспін. Алғаш рет, қазір екінші курсын алудамын. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.10.2014 Өмірге деген махаббатты қайта сезіндік Қарағанды облысы, Теміртау қаласының тумасы Нұрмұхамедов Батырбек 2009-шы жылдан бері бірінші топтағы мүгедек . Құрылыс жұмысы кезінде үш қабаттық, биіктігі 8-9 метрлік ғимараттан құлап, екі аяғы мен бел-омыртқасы, бас-сүйегінен ауыр жарақат алған. ОАРИТ ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізіліп, қажетті алғашқы дәрігерлік көмектерін алады. 28.09.2009 жылы операция жасау барысында эпицистотомиясы алынып, орнына уретра арқылы зәр катетері қойылады. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
16.10.2014 «Ұлытаудағы ұлағатты сұхбат, ұлт болып ұйысуға шақырады» Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қазақтың тарихи астанасы болған Ұлытау жеріне барып, стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кесті. Соңынан, киелі Ұлытаудың бөктерінде, Әулиебұлақтың жағасында отырып, елдің кешегісі мен бүгіні және келешегі туралы керемет сұхбат берді. Бұл сұхбат жүрегі отан деп соққан әрбір азамат үшін әсерлі болғаны анық. Сұхбаттан алған ойымен бөлісу үшін «Жас-Ай» орталығының директоры, академик Жасан Зекейұлымен әңгімелескен едік. – Елбасы Ұлытау өңіріне келіп, елдің көңілінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, «Мәңгілік ел» болу жолындағы мақсатты ойларымен бөлісті. Сізге, бұл сұхбат қалай әсер етті? Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.09.2014 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК БЕРЕЙІК «Ауру адам сау адамның басынан тәж көреді» деп бекер айтпаған. Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы да денсаулыққа байланысты екенін балтырың сыздағанда,әрине,білесің. Денсаулық – адамның бақыты.Ал денсаулықты күтіп,бағалау әр пенденің өз қолында. Дей тұрғанмен де, өмір болған соң неше түрлі жағдайлар орын алып жатады. Табиғаттың тосын құбылыстарының ,оқыс оқиғалардың ,өзімізге деген немқұрайлықтың салдарынан денсаулыққа көптеген зиян келетіні дүйім жұртқа аян. Ондай жағдайда адам жанына араша болар ақ халатты абзал жандарымыздың көрсетер көмегі көп. Ауруына шипа іздеп шалғайдағы қандастарымыз қаншама шақырымды артқа тастап, қалалық ауруханаларда ұзақ – сонар кезекте тұрып,ауруларын асқындырып алатындар қаншама?!Ал қәзір оның бәрі артта қалып,жағдай біршама түзелген. Еліміздегі медицина саласының дамуына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.09.2014 ТАЯҒЫМДЫ ТАСТАДЫМ, ЕРКІН ЖҮРЕ БАСТАДЫМ Мен, 2008 жылдан бастап инсульт ауруына шалдықтым.Содан бері тепе-теңдігімді ұстай алмай таяққа сүйеніп жүрдім. Алғаш инсульт алып құлаған кезде Аламатыдағы 7 аруханаға түсіп сонда қаралдым.Одан кейін Өскемендегі ауруханаға да жатып шықтым.Ешқайсынан ешқандай да оңды нәтиеже бола қоймады. Ауылда тұратын Оралғайша деген келіншек осы Алматы қаласындағы «Жас-Ай» орталығынан емделіп жазылғанын айтып,маған мекен жайын берді. Осы «Жас-Ай» орталығына биылғы жылдың,яғни 2014 жылдың мамыр айында келдім. Жасан Зекейұлы тамырымды ұстап,қабылдайтын емдерді жазып беріп бірден емді бастап кеттім. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
27.06.2014 «АЙТУҒА ОҢАЙ», яғни даналық белгі Бұл мақала менің «Сынаптай сусыған жәһанда» деп аталатын ғұмырнамалық эссе кітабыма енгізіліп отырғандықтан, кітап талабына орай шағын көлемде жазылды. Соңғы жылдарда телеарнаның «Қазақстан» бағдарламасынан Бейсен Құранбек деген азамат жүргізетін «Айтуға оңай » хабарын көреміз. Бұл хабардың көтермейтін, таппайтын тақырыбы жоқ. Есте-түсте жоқ, ешкім ойламаған, әрі қазандай қайнап тұрған мәселелерді жерден шұқығандай іздеп тауып ақтарады. Толық қарау >>
27.06.2014 ТАРИХТЫ ҰМЫТПАЙҚ, АРДАГЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ! Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол жылдардың елесі, жүректерге салып кеткен сызаты әлі күнге дейін халық жадында. Толық қарау >>
Хабарласу