+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Біз туралы БАҚ

Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
29.11.2016 ҚОР БОЛМАЙДЫ ЖАҚСЫЛАРМЕН ЖАНАСҚАН... Үйіңді қонақ келетіндей, Ал жүрегіңді өлім келетіндей таза ұста! (Халық даналығы) ...Сары Арқаға сары ала күз келіп кетсе де, қара суықтың ызғарын сезініп-ақ тұрмыз. Өз уақытынан сәл ертерек түсіп, әр жерден бір көрініп қалып жатқан алақанат қар сілемдері де алдағы болатын қатал қыстың хабаршысындай мен мұндалайды. Сонда да бүгінгі күннің жылылық тартар лебі көңілдерді көтергісі келетіндей ерекше бір әсерге бөлеп тұр... Иә, табиғаттың ауа райы тәрізді өмір дегеннің де шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасып жатады емес пе?. Оның осы бір ауыспалы сәтіндегі мінездерімен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп, жетегінде кеткендер де баршылық. «Нағыз жігітте екі өнер болады: атқанда- жығады, айтқанда- ұғады!» демекші, Жасан ағамыз болса, солардың алғашқысына қосылады. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
02.09.2016 Жасан - ұстаз Жасан - ұстаз Ұстаз ұғымының мағынасы өте терең. Ұстаз болу үшін жомарт жүрек, жалынды жігер керек. Ұстаз – ол шәкірттің өкіл әкесі, шәкіртін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай дұрыс жолға бастаушы. «Өз уақытын аямай, өзгенің уақытын аялау» арқылы жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын, білім нәрін дарытушы. Жасан Зекейұлы дәл осындай үлкен жүректі, мейірімді, адамгершілік қасиеті мол адам. Оның бойындағы атадан дарыған адами қасиеттері бірден көрініп тұрады. «Мен академикпін» деген талай оқымыстылардың алдында болдым. Солардың бір де біреуі менің ізденісімді қолдамады. Ал Жасан Зекейұлы менің бастамамды бірден қолдап, өзі де ақыл кеңесін қосып, қамқорлығына алды. Осылайша, Жасан Зекейұлы ғылыми жол көрсетіп, әрі демеушілік жасап «Арбат» және «Айбат» деп аталатын құрылғы ойлап таптық. Бұл құрылғылар адам ағзасындағы магниттік жасушаларды күшейтіп, гормондарды реттеп, ағзаны жасартады. Бұл әлемде теңдесі жоқ жаңалық болып танылды. «ARBAT» және «AIBAT» жасарту аппараттарын пайдаланған әрбір адам салауатты өмір салтын ұстауға, күнделікті тіршілікте салмақты, мейірімді болуға тырысады. Енді осы жаңалық Нобель сыйлығына ұсынылмақ. Мен басымнан өткен жағдайдан соң академиктерді зерделі және зердесіз академиктер деп екіге бөле қарайтын болдым. Зерделі адам сенің бойыңдағы қабілетіңді айтқызбай-ақ сезетін сұңғыла болады. Мысалы қарапайым ғана мысал келтірсем, Жасан Зекейұлы біздің кабинетке кірмес бұрын жөткірініп, «мен келе жатырмын» дегендей дыбыс береді. Бұл – мен кіргенде «ыңғайсыз жағдайға қалмасыншы» деген ізгілікті адамның іс әрекеті. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
02.09.2016 Это учёный и сердце золотое. XXI-век-это век стремительно развивающейся науки и техники, вследствие которого трудности жизни сказываются не на физической силе , а на уме и сердце человека. И поэтому озабоченность за здоровье человека изо дня в день возрастает. Особенную тревогу вызывают загрязнение окружающей среды , повседневная суета, суматоха городской жизни , которые способствуют возникновению нервных болезней , повышению уровня артериального давления . Болезни ,чем некогда страдали старики , ныне «принялись» за молодых. И в такой период развития нашего общества востребованы врачи и среди них в особенности квалифицированные , конкурентоспособные специалисты-медики. Жасан Зекейулы , доктор медицинских наук, профессор, академик обратил на себя внимание коллег и пациентов отменным профессионализмом, высокой культурой и милосердием по большому счёту. Известный в республике врач , чьё имя вызывает в людях чувство большого уважения и доверия. Добрая слава о нём перешагнула пределы Казахстана. Медицинские услуги высокого качества, оказываемые населению Центром Восточно-Тибетской медицины «Жас-Ай», основанным Жасаном Зекейулы на благо соотечественников, стали вполне доступными для простых людей. Центр «Жас -Ай» фактически стал для горожан, живущих на зарплату, и селян , рассчитывающих на живность в подворье, стал незаменимой лечебницей, нынче где такую найдёшь… Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
02.09.2016 Жақсыға шаң жуымас Таза еңбегімен елдің алдына шыққан, қаншама мыңдаған науқастардың дертіне шипа жасап алғысқа бөленген, іскер, түрлі мәдени іс-шаралардың демеушісіне айналған медицина ғылымдарының докторы, академик Жасан Зекейұлы туралы, оның халқына атқарып жатқан қызметін көре алмайтын жандар тарапынан түрлі алыпқашпа сөздерді естіп қалып жүрміз. Әрине кейбіреулер істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып, өзгелердің айтағына еріп кетіп жатыр. Сол себепті Жасан Зекейұлының басынан өткен жағдай, сот процесі туралы нақты шындықты «Түркі әлемі» газеті арқылы жұртшылыққа жариялауға бел будық. Жасан Зекейұлының еміне зәру болар адамдар әлі де мыңдап кезігері анық. Солардың да көңілінде дүдәмал ойлар болмау үшін ақиқатты алға шығарып отырмыз. "Жас Алаш" газетінің өткен жылғы (№37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015ж.) санында "Академик" отбасымен соттасып жүр» деген тақырыптағы мақала жарияланды. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса да» деген мәтелге сайып, газет өзімдікі, не жазсам да, қалай жазсам да, ерік өзімде дегені болар. Яғни жұмыс бабын өз мүддесіне пайдаланған пейілі болу керек. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерген Жасан Зекейұлының отбасына сөз келтіріп, отағасын ел алдында ақты ақ деп, қараны қара деп ажыратып, айыруға бас қатырмай, қаралап бағыпты. Отбасы деңгейінде бір мәмілеге келтіріп екі жақты келістіріп шешілетін мәселені үлкен қоғамдық "проблемаға" айналдырып жіберді. Мақаланы жариялаудағы мақсат, бүкіл халықтың алдында Жасан Зекейұлының абыройына нұқсан келтіру болған. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
12.07.2016 ӨМІР СҮРЕ БІЛ! Өмір сүресің - үйренесің. Жаманнан жиренесің. Құпияны білмекке талпынасың. Тұрмысыңды жақсартудың жолдарын іздеп, шарқ ұрасың. Әрнеге ой жүгіртіп, өзіңше көкірек діліңмен қорытасың. Менің де осы бір отыз жастың мұғдарында түйген өз пайымым бар. Дүние - төрт тарап. Төрт тарапқа қарап төрт түрлі ойды түйдім. Соның біріншісі - барлық бәсеке біткенді қабылдау, қиыншылық атаулыға төзе білу. Біз қандай жағдайда да тағдыр басқа салған бақытсыздыққа төтеп беруге дайын тұруымыз керек, олай болмағанда мәңгі бақи үміт пен сүйіспеншілікке бөлене алмаймыз. Біз кез болған азапты қалайда бір әдіспен жеңуге болатындығына сенуіміз керек. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
29.12.2015 АЛҒЫСҚА ТОЛЫ АҚ ТІЛІЕКТЕР, ҮМІТТЕР Дертіне – шипа, деніне – саулық іздеген мұқтаж жандардың қазір ағылып баратын жері «Жас-Ай» медицина орталығы екенін жұрттың бәрі біледі. Орталықтың жетекшісі – Жасан Зекейұлы мырза Шығыс-тибет медицинасы бойынша науқастарға ем жасайды. Жасанның, Жасанның жанындағы білікті дәрігерлердің көмегін көріп, ауруынан айыққан адамдар «Жас-Ай» медицина орталығына деген ризашылықтарын баспасөз беттерінде айтып та, жазып та жүр. Төмендегі алғысқа толы хаттардан да көпшіліктің көңіліндегі жүрек толқытар ыстық тілектер мен үкіленген үміттерді көреміз. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
07.12.2015 ЖАҚСЫ АДАМ - ЕЛ ЫРЫСЫ Адам баласын алға жетелейтін асыл арман мен ұлы мұрат болса, сол биік тұғырдан көріне білген перзент – нағыз бақытты жан. Кемеңгер Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» демекші, аспан елінен атамекенін сағынып, аңсап келген қандасымыз Жасан Зекейұлының алдына қойған ең биік асыл арманы – өз ұлтының, қазақ елінің мерейін көтеріп, қызмет ету болатын. «Ердің атын еңбек шығарады» демекші, Жасан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кездескен қиындық атаулыдан қаймыққан жоқ, қыран құстың қанаты дауылға қарсы ұшқанда қатая, шыңдала түспей ме. Елін сүйген азаматты кездескен кедергілер жасыта алған жоқ, керісінше, жігерлендіре, қайраттандыра түсті. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
01.12.2015 Алтын ине апта ішінде аяғынан тұрғызады Таңертең көзін тырнап аша салып таблеткаға қол созатын адамдар уыс-уыс дәрі ішуді әдетіне айналдырып алғанын аңдамай да қалып жатыр. Ал құрамында химиялық қоспасы бар дәрілер бір аурудан емдесе, жоқ ауруды қозғап шығаратыны белгілі. Аурудан қажып, дәрмені таусылған адам жанталасып ең соңғы мүмкіндіктерді іздей бастайды. Емшілерге сенбейтін, бақсы-құшнаштардан алпыс шақырым аулақ жүретіндер, неге екені белгісіз, Шығыс-Тибет медицинасы дегенде бұл емдеу тәсілін мойындайтынын білдіргендей үнсіз келісіп, иланып қалатыны бар. Толық қарау >>
17.11.2015 Профессор Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ: «Медицинада адам ақылы мен қолынан артық құрал жоқ» Шығыс медицинасының дамуында біздің ата-бабаларымыздың да үлесі бар екенін дәлелдеумен келе жатқан қазақтың бір перзенті болса ол – «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Жасан Зекейұлы. Бұл күнде елімізде Жасанның қолынан жанына шипа тапқан адамдар көптеп саналады. Толық қарау >>
17.11.2015 Күн шығыс еліне сапар Үстіміздегі жылы сәуірдің 5- жұлдызында Global ұлттық халықаралық конференциясының жапонияға шақыртуын тапсырып алдым. Global конференциясының ұйымдастыруымен, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының қолдауы арқылы Жапон елінің Токио қаласында өтетін жиналысқа менің де қатысуымды сұрапты. Бұл бағдарлама – медициналық мекемелерді тиімді басқарудың Жапониялық тәжірибесін көру, Жапония денсаулық сақтау орталықтарымен қатынас орнатуды көздейді. Көп ойланбай бірден жолға қамдандым. Өйткені барлық салаларда зор дамушылықтарға қол жеткізіп, медицина саласында да әлемнің көптеген елдерінен оқ бойы озық тұрған Жапон еліне барып кәсіптік тәжірибе алмасып қайту мен үшін де таптырмас орай болатын. Толық қарау >>
17.11.2015 Сау адам болғыңыз келсе, тегіңізді таныңыз… Аурусыз ұзақ ғұмыр сүру – әр пенденің арманы. Ал денсаулықтың құпиясы неде: батыстық дәрі-дәрмекте ме, ұлттық ем-домда ма, тибеттік көне жазбаларда ма? Батыстық білім алумен қатар шығыстық инемен емдеу тәсілін жете меңгеріп, қазақтың ұлттық медицинасын зерттеген «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы «деннің саулығы – жанның саулығында» деп біледі. Толық қарау >>
17.11.2015 Жасан Зекейұлы, «Жас-Ай» Шығыс-тибеттік медициналық орталығының директоры: Елге танымал емші, Халықара­лық инемен емдеу академиясының академигі, профессор Жасан Зекейұлы жақында ғана Халықаралық шығармашылық академиясының академигі атанды. Туған халқының тәнінің саулығына ғана емес, жанының саулығына алаңдап, азаматтық пікір айтып жүрген Жәкеңмен мемлекеттік тілдің қазіргі жайы туралы сұхбаттасқан едік. – Жәке, халқыңызға жасап жатқан еңбегіңіз үшін алып жатқан атақ-марапаттарыңыз құтты болсын! Сіз адам денсаулығы үшін күресіп жүрген жансыз. Жалпы, әрбір зиялы азаматты өзінің ана тілінің «денсаулығы» да алаңдатуға тиіс. Осы тұрғыдан тіліміздің қазіргі жайы туралы не айтасыз? Толық қарау >>
17.11.2015 «Тәуелсіздік жемісі» «Оралман не береді?», «Олар алу үшін емес беру үшін келуі керек», «Оралмандар ап кетіп жатыр, жеп кетіп жатыр»… Қазақтың бір қарын сар майын бүлдіретін бір құмалақтар осылай сөйлейді… Асылы, қазақ жерінің қай пұшпағы азат болса да Алаш баласының ешқайсысына жат болмауы тиіс. Басқасын айтпағанда, тәуелсіздіктің 20 жылдығында елге оралған бір миллион қазақтың ұзын санын «Ұлы көш» деп неге атамасқа?! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұйдасын ұстаған «Қазақ көші» осындай жеңісті жемістерге толы. Жақында ғана белгілі ақын Мұратхан Шоқан құрастырған «Тәуелсіздік жемісі» атты энциклопедия соның айғағы. Аталмыш кітап Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы шығарылған. Толық қарау >>
17.11.2015 АҚШ-та, Батыс та Шығыс емін жек көрмейді… «Жүре берсең көре бересің» дейді қазақ. «Global Personal Assistant» компаниясының ұйымдастыруымен, АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің мұрындық болуымен жақында Америка Құрама Штаттарында болып қайыттық. Мұхиттың арғы жағындағы сапарымыз «Заманауи медициналық клиника: Басқару және жабықтау» тақырыбы аясында өтті. Біздегі мақсат өзіміздегі бар тәжірибені өзгелермен салысытырып, өсу жолын қарастыру. Толық қарау >>
17.11.2015 Көш басында – Нұрсұлтан! Өз көшбасшысын жаңылмай таңдау – ел болашағы үшін ерекше маңызды мәселенің бірі. Алдағы 3 сәуір Еліміз үшін сол таңдаудың қайта бір сарапқа түсер мезгілі болмақ. Тарихтың таразысы алдыға тартылар осы бір бәсекелі бәйгеге өз пікірімді білдіруді азаматтық борышым деп санаймын. Тәулесіздік – санасы тәуелсіз адамдарға ғана қымбат құндылық десем артық айтқандық болмас. Қазақ халқы ежелден бүкіл болмысы еркін ел еді…Әлі де солай. Тек тарлан тарихтың алуан соқпағында Алаш жұрты «мың өліп, мың тірілді», бірақ алтын басын құлдықтың бұғауына қалдырған жоқ. Сол өршіл рухтың жемісі –бүгінгі тәуелсіз Қазақстан! Толық қарау >>
17.11.2015 Мен – Шығыс-тибет медицинасын, Шығыс-тибет медицинасы мені танытты Хакім Абай 15-ші қарасөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – дейді. Биыл – Тәуелсіздігімізге 20 жыл. Басқасын айтпағанда, осы аралықта әр қазақ өз-өзіне қанша рет есеп берді екен?! Туған елінің өсіп-өркендеуіне, ел мен жердің егемендігіне, баянды болашағына қандай үлес қосты? Не істеді? Біздіңше, Алаш жұртының биылғы ең үлкен есебі осы есеп болуы тиіс. Толық қарау >>
17.11.2015 Оралмандар және олардың медициналық қызметті пайдалануындағы кейбір мәселелер Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізге оралған қандастарымыз бен олардың ұрпақтарының саны миллионға жетті. Бұл ресми дерек. Яғни еліміздегі он қазақтың біреуі оралман деген сөз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әр жылғы Халыққа жолдаунда шетелден келетін қандастарымызға бөлінетін қаржы мен жасалатын қамқорлықтың көбейтілетінін айтады. Бірақ Елбасының «Қазақ көшін» атажұртқа бұрған сәлиқалы саясатының кей-кейде лайықты жалғасын таппай жататыны шындық. Оның бір дәлелі –оралман пробелмасының әлі де өзекті болып келе жатқандығында. Толық қарау >>
17.11.2015 ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРДЫҢ БӘРІ ЕЛДІКТІҢ АРҚАСЫ «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ұлағатты ұғымды қадыр тұтқан қандастарымыз бір шаңырақтың астына жиналып жатқанына да ширек ғасырға жуық уақыт болды. Бұл қуаныш ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздікпен етене байланысты. Тәуелсіздік – қара ормандай халқымыз үшін ең бағалы, ең қастерлі ұғым. Еліміз егемендік алып, төрткүл дүниеге өз мәртебесін айғақтаған осы аз ғана уақытта қай салада болмасын қол жеткен толағай табыстарды елдің елдігінен, Елбасының ерен еңбегінен бөле қарау азаматтық арға сын. Толық қарау >>
17.11.2015 Бұл маған емес, елге жасалған құрмет Медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі Жасан Зекейұлының есімі көзіқарақты оқырманға етене таныс. Ол халқымызды Шығыс-Тибет медицинасының қыр-сырымен танысытырып, салуатты өмір салтын насихаттап жүрген шипагер. Ел арасында «Алтын қолды дәрігер» атанып кеткен Жәкең жақында ғана «кәсібилігі және қоғам қайраткерлігі үшін» Вена қаласының Халықаралық университетінің Құрметті профессоры атағына ие болды. Ол атақ алып қана қайтқан жоқ, атақты Бетховен, Моцарттар күймен тербеген Палавичина сарайын ана тілінің әсем әуенімен толқытып қайтты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!» деген ниетпен біз Еуропада ел абыройын асқақтатқан Жәкеңді әңгімеге тарттық. Толық қарау >>
Біз туралы БАҚ | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
11.11.2015 Жасанның жан каналы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүрген қандас бауырларымызды атакүлдігіне оралту жөнінде бастама көтеріп, арнаулы бағдарлама қабылдаған болатын. Президентіміздің осы кемел саясатының арқасында атажұртқа ат басын бұрғандардың ұлы көшін бастап, алғаш жеткендердің бірі — Жасан Зекейұлы. Толық қарау >>
Хабарласу