+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
09.03.2016 ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫ, АКАДЕМИК: МАҚСАТЫМ – АУЫРЫП КЕЛГЕНДЕРДІ САУЫҚТЫРЫП ҚАЙТАРУ Жаппай жаһандануға бет алып, ақпараттық ағыстың ағыны қатты болып тұрған бүгінгі қоғамда ұлтымыздан шыққан ғалымдарымыздың алар орны ерекше болмақ. Мыңдаған көрерменнің алдына шығып ән салмаса да, том-том кітап жазбаса да, өз саласының білгір маманы болып үнсіз жұмыс жасап жатқан ғалымдардың еңбегі көзге көрініп тұратын таудан гөрі, түбі терең теңізге ұқсайды. Аса қатты жел соғып, дауыл тұрғанда ғана болмаса көбінде тынық жататын теңіздің күші мен қуаты, байлығы қаншалық мол болса ғалымдардың да ақыл-ойы, алар орны, берер жемісі де сондай орасан болмақ. Міне, осындай ғалымдарымыздың бірі, 15 жылға жуық отандық медицинаның дамуына, оның ішінде, елімізде тұңғыш шығыс медицинасының кеңінен қанат жаюына зор үлес қосқан «Жас-Ай» медицина орталығының директоры, профессор, м.ғ. докторы, академик Жасан Зекейұлы. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 БУЫН АУРУЛАРЫ Жалпы, жел- құз аурулары сұр буын (жел – құз сипатты буын қабыну), құр буын (буын ревматизмі) деп бөлінеді. Бұл екі түрлі буын дерті бір- біріне ұқсамайды. Артрит – бір немесе бірнеше буындардың қабынуы. Дәлірек айтсақ, қозғалмалы буындардың жедел қабынуы. Буын-буынның ісініп, қақсауынан басталатын ауру қимыл-қозғалысты шектеп, мүгедектікке дейін алып келеді. Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген буын ауруларымен күресуге дәрігерлер дәрменсіздік танытуда. Әзірге әлемде артриттің зардабына қарсы жасанды дәрі-дәрмек те жоқ. Көп жағдайда Артрит буындардың қозғалысын реттеп, оны қорғап тұратын шеміршектердің зақымдануынан пайда болады. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 Жүрек – қан тамыр аурулары Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Ересек адамдарда жүректің салмағы 250-300 г., ұзындығы 10-15 см., көлденең 8-11 см., қалыңдығы – 6-8.5 см.. Шамамен, әркім өзінің алақанын жұмғандағы жұдырықтың көлеміндей. Жүректің қызметі белгілі бір ырғақпен жүрекше бұлшықеті мен қарынша бұлшықетінің жиырылуы және босаңсуы арқылы атқарылады. Ең алдымен жүрекше жиырылып, қанды бос қарыншаға итереді, екінші кезеңі – қарыншалардың жиырылуы, үшінші –кезеңде жүрекшелер мен қарыншалардың босаңсуы (мұны пауза деп айтады). Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 Гинекологиялық ауруларды - ИНЕМЕН ЕМДЕУ Бес мың жылдық тарихы бар шығыс-тибет медицинасы бүгінгі таңда ең тиімді емдеу әдісіне айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осы деректерді құптайды. Ине-адамның қан айналымын, орталық нерв жүйесінің жұмысын жақсарта отырып, қуаттың балансын арттырады. Денедегі суықтарды щығарып, терлетеді. Әсіресе, жүкті әйелдер денсаулығы үшін таптырмайтын ем. Құлақ пен алақандағы өз нүктелерін таба отырып, ине арқылы токсикозды емдеуге болады. Сонымен бірге, босанудың жеңіл өтуіне, құрсақтағы сәбидің теріс жатуында, жүктілік кезеңіндегі шектен тыс ашушаңдық белең алғанда иненің көмегі зор. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 НЕСЕП – ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ Бүгінгі таң­да бүйрек аурулары ең жиі кез­десетін аурулардың біріне айналған. Әсіресе, ағзадағы токсиндер, азот қосындылары зәр арқылы сыртқа шығатындықтан, созыл­малы бүйрек жетіспеушілігі кезінде бүйректің зәр шығару қызметі бұзылып, адам өздігінен кіші дәретке шыға алмай қалады. Демек бүйректің сүзгі қызметі зақымданып, улы қалдықтар ағзада тазартылмай қалып, ағза өздігінен уланады. Бүйрек аурулары байқалысы­мен уақытында емделу қажет. Ауру да түрлі жағдайларда пайда болып, асқынады. Мысалы үшін, пиелонефрит – бүйректің қабынуы, сүзгі қызметінің бұзылуынан туындаса, уретрит, цистит секілді бүйрек ауруларын дер кезінде емделінбегендіктен асқынып, созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне әкеп соғады. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 ТЕРІ АУРУЛАРЫ Жиі кездесетін тері аурулары БӨРТКЕНДЕР Бөрткен – терінің қалыпты түрінен түсімен, құрамымен, сулы-құрғақтығымен өзгешеленеді. Бөрткен қалыпты теріде бірінші рет пайда болып, одан кейін сол жерде мүлде шықпауы, немесе керісінше қайталанып отыруы да мүмкін. Аяқ астынан пайда бола кеткен бөрткендер түсі жағынан ашық қызыл, не қою қызыл түсте көрініп, қышып, дуылдатып, жайсыздық тудырады. Бөрткендер сыртқы жағдай­лардың әсерінен орын алуы, болмаса адамның бұрыннан келе жатқан ауруының белгісі, не жұқпалы аурулардың белгісі болуы мүмкін. Бөрткендер ондаған, тіпті одан да көп тері ауруларының салдарынан, жүздеген инфекциялық аурулардың салдарынан пайда болады. Бөрткендерге себепші болатын ауруларды былайша топтастыруға болады: Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 КӨЗ АУРУЛАРЫ - ИНЕМЕН ЕМДЕУ Көз – аязға тоңбайтын, үсімейтін бірден-бір сезім мүшесі. Өйткені, оның беткі қабатында температураға сезімтал жүйке талшықтары жоқ. Ал көз жасының құрамындағы тұз көзді тым төмен температураның өзінде былқ еткізбейді және аяз алқымнан алғанда көз қан тамырларының қан айналымы күшейе түсіп, көздің өз температурасы жоғарылай түседі. Ал егер көзіңіз қызарып, тоқтамай жас парлап, жарықтан жасқансаңыз, іріңдеп, жаныңызға батып ауырса – коньюктивит болуы да мүмкін. Дереу дәрігерге жүгінген жөн. Жалпы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемде 135 млн. адамның көздерінде ақаулар бар екен. Елімізде шамамен 1 миллионнан астам адам түрлі көз ауруларына шалдыққан. Сондықтан, көздің күтіміне көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Күзгі уақытта кең тараған көз ауруларының бірі бұл – дәнекер қабықтың жедел қабынуы, яғни, коньюктивит. Әсіресе, аденовирустық коньюктивиттер өте жұқпалы болып келеді. Сондықтан, бұл аурудың алдын алу шараларының барысында жеке гигиенаны сақтау маңызды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.01.2016 ЭНДОКРИНДІК АУРУЛАР ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЫ – ЖЕМСАУ (ЗОБ) Аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын жемсау, яғни зоб ауруы – қалқанша безінің зораюынан туындайтын тамақтағы ісік немесе түйін. Көбінесе диетада пайда болады. Жүкті әйелдердің организміндегі йодтың жетіспеушілігінен баланың өлі туылуы немесе ақыл-есі кем, кемтар бала дүниеге келуі мүмкін. Мұндай жағдай анасының жемсаумен ауыруына байланысты емес. Жемсау көбінесе жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтағы тұрғындарда жиі кездеседі. Сондықтан да, таулы аймақ тұрғындары үнемі біртүрлі азықпен тамақтанбауы қажет. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
07.12.2015 Магниттік жасуша (адам жасартатын электронды аппарат тапқырланды) «Адамдар неге тез қартаяды?»деген сұраққа «Ол табиғи құбылыс ғои "деп жеңіл жауап бере саламыз.Ал шын мәнінде бұл сұрақ адамзатты ғасырлар бойы толғандырып келеді.Біреулер адам ағзасын жасартатын элексир,таблеткалар,уколдар оилап тапса,енді бірі крионикалық әдістерді ұсынуда. Ал мен қартаюды тежеитін қарапайым әдісті оилап таптым.Әрине ол ұзақ жылғы зерттеудің нәтижесінде пайда болды.Бұл тәсіл ешқандай таблетка,злексир ішуді, укол салуды қажет етпеиді.Жүике жүиесіндегі нейрондар мен гипофиз,эпифиз бездерінде магниттік клеткалар бар. Магниттік клеткалар екіге бөлінеді.Бірі мейрімді екіншісі ызалы.Санаға сырттан қандай информация түссе клеткалар сондай гормондар бөледі. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
05.11.2015 Жасан атты азамат бар, кел «жас-айға»! «Қайырымды бол, мейірімді бол» – деп жазылған Құранда, Құнды сол, қасиет бар-ау, Жасан, сенің бойыңда.
«Халқым» деп, жаны ашыған бар қазаққа,
Сендей адам, көп болса екен ортамызда. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
05.11.2015 Екінші арманым – екінші бала сүю! Тұрмыс құрған соң екі жыл бойы бала көтере алмай жүрдім. Алматы қаласында «Ана мен баланы қорғау» мемлекеттік ауруханасында киста және миома диагнозы бойынша емделіп шықтым. Басқа да барған жерлерім өте көп болды. Нәтиже көрмеген соң өз енем мені 2009 жылы Алматыдағы «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығынан ине қабылдайық» деп жетектеп алып келген болатын. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.10.2015 Немереміз сөйлеп жүр! Дүниеге он екі мүшесі сау баланы әкелуді әр ана армандайды ғой. Аурудың өзі – күрес демей ме? Сол күресте ауруды жеңген ана бақытты. «Алла солай жаратты екен, қайтеміз» деп, қол қусырып отыруға болмайды. Олай етсек – біздің ана болғанымыздан не пайда? Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
13.07.2015 Бір шаңырақты бақытқа бөледі! Біз «Жас-Ай» орталығында 2011 жылдың қазан айынан бері инемен емделіп келе жатырмыз. Сол жылы жол апатына ұшырап, немерелерім Алтай мен Әлидің денсаулығы нашарлап кетті. Ішкі құрылысына, ми қызметіне, нерв жүйелеріне, көздеріне, аяқ буындарына, басқа да көптеген зақымдар тиген еді. Балаларға ота жасау керек болатын. Дәрігерлерінің рұқсатын алып, Жасан Зекейұлының инемен емдеу орталығына келгенімізде отасыз да балалардың жақсы болып кететініне сенім білдірген болатын. Қазақ ұлтының Жасандай біртуар азаматының болуы Алланың бір құдіреті деп ойлаймын. Балалардың көз алдымызда жазылып келе жатқанына қарап, Жасан Зекейұлына қашан да алғысымызды білдіріп, басына амандық-саулық, балаларының қызығын көрсін деп тілеп отыратын болдық. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
13.07.2015 «Қарапайымдылық – ұлылықтың белгісі» «Жас-Ай» медициналық орталығы туралы телеарнадан көрген соң, профессор Жасан Зекейұлының қабылдауына келуді ұйғардым. Диагнозым – қолқаның қабынуы (обструктивный бронхит). Көп жылдан бері мені әсіресе, көктем, күз мезгілдерінде қатты мазалайтын. Толық қарау >>
Хабарласу