+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
22.09.2017 Бәрі де ел игілігі үшін Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлының 50 жасқа толуына орай, 2017 жылы 15 қыркүйек Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада 7 бірдей кітаптың тұсаукесері болды. Шараны белгілі жазушы Жәди Шәкенұлы жүргізді. Аталмыш басқосуға жазушы Жанат Ахмади, Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов, Республикалық қоғамдық-саяси «Мұнайлы Астана» газетінің Бас редакторы Құттыкерей Смадияр, ақын Өтен Ахметов, Ораз Қауғабай, күйші, сазгер Шәміл Әбілтай, жазушы Үзбен Құрманбай, Әнші Құрманбек Әлімғазы, алаштанушы Айдын Ырысбекұлы, т.б. қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, әнші-күйшілер қатысты. Кітаптың тұсаукесеріне қатысқан алқалы топ өз пікірлерімен бөлісіп, Ж. Зекейұлы ұлт руханиятына өзіндік үлесін қосып, Шығыс медицинасына қажырлы қайратын арнап келе жатқан тұлға екендігін баса айтты. Оның қазақ медицинасын зерттеу, кемелдендіру барысындағы елеулі еңбектері ел іші-сыртында оң бағасын алып, әртүрлі марапаттарға ие болып жатқанын жіліктеп айтып берді. Сырқатына ем іздеген жандарға, мұқтаж адамдарға емдеу-сауықтыру жағынан үлкен көмек жасап, жалпақ жұртқа атағы жайылып, алғыстарға бөленіп келе жатқаны да айтылмай қалған жоқ. Тұсаукесерде «Акупунктура», «Бел омыртқа аурулары», «Денсаулық – сенің меншігің», «Жас-Ай» жылнамасы», «Зергер зейін зерек зерде» және Жасан Зекейұлы хақында сыр шертетін А. Ырысбекұлының «Тау тұлға», «Академиктың Семейге келуі» атты эссе жанрындағы ғылыми-публицистикалық кітаптар баспадан шықты. Естеріңізге сала кетейін, Ж. Зекейұлының бұған дейін де өзі жазған және өзі туралы жазылған «Шығыс-Тибет шипагері», «Сөнбес сәуле», «Жарқырай бермек, Жасан әлемі!», «Киелі ғалымдар жинағы», «Тұнық бұлақ», «Ел мен Ер», «Ізгіліктің ізі бар», «Тектілік тегеуріні», «Тәуелсіздік – тағдыр сыйы», «Тәуелсіздік киесі», «Биобиблиографиялық жадынама», т.б. кітаптары баспадан шыққан болатын. Шараның соңы Жасан Зекейұлының 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылған мерей тоймен жалғасты. Астанадағы «Салтанат сарайы» тойханасында 300-дей адамға дастархан жайылып, елу жас иесіне ақ тілек айтылды. Сөйтіп Академик Жасан Зекейұлы ердің жасы – елу жасына есеп берді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
19.09.2017 Астанада халықаралық ақындар айтысы өтті Астанада өткен «Рух жаңғырығы» атты халықаралық айтыс халықтың көңілінен шықты ғой деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасын әр азамат осындай нақты іс-шаралармен қолдаса нұр үстіне нұр болары даусыз. Осындай кең ауқымды айтыс ұйымдастырып, ақындардың басын қосып, жас ақындарға қолдау білдіргеніміз үшін халықтың, сөз өнері жүйріктерінің бізге деген алғысы мол болды. Өз кезегінде меде оларға көп алғыс айтамын. Әсіресе, Айнұр Тұрсынбаева қарындасыма айтар алғысым шексіз. "Жастардың бағын байлап, мысын баспайын" – деп өзімен айтысқа шыққан Әсетке жолын беріп, тектілік танытты. Осындай көргенді қыздарымыз, келіндеріміз көп болсын ағайын! ..."Халықаралық айтыстың нәтижесі бойынша жүлдеге ілікпеген алты ақынға ынталандыру сыйлығы ретінде 100 мың теңгеден табысталды. Сонымен бірге, жоғары ұпай алған тағы алты ақын 200 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Жүлделі үшінші орын Айнұр Тұрсынбаеваға (500 мың теңге) бұйырса, екінші орынға Әсет Дүйсебаев (700 мың теңге) ие болды. Әсетке сонымен бірге, 500 мың теңгелік арнайы «Жасай» сыйлығын табыстадық. Жүлделі бірінші орын Сырымға бұйырып, оған 1 млн теңгенің сертификаты берілді. Бас жүлде - Жандарбек Бұлғақовта. Ел қошеметіне бөленген ақынға «Hiunday» автокөлігі табысталды". Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
12.09.2017 «100 жаңа есімге» лайықты тұлға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Тәуелсіздік тарихындағы «100 жаңа есім» иелерін анықтауды тапсырған болатын. Белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының директоры Жасан Зекейұлы «100 жаңа есімге» лайық тұлға деп білеміз. Арманы асқақ бозбала «Отан отбасынан басталады», «Отан үшiн отқа түс – күймейсiң» деген таным-тұжырымды ойына түйген Жасан Зекейұлының бүгiнгi алған асуы мен бағындырған биiгi жөнiнде сөз айтпас бұрын, өткен өмiрiне қысқаша тоқтала кеткен жөн. Қазақ тарихының сырын да, жырын да, мұңын да iшiне бүккен қарт абыздай алып тау – жазиралы өлке Тарбағатайдың бауырынан түлеп ұшқан сұңқар тектi азаматтар жетерлiк. Ұлт табиғаты мен тағдырлы да тағылымды тарихын Ұлы Даланың кiндiктес осы бөлiгiнен бөле-қарау мүмкiн емес. Елiмiздiң Шығыс қақпасын күзетiп жатқан орманды-ойпатты, нулы-сулы, құмды-шөлейттi өлкенiң бiрi – осы жұрт. Кешегi тәумендi шағымызда, тарихтың доңғалағы қазақтың талайына қарай домаламаған қиын кезеңде екi империяның қақ ортадан бөлiп, қызыл сызық орнатқаны болмаса, қазақтың «кiндiк кесiп, кiр жуған» ежелден келе жатқан Атақонысы едi. Екiге бөлiнген елiңнiң ниет-мақсаты, арман-мүддесi бiр демесеңiз, Қытай мен Ресейдiң илеуiнде қалып, қаншама зұлмат жылдарды бастан кешпедi бұл қазақ?! Тарбағатайдың Қытайдағы бөлiгiнде, Жайыр таудың етегiнде, Қарағайбастаудың мөлдiрiнен су iшiп, тұнығына шомылған бiрқыдыру ел бар. Жасан Зекейұлы, мiне, сонда, Толы ауданында 1967 жылы дүние есiгiн ашқан. Қарапайым шаңырақтың дәулетi де орташа болатын. Әкесi Зекей болса, Шыңжаңдағы университеттен «Көмiр кенi» мамандығының үш жылын бiтiрiп, оқуын аяқтауға отбасылық жағдайы көтермей, ауылда жүредi. Бiр күнi облыстан ауылға қытай басшылары келiп, халықпен жүздесу өткiзбесi бар ма?! Қастарына ерткен аудармашысы, қолдап-қоштаушысы көп. Бiрақ қытай басшылары мен жергiлiктi тұрғындар бiрiнiң ойын бiрi түсiне алмай дал болады. Себеп не дейсiз ғой? Аудармашының шала сауаттылығы. «Жиында отырған әкем университет қабырғасында жүрiп, қытай тiлiн жетiк меңгерiп алған кiсi едi. Аудармашының шалағайлығын көрiп, өтiнiш жасап, сол арада өзi тiлмаштык етедi. Мұны көрген басшылар аты-жөнiн жазып алады да, апта өтпей аудармашы маман ретiнде аудан орталығына шақыртады. Сол күннен бастап отбасылық ауыр жағдайдан арылып, бiзге замануи бiлiм алуға мүмкiндiк туды. Әкем оқуын әрі қарай жалғастырып, университет дипломын алып, ауданда бiлiктi кадрлардың сапында қызмет еттi. Анам болса, қарапайым қызметте жүрсе де, ең негiзгi мiндет ретiнде бiздiң тәрбиемiзге баса назар аударды. Анам Шәрипаның бала кезiмнен маған айтып отыратын бiр сөзi бар: «Ешкiмнiң ала жiбiн аттама! Өзгенi сыртынан даттама!». Мен де көңiлiме кiрбiң ұялап, қиналған сәттерiмде осы сөздi жаныма тұтам, ойға алам. Iзгiлiк пен мейiрбандылық, iзеттiлiк пен адалдық – әкем мен шешемнiң маған үйреткен ең негiзгi қағидалары». Мектеп қабырғасында жүргенде өте зерек, әр сабақты зейiн қоя үйренген баланың есейген сайын ауыл жұртшылығының аузына есiмi iлiне бастауының сыры: ата-ана тәрбиесiнiң арқасы екенi айтпасақ та түсiнiктi. Отбасы тәрбиесiнiң ұлттық тәрбиемен бiтеқайнасып жататыны айдан анық. Балалық шағы кiтап оқумен, ғалымдардың өмiр жолын, ұлы адамдардың тағылымды ойларын ұғуға ұмтылумен өткен Жасан Зекейұлының толысып-шыңдалуына өзi өскен ортаның, ауыл адамдарының қайырымды iс-әрекеттерi әсер еткенi әр әңгiмесiнен байқалып тұрады. «Бала кезiмде, – дейi ол, – менiң жан серiгiм кiтап болды. Әкем бәрiмiздi жинап алып, Абайдың өлеңдерi мен қара сөздерiн оқытатын. Мұны оқымай, елге игiлiктi iстер iстей алатын азамат болуларың мүмкiн емес дейтiн бiзге. Содан бастап кiтап көрсем ұмсынып тұру үйреншiктi дағдыға айналды. Батырлар жыры мен қиссаларды, аңыз-әфсаналар мен дастандарды сүйсiнiп, берiлiп оқитынмын. Кей кездерi түнiмен кiтап оқып, таңертеңгi сабаққа көзiмдi тырналап әрең ашатынмын. Әлi есiмде, «Абай жолын» алғаш оқыған сәтiм. Ұмытпасам, сол кездерi елдiң бәрi бұл кiтапты қалап-сұрап, бiрiнен бiрi ұрлап әкетiп оқитын. Бiр жерiне күйiнесiң, бiр жерiне сүйiнесiң. Бiрде өзегiңдi өксiк шарпыса, ендi бiрде далалық салиқалы дәуреннiң қызығына елiтiп, өзiңнiң қазақ боп туғаныңа мақтанасың. Иiс кемпiрдiң ұлы Исаның өзi жалғыз боранды түнде қасқырлармен алысып, суық өтiп, ауырып қайтыс болғанын оқып отырған сәтiмде, көзiмнен жас ыршып кеттi. Бәлкiм, менiң дәрiгер болуыма сол бiр кездегi көңiл-күй, iшкi жанашырлық өз әсерiн тигiзген де шығар...». Әке мен ана мейiрiнен асқақ не бар жалғанда. Дәрiгер Жасан – әкесi мен анасынан алған көркем мiнездi сақтай бiлген, соның жемiсiн жеген жандардың бiрi. Бала кезiнде аудан орталығындағы үйлерiне ауылдағы жұрт көптеп келедi екен. Әрине, көп жағдайда емханаға жатып емделу мақсатымен. Солардың жүдеген, аурудан қиналған сәттерiн көрген бала жүрекке «емшi болсам» деген арман ұялайды. Мектепте жүргенде де, жоғары оқу орнында да өзге құрбы-достары секiлдi желiк қуып, уақытты босқа өткiзудi жаны сүймептi. Балалар төбелесiп, яки белгiлi себептермен жараланып, денелерiнен қан ақса, олардың қанын тоқтату үшiн топырақ сеуiп, iскен жерлерiне үлкен кiсiлерден көрген ем-домын жасап, бәйек болып жүретiн оның емшiлiк «тәжiрибесi» – сүтке бiткен қасиеттердiң бiрi болса керек. Өзi де бұл ойымызды құптағандай: «Мен басқа саланы таңдап, әкемнiң көмегiмен болса да, әкiмшiлiк саласының бiрiнiң тұтқасын ұстауыма болар едi. Әйткенмен, ондай ой санама кiрiп-шыққан жоқ. Осы кәсiптi таңдадым. Оған ешуақытта өкiнген емеспiн» деп ағынан жарылды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
12.09.2017 Қалаулы ұл – халы қтың мақтанышы Жасан Зекейұлы! Бұл есім бұл күндері біраз жұртқа таныс. Біреу дәрігер ретінде, біреу медицина ғылымына еңбегі сіңген білгір маман ретінде біледі. Ел алдындағы еңбегіне қарап қоғам қайраткері санайтындар да көп. Ал мен Жасанды жолдастық тұрғыдан адами келбетіне қарап бағалағым келеді. Адамға адам баға бергенде ең әуелі «ол қандай адам?» деген сұрақ туады. «Қандай адам?» деген сұрақ – пенденің адалдығы, ар тазалығы, айналасына деген көзқарасы мен еткен еңбегі, тағы басқа қасиеттерін бастау етеді. Жасан Зекейұлымен жақын Біздер – Жасан Зекейұлы және оның замандастары арғы бетте тусақ та орда бұзар отызда Атажұртқа оралдық. Өмірдің ең асыл кезеңін өз отанымызға арнау бақытына ие болдық. Осы жолда әркім өз әлінше еңбек етіп жатыр. Біреу өнер, мәдениетте, біреу медицина саласында, енді біреулер әртүрлі кәсіпкерлікпен дегендей. Сол топтан бойы озып көрінетін жора-жолдастарды көргенде тірі боламыз деп жүгіріп ірі болғандай тұлғаланып қаламыз. Соның бірі – Жасанның биігі. араласып жүргеніме тұп-тура жиырма жыл болған екен. Ең алғаш рет Алматы қаласында бір көшенің бұрышынан шағын ғана шипажай ашып, өз қолымен ине салғанына куә болдым. Бұрын сырттай білетінмін. Бір ұршығым сырқырап, таныстық сылтауымен ем іздеп барып ем. Бірден жылы қабылдап, жарқын жүзін сыйлады. «Жәке, журналиссің ғой. Журналистерде көп ақша болмайды. Сенен ақша сұрағаннан көрі аяғыңды сауықтырып жібергеніміз пайдалы. Кейін ел туралы, біз туралы бірдеме жазғанға керексің»– деп бірден ине салды. Ол кезде Абай атындағы Алматы мемлекеттік универ­ситетінің аспирантура бөл­імін­де оқитын­мын. Бір жағы «Шалқар» газетінде тілшілік істеп жүрдім. Жасан менің жазған дүниелерімнен хабардар екен. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.08.2017 Eуропа сапары: Алматыдан Люцернге дейін... Құрметті ағайын, бүгін біз «Шалқар» радиосынан қазақ халқына сүйіншілі хабарды жеткізгелі отырмыз. Бағдарлама қонағы Жасан Зекейұлы жақында ғана ОКСФОРД АКАДЕМИЯЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ және МЕДИЦИНА САЛАСЫ БОЙЫНША ЕУРОПАЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯНЫҢ ДОКТОРЫ ӘРІ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ атағына ие болды. – Жасан Зекейұлы, біз әрдайым өзіңіз басқарып отырған «Жас-Ай» медициналық орталығында болып жатқан жаңалықтарды алдымен бөлісіп, өзіңізбен сұхбат құрып отырамыз. Алайда бүгін қазақ халқына жеткізер сүйіншілі жаңалығыңыз ерекше сияқты. Бұл да болса бейнеттің зейнеті шығар... – Дұрыс айтасыздар. Халқымыз «еңбегі бардың өнбегі бар» деп жатады ғой. «Білегі жуан бірді, білімі мол мыңды» жығады демекші алғаш орталығыма сонау кәрі құрлықтан осы атақты алу туралы хабар келіп түскенде осы сезімде болдым. Қазақтың қарапайым қара баласына кілең ғылым мен білімнің қазанын қайнатып, сорпасын ішіп отырған Еуропа елдерінің ғалымдары ұсыныс айтқанда төбең көкке жеткендей болады екенсің. Қазір жаһандану үрдісі тым тез етек алып келеді. Кез келген қазақ баласы осы дауылға өз ұлтының қадір-қасиетін білу арқылы, сол үлт мүддесі үшін атқарған ғылыми істері мен жетістіктері арқылы қарсы тұра алғанда ғана жұтылып кетпейді деп білем. Сонда ғана біз дамыған 30 елдің қатарына енеміз. – Бұл ғылыми атақты Азияда алып отырған жалғыз адам сіз екенсіз. Жалпы олардың сізге назары қалай ауды? – Бұл бір тамыр-таныс арқылы, болмаса өзге де төте жолдар іздеу арқылы қолға келе салған жеңіл-желпі атақ емес. Бұлай болуы мүмкін де емес. Жалпы, қандай халықаралық атаққа қол жеткізсеңіз де оның бәрі өз ұлтыңыздың ықыласты батасынан аспайды. Жаныңыз сүйіп атқарып жүрген кәсібіңізді одан ары дамытып, тіпті кең көлемде өз халқыңызға қызмет ете алсаңыз да, қарапайым қара шал мен ақ жаулықты әжелердің қол жайып берген батасы кез келген ғылыми атақтан жоғары екенін сезінесіз. Алматыдан Швейцарияға ұшу үшін орта жолда Мәскеуде 8 сағат аялдадым. Сол кезде осы ойлар көкейге келді. Бұл жағдай тіпті де мол жауапкершілік пен еңбекті талап ететінін білдім. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
18.08.2017 ЕУРОПАҒА АШЫЛҒАН ТӨРТІНШІ ТЕРЕЗЕ (Сапар жайлы сөз) Осыдан бірнеше ай бұрын ғана кәрі құрлық саналатын Еуропадан қуанышты хабар жетті. Бұл реткі жол – Швейцарияның Люцерн қаласына түсті. Швейцария – Еуропаның орталық бөлігінде тұрған әлемдегі ең дәлме-дәл жүретін сағаттар мен ең биік Альпі тауларының нақ жүрегінде орналасқан кішігірім мемлекет. Мемлекеттік тілі – неміс тілі. Экономика деңгейі бойынша Швейцария әлем елдерінің арасында екінші орын алады. Сол қуанышты хабарды алғаннан кейін, 2-ші шілде күні таңғы сағат 5:00-де Алматы әуежайынан Мәскеу арқылы Швейцарияға баратын бағыт бойынша ұшаққа отырдым. Ішімнен: «Алла Тағала, жолымды оңғара көр!» деп дұғамды да оқып алдым. Әр сапардың өз кәдесі мен табысы болады демекші, осының алдында ғана Еуропа «Жас-Ай» медициналық орталығына «Халықаралық үздік клиника» атағын берген болатын. Енді, міне, сол клиниканың басшысы маған медицина саласы бойынша «ОКСФОРД Академиялық Одағының және Еуропалық Халықаралық Ассоциациясының докторы әрі профессоры» атағын беру туралы шақыртуын жіберіп отыр. Әрине, олардың мені 80 мыңнан астам адамды емдеп, жазып, оның 13 мыңына тегін ем жасап, 5 мыңға жуық баланы ДЦП-дан сауықтырып, 4 мыңдай адамды инсульттен тұрғызып, 1-2,5 см-ге дейінгі бел омыртқа жарығы бар науқастарды отасыз орнына қойып және адамдарды жасартуға мүмкіндік беретін магниттік қолсағат ойлап тапқаным үшін шақыртып отырғаны белгілі. Әйтсе де, мұндай абыройлы атақты алу бір кісіге оңай олжа емес және бұл марапаттың маған қосымша жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейтіні тағы бар. Қазіргі кезде дамыған заманауи медицинананың өзі де шешімін таба алмай жатқан біршама күрделі мәселелер бар: біріншіден – аурулардың жасарып кетуі, екіншіден – жазылмас дерттердің көбеюі, үшіншіден – жастарда бел омыртқа жарығының болуы, төртіншіден – сал ауруының жиілеп кетуі, бесіншіден – жүре алмайтын мешел балалар санының кемімей тұрғаны және т.б. Осы мәселелерге орай, зерттеу жұмыс­тарымды Шығыс медицинасымен ұштас­тыра жүргізуді жөн деп санадым. Мені жазылмай тұрған сол клеткаларды тірілту арқылы қайтадан жұмыс қабілетіне жеткізіп, жаңа туған баладай сау қалпына келтіруге бола ма деген ойлар көптен бері мазалап жүрген болатын... Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
09.08.2017 Астанада аламан айтыс өтеді ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай өткізілетін «РУХ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты халықаралық ақындар айтысының Е Р Е Ж Е С І МАҚСАТЫ: «XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы» бағыттарды басшылыққа алу және «таяу жылдардағы міндеттерді» іске асырудың тетіктерін жырлау. ТАҚЫРЫПТАРЫ: «Ұлттық код» «Ұлттық мәдениет» «Қазақстандағы 100 жаңа есім» АЙТЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ: Ақындар 12 қыркүйекте келіп, тізімге алынады. Айтыс Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында 13 қыркүйек сағат 10:00-де басталады (жеребе тарту рәсімі және ақындардың жұпталуы сахнада өтеді). Қатысушы ақынның жол қаражатын жіберуші жақ, ал жатын орыны мен тамағын ұйымдастырушы жақ көтереді (екі күн). АЙТЫСКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Ақындардың жасына шектеу қойылмайды. Айтыстың мақсатын білу, тақырыпты аша алуы. Айтыскердің қарсыласы және көрермен алдындағы мәдениеті (сөзге тоқтауы, көрерменмен байланысы, сахна мәдениеті, киім үлгісінің жарасымдылығы және домбырада ойнау шеберлігі ескеріледі). Айтысқа еліміздің барлық аймақтарынан және алыс-жақын шетелдерден ақындар қатыса алады. АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ІІ КЕЗЕҢНЕН ӨТЕДІ: І кезең – іріктеу кезеңі (Қазылар алқасы ақындардың айтыстағы сөз саптауына, ойының ұшқырлығына, тапбермеде ұтымды сөз таба алатынына қарай отырып 10 айтыскерді анықтайды). ІІ кезең – ақтық кезең (Іріктеуден өткен 10 айтыскер қатысады). АЙТЫСТЫҢ РЕГЛАМЕНТІ: Әрбір жұпқа 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Түскі үзіліс 13:00 – 14:00-ге дейін. 14:00-де айтыс жалғасады. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
05.07.2017 СҮЙІНШІ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ЛЮЦЕРН ҚАЛАСЫ. Медицина саласындағы зор жетістігі мен ерен еңбегі үшін медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің, құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық «Құрмет белгісі» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері – Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ ОКСФОРД АКАДЕМИЯЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ және МЕДИЦИНА САЛАСЫ БОЙЫНША ЕУРОПАЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯНЫҢ ДОКТОРЫ ӘРІ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ атағына ие болды. Әлемдік деңгейде жан-жақты мойындалған мұндай беделді ұйымдардың марапатына ие болу үлкен мәртебе. Жасан Зекейұлының бұл жетістігі тек «Жас-Ай» орталығының ғана емес, еліміздің ортақ мақтанышы деп білеміз. Алдағы уақытта толығырақ жазатын боламыз. Төмендегі сілтеме бойынша #Khabar24#Хабар24 арнасындағы репортаждан таныса аласыздар. http://24.kz/m/ru/news/social/item/185447-professor-iz-kazakhstana-poluchil-pochetnoe-zvanie-v-oblasti-meditsiny-v-shvejtsarii Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
05.07.2017 Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Тәуелсіз Ел, Мәңгілік Ел болу арманын ата-бабаларымыз неше ғасырлар бойы аялап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Осы қазақ елінің Тәуелсіздік, Ел бірлігі туралы асыл арманы Сіздің дана саясатыңыздың арқасында жүзеге асырылды. Тәуелсіз ел атанғанымызға ширек ғасыр болса да, әлемнің алпауыт мемлекеттері бізге қызығушылықпен қарайды, бізді сыйлайды. Сізді, Сіз арқылы қазақ елін, бүкіл әлем таныды, мойындады, ерекше құрметтейді. Сіз ұсынған қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел. Мәңгілік Ел атану- әр ел азаматына, әсіресе өзіңіз негізін қалаған, халық қолдаған «Нұр Отан»партиясы мүшесіне үлкен жауапкершілік, ерек сенім артатынын түсінеміз. Осы сенім биігінен көрінеміз. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді туған күніңізбен, өзіңіз негізін салған, бүкіл әлем таңданып, сүйсініп қарайтын, сәулеті жарасқан Астанамыздың туған күнімен құттықтауға рұхсат етіңіз! Сізге зор денсаулық, отбасы амандығын, ел береке бірлігін, халқыңызбен бірге бақытты болуыңызды тілеймін! Ізгі тілекпен, Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы «Жас-Ай» медицина орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы,профессор, академик ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің , Халықаралық «Сократ» орденінің , құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
28.06.2017 ЖАНДАРЫ ЖӘННӘТТА ЖАЙ ТАПҚАНДАР Ағымдағы жылдың 25-ші жұлдызында, нақтырақ айтқанда, «Ораза айтының» бірінші күні академик Жасан Зекейұлы мен Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Дәурен Ұлықпанов және Алаштанушы Айдын Ырысбекұлы «өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, Астананың «Жастар» шағын ауданындағы «Қараөткел» қорымына барып, марқұмдардың рухына дұға бағыштап, құран оқыды. Сол күні осы жердің шырақшысы Смағұлұлы Құрбан ақсақалға жолығып, қорым жайлы біраз мағлұматтарға да қанығып қайтқан еді. Бұл қабірстанның тарихы 1609–1962 жылдар аралығын қамтиды. Мұнда 2169 құлпытас сақталған, қазірге дейін 262 адамның аты-жөні анықталған. Осы қорымда Тәуке ханның ұлы Сәмеке, Ақмоланың негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин, Бөгенбай, Қабанбай, Кенеса­ры, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес Баймұхамед Қосшығұлов, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан қалаларында туған қайраткерлер жерлен­ген деген деректер бар. Араб, парсы, төте жазумен жазылған құлпытастар белгілі. Сонымен қатар, бұл жерде атақты Балуан Шолақты ғашық еткен Ғалия Тілеуқызының зираты да бар. Оның құлпытасына: «1922 жылы 23 апрельде. Руы Қалыбек. Ғалия Ғалыжамағаты Тілеуқызы 48 жасында фәниден бақиға рахат айлады. Алла Тағала рахмет айлап, жанын Жәннаттан айласын. Алғандары әруағына бір дұға еткізді», – деп Шағатай тілі үлгісінде төте жазумен таңбаланған (тәржімалаған Ұларбек Дәлейұлы). Ескерткіш тасты Ғалияның күйеуі Ғалы Құрақбаев орнатқан. 2011 жылы Мәслихаттың шешімімен қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының ше­каралары бекітіліп, «Қараөткел» қорымы маңына «Қорғау тақтасы» орнатылды. Бұғанға дейін, иесіз, сұраусыз, жоқтаусыз, қараусыз жатқан «Қараөткел» қорымын (нақты тарихи атауы «Көкбел» зираты) қамқорлығына алып, қоршап, қаңғыбастардан, немесе бөгде ниетті сүмелектерден сақтап келген Астаналық «Рух» қоры. Сол қордың басында марқұм, жазушы Әскен Нәбиев және мемлекет қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов, Елтаңба авторы архитектор Шота Уәлиханов (зираттың қоршау, қорғау жобасын бекіткен Иманғали Тасмағамбетов), кәсіпкерлер Абай Найманов пен Микаил Гуцериев, ғалым Марат Әбсеметов («Рух» қорының төрағасы), «Рух» қорының мүшелері - Каирдегі Әл-аскар университетінің түлегі, аға-сұлтан Ибрай Жайықбаевтің тікелей ұрпағы, шығыстанушы-ғалым Марат Смағұлов, кәсіпкер Салман Гуцериев және араб тілінің маманы, Стамбул университетінің түлегі Жарылқасын Сатыбалдин қатарлы адамдар. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
28.06.2017 ТӨРТ ҚҰБЫЛАҢДЫ ТҮГЕНДЕ, ҚАЗАҚ! Қайда жүрсе де қазақтың тарихи Отаны біреу ғана, ол – Қазақстан. Атамекеніміз жалғыз, ол - бір уыс топырағына дейін қасиетті біздің Ұлы дала - Қазақ еліміз! Нұрсұлтан Назарбаев Біз- Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастауымен жаңашыл жолға түскен елміз. Биылғы Елордада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы соның айғағы іспетті. Құрылтай бағдарламасының негізі - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған. Президент:«Рухани жаңғыру деген – бүкіл қазақтың жаңғыруы, бірлік деген – барша қазақтың бірлігі. Осы – негізгі мәселе. Біздің қол жеткен табысымыз – елдің ішіндегі тыныштық пен бірліктің арқасы» деген болатын. 1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Құрылтай әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың кездесу орны әрі бірегей сұхбат алаңы болып табылады. Мұндай құрылтай өткізу о баста Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған еді. Тарихқа зер салсақ, ежелден-ақ біздің бабаларымыз ел тағдыры таразыға түскен тұста немесе мемлекет жаңа бір белеске қадам басар шағында құрылтай шақырып, кеңес құрған. 1992 жылы шаңырақ көтерген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының да содан бергі Төралқа Төрағасы – Елбасы. Осыған байланысты әлем қазақтарының құрылтайы Елбасының тікелей келісімімен өткізіледі. Биыл бас қалада жалауы үшінші мәрте көтерілген Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтті. Бұған дейінгі өткен әр құрылтайдың өз ерекшелігі болды. Мәселен, бірінші құрылтай тәуелсіздік туын жаңа көтерген Алматыда ұйымдастырылды. Екінші құрылтай қасиетті Түркістан қаласында өтті. Үшінші, төртінші құрылтайлар елордамыз – Астана қаласында болды. Бұл құрылтайлардың бәріне де Елбасы арнайы қатысып, әлемдегі барлық қазақ халқына ортақ мақсат-міндеттер туралы ой бөлісіп, жүзеге асырылатын мәселелерді нақты белгілеп берді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қандас бауырларымыз Атажұртының бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін деп әдейі ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өткізіліп отырғанын айтты. «Жат елде дүниеге келсе де, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтардың біз үшін орны бөлек», – деген Елбасының пәрменімен қандастарымызды қолдау үшін «Отандастар» қоры құрылады. «Өздеріңіз білесіздер, 25 жылдың ішінде экономиканың өркендеп өсуіне байланысты, жүргізіліп отырған саясатқа байланысты біздің көп азаматымыз белгілі, бай адамдар болды, жұмыс істеп жатыр. Енді біз бай ел жасаймыз деп ұмтылып жатырмыз. Сондықтан мен бүгін солардың барлығына, Қазақстанда тұратын қазақтарға үндеу тастаймын. Біз Солтүстік Кавказдан келген балқарларды, шешендерді, барлығын үйімізге әкеп тығып тастағанда, құшағымызды жайдық қой. Ал енді өзіміздің әр қазаққа неге солай жасамаймыз?! Қаны қазақ сол бизнесмендерге осы қорға әрқайсысы өз үлесін қосуға шақырамын» деді Президент. Құрылтайдың ең маңызды шарасы 23 маусым күні өтті. Құрылтай делегаттары бұл күні таңертең «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін құрылтай салтанатты түрде ашылды. Салтанатқа Елбасы қатысып, сөз сөйледі. Осы күннің екінші жартысында құрылтайға қатысушылар «ЭКСПО – 2017» көрмесін аралап, тамашалады. Сол күні мен кешкі сағат 19.15-те «Хабар-24» каналының тікелей эфиріндегі сұхбатқа арнайы шақырылып, аталмыш құрылтай жөнінде өзімнің қорытынды- сараптамалық пікірімді білдірген болатынмын. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
12.06.2017 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық рухымызды бекемдейді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – мемлекет құраушы ұлтты негіз еткен мәңгілік ел болудың нақты бағыт-бағдары. Оның негізгі ережелерін түсіндіру, насихаттау жұмыстары бойынша, «Жас-Ай» медициналық орталығында да арнаулы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Алматыда ұжым қоғамдық ұйымдармен бірлескен, жазушылар қоғам қайраткерлерімен 150 адаммен нақтылы кездесу ұйымдастырып, «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жөнінде пікірімізді білдіріп, рухани жаңғырудың жолдарын талқылап жиналыс өткіздік. Астана қаласы «Нұр Отан» филиалымен бірге «Жас-Ай» бастауыш ұйымы рухани жаңғыру және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығарылған «Тәуелсіздік тағдыр сыйы» атты кітаптың идеясы жөнінде «Нұр Отан» активі мүшелеріменен кездесу өтті. Сол кездесуде 6 тезис талқыланды. №1 тезис. «Азаттық» деген – асыл сөз. «Тәуелсіздік» деген – тәтті ұғым. Бұл – кешегі ел үшін егеулі найза қолға алып, ұлтарақтай жер үшін ат үстінен түспеген батыр бабалардан қалған жәдігер сөз! Тәуелсіз ел атанғаны мызға ширек ғасыр болды. Уақытты ғасырлармен, мыңжылдық­тармен өлшейтін тарих үшін бұл – қас-қағым ғана сәт. Десек те, осы аз ғана мерзім ішінде Қазақстанның мемлекеттілігі қалыптасып, ол тұрақты даму жолына түсті. Біріншіден: 1997 жылы 1 қазанда қабылдан­ған «Қазақстан–2030» стратегиялық даму бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асты. Екіншіден: 2010 жылғы 1 ақпанда «Қазақстан–2020» жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы да қабылданды. Үшіншіден: 2012 жылы 14 желтоқсанда ел дамуының «Қазақстан – 2050» стратегия­лық бағдарламасы дүниеге келді. Төртіншіден: 2014 жылдың 15 қаңтарында «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негіздері бекітілді. Бесіншіден: 2015 жылғы сәуірдің 6-сында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Алтыншыдан: 2015 жылғы 6 мамырда Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаны, оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жарыққа шықты. Қадірлі ағайын! Осы аталған ұлттық идеяларды жүзеге асыру үшін аянбай еңбек ету баршамыздың қастерлі парызымыз болып қала бермек! Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
08.06.2017 Құрметті Жасан Зекейұлы! Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтіңізге байланысты жүрекжарды құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді қабыл алыңыз. Ең алдымен Сіз туған атамекеннен жырақта туып-өскенмен, текті елдің азаматына тән рухтылығыңызды халқыңызға мойындата білген алаш азаматысыз! Ұлт денсаулығының сақшысы ретіндегі атқарған істеріңіздің өзі бір тарих. Атап айтар болсақ, осыдан 13 жыл бұрын негізін қаланған «Жас-Ай» орталығы бүгінде еліміздегі ең ірі екі бас қала – Алматы мен Астанада қарқынды, сапалы, заманауи ем көрсетуде. Емнің ерекше түрін елімізге ендірген денсаулық ордасы халықаралық деңгейде рейтингісі өте жоғары медициналық орталық саналады. Бұған дәлел – 2016 жылы «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығы Брюссель қаласындағы Халықаралық Еуропалық медициналық қауымдастығының, ОКСФОРД (Ан¬глия), ЕМА және басқа да ұйымдардың тағайындауымен «Халықаралық үздік клиника» атағын иеленуі. Ғалымдық жетілу жолыңызда медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик дәрежесіне көтерілдіңіз. Халыққа көрсеткен шынайы еміңіз Сізді елімізде ғана емес шет елдерге де танымал етті. Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің, құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық медалінің иегері атанғаныңыз бүкіл халқымыз үшін мақтаныш. Ал өз еліміздің құзырлы орындары бекіткен «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы, «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі Сіздің патриоттық тұлғаңыздың шынайы мойындалғаны деп білеміз. Ердің жасына ірілік пен іскерлік, парасат пен пайым, беріктік пен азаматтық сынды сан түрлі қасиеттерді тоғыстырып жетіп отырсыз. Ақыл-парасаттыңыз кемеліне толған бақытты шағыңыз баянды болсын! Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлесіңіздің және денсаулық сақтау саласындағы абыройлы ісіңіздің тек қана ырысы мен берекесін көруіңізге тілектеспіз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, өміріңізге бақыт, еңбегіңізге мол табыс тілейміз! Ізгі тілекпен, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының қызметкерлері Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
12.04.2017 ҮЗДІК ОТЫЗДЫҚҚА АПАРАР «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы үкімет қаулысына орай, 181 өзгеріс енетін заң жобасы әзірленіп жатыр. Мұның аясында 6 кодекс пен 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Бұл жаңа жүйені іске қосуға қажетті алғашқы өзгерістердің легі деуге болады. Аталмыш қадамдарға байланысты ҚР Денсаулық министрі Е.Біртановтың 2017 жылдың 3 ақпаны күнгі №01-10/1774 шығыс хатында көрсетілгендей, МӘМС жүйесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлының кандидатурасы сарапшылар тобына енгізіліп отыр. «100 нақты қадам» Ұлтжоспарының тікелей медицина саласына қатысы бар бөлімдері туралы Жасан Зекейұлының пікірімен таныс болыңыздар. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
10.04.2017 Дәрігер мәдениеті туралы бір үзік сыр 2017 жылғы 31қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге деген қабілеттілік» мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжрибесін енгізу керек», - деп нақты атап көрсетілген. Осы Жолдау идеясына орай «Жас-Ай»Шығыс-Тибет медицина орталығының ұжымы Қытай халық республикасы (ҚХР), Россия, Жапония және Түркия мемлекеттеріндегі әріптестерімен өзара біліктілік, тәжірибе алмасу үрдісін дамытып келеді. Аталған елдердегі озық стандарттар «Жас-Ай»да абыройлы қызмет атқарып жүрген дәрігерлер мен медбикелер білімін, біліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да осы орталықта жұмыс істеп жүрген әр медицина қызметкері білімін, кәсіби мәдениетін, денсаулы­ғын, жан дүниесін, тал бойына біткен ұлттық бедері көз тартатын қадір-қасиетін әрқашанда дамытып, жетілдіріп жүреді. Дәрігер, шипагер тек кәсіби мәдениетімен ғана емес, жалпы мәдениетімен де ерекшеленуі керек екенін баршамыз білеміз. Алайда осы мәдениет деген бүгін ақ халатты абзал жандарға жетпей жататындай сыңайлы. Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов осы мәдениет туралы былай деген: «Мәдениет дегеніміз – ұлтты өліп-өшіп сүю». Осындай мәдениет, осы мәдениет қайда?!? Бұл сұраққа жауапты Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылының тұрғыны Ердәулет Атагелдиев «Жас-Ай»Шығыс-Тибет медицинасының орталығы туралы жазба пікірінен іздеп көрсек... «Біз үйленген соң шамалы уақыт өткенен кейін жұбайым Ботагөз жыныс ауруымен мазасыздана бастады. Біраздан кейін оған «Оң жақ аналық безінің жылаулығы» деген диагноз қойылды. Осы диагноз бойынша ота да жасалды. Бұл 1999 жыл болатын.Арада 3 жыл өтіп барып, тағы да 2002 жылы жоғарыда аталған диагнозбен әйеліме қайта операция жасалды: сол жақ аналық безі мен түтікшесі алынды. Арада біраз уақыт өткеннен соң сол бұрынғы диагнозымен жан сақтау бөліміне дейін түсті. Осындай әуре- сарсаңда 6 жыл өтіп кете барды.Нәрестелі бола алмадық. Осы отадан кейін жүкті боласың деген соң, тағы бір ота жасатуға келістік. Алайда нәтиже болмады. Осы мықты деген дәрігерге барғанымда маған айтқаны: «Бала көтермек түгілі, әйелің аман қалса, соған шүкір де». Дегенмен Алладан үмітімізді үзген жоқпыз. Елдегі мықты деген медициналық мекемелерді аралап емделе бердік. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы балалы болуды ойлап «ЭКО» Орталығының дәрігерлеріне барғанымызда, ол жерден де балалы болу мүмкін емес,-деп жауап берді. Өстіп теңселіп жүр­генде «Жас-Ай» Шығыс-Тибет меди­цина орталығы бар дегенді естіп, сонда бардым. Бізді профессор Жасан Зекейұлы қа­былда­ды, тамыр ұстап диагноз қойды. Ол кісі әйеліме «бір емес екі балалы боласың,-деп қуантып тастады. Ол кезде біз Жәкеңе шынайы сенім артпасақ та, дәрігер ретіндегі жылы сөзімен үміттендіргені үшін, көңілімізді көтеріп, біліктілігін танытқаны үшін риза болып қалған едік. Бірақ Жасан біліп айтыпты.Шынымен, әйелім алғашқы бағамнан (курстан) соң өзін жақсы сезіне бастады, ал екінші бағамынан кейін жүкті екені байқалды. Бұл қуанышымызды бұрынғы емдеген дәрігерлер естігенде олар таңырқап, Ботагөзден қалай бала көтергенін сұрапты. Осылайша сөнуге айналған үмітімізді «Жас-Ай» жақты. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
09.02.2017 ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіз даму жолын таңдап, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы ақиқатқа айналды. Тәуелсіздікке жету бар да, оны аялап, баптау бар, елдің сенімін ақтау бар. Міне, осынау жауапты да тарихи сәтте Елбасының терең саясаты мен пайымды парасатының арқасында дамудың дұрыс жолын таңдадық. Бүгінде мемлекетіміз әлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналды. Тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, алып үрдістің оң жолда, үлкен жыл­дамдықпен жүруі әрине еңбегімен де, білімімен де тікелей себепші болған азаматтардың арқасы. Елімізді өркениеттер елдер қатарынан көрсетуге тынымсыз еңбек етіп, ел назарына түскен Қазақстан Республикасының азама­ттар­ының мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі т.б. жетістіктерін мем­лекеттiк на­гр­адаларымен нагр­адтауды әрдайым Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырып келеді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
23.12.2016 «Жас-Ай» медицина орталығы – «Халықаралық үздік клиника орталығы» деп танылды «Жас-Ай» медицина орталығы – «Халықаралық үздік клиника орталығы» деп танылды 2016 жылы "Жас-Ай" Шығыс-Тибет медицина орталығына Халықаралық Европалық медициналық қауымдастығының бірлескен бірлестігі жанынан ОКСФОРД, ЕМА ұйымдарымен қатар басқа да ұйымдардың берлесуімен "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮЗДІК КЛИНИКА ОРТАЛЫҒЫ" деген баға берілді және оның №022 сертификатымен екі медалі құжатымен қоса арнаулы түрде медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Жас-Ай» медицина орталығының директоры Жасан Зекейұлына тапсырылды. Сертификат "MEDICAL PRACTICE" медициналық практикалық үлгілер саласындағы сертификациялау орталығына тіркеліп, оған арнаулы нөмер беріліп, базаға кіреді. Сол база бойынша, орталық "әлемдегі үздік медицина орталығы" деп танылды. Орталық бұл жетістікке қалай жетті және орталыққа бұл атақ не үшін берілді, оған қойылатын талаптар қандай?! Бұл аталмыш құжатты беру үшін, әуелі сол орталыққа арнаулы және арнаулы емес қоғамдық ұйымдар түрлі тексерулер жүргізу арқылы 3 жыл бойына оны ұдайы бақылауда ұстайды және оған баға береді. Бірінші- халықаралық беделге ие болу үшін, тың әдістер мен амалдардың дамыған методикаларының болуы (диагноз емдеу жағынан); Екінші- Бұқаралық ақпарат құралдарында және ғаламтор жүйесінде белсенді түрде бағаланған және оған жиі шығып отыратын орталық болуы; Үшінші- Әлеуметтік бағдарламалар өткізіп және жұмыс орындарын ашып, оның өсу қарқынын көрсеткен орталық болуы; Төртінші- Халықтың арасында рейтингісі және атағы жоғары орталық болуы; Бесінші- Бренд танымалдығы. Корпоротивтік құрамдас үлгілерінің жоғары болуы және ол орталыққа халықтың сенімінің жоғары болуы; ҚОСЫМША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП: Алыс-жақын шет елден де науқсактрды қабылдап, оларға тиісті дейңгейде көмек бере алуы. Орталықтың аталмыш талаптарға сәйкестігін арнайы комиссия өзінің сараптамаларын жүргізіп барып, оның нәтижелерін шығару арқылы қарайды. Міне, осы талаптардан өткен "Жас-Ай" Шығыс-Тибет медицина орталығына "үздік клиника орталығы" деген №022 сертификат пен екі медаль құжатымен қоса берілді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
12.12.2016 Тәуелсіздік – тағдыр сыйы Академик Жасан Зекейұлы және Үзбен Құрманбайұлының авторлығымен жазылған «Тәуелсіздік - тағдыр сыйы» атты кітап оқырманға жол тартты. Қазақ елі үшін баға жетпес құндылық – тәу етер Тәуелсіздікті, ширек ғасырында тұрақты даму жолына түскен мемлекетіміздің мерейін таныстырған бұл кітап оқырман қауым үшін аса бағалы басылым болары анық. Сонымен қатар, Жасан Зекейұлының тікелей қаржылық қолдауымен Ислам Жеменей құрастырған, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, қазақ-түрік ақын-жазушыларының шығармалар жинағы да жарық көріп отыр. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.06.2016 ӘРБІР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР ҚОҒАМДА МАҢЫЗДЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ Медициналық этика (лат.ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), бұл – медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Медицина қызметкерлерінің басты қағидаты: “Емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» болып табылады. Емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігіне сай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
30.06.2016 Жан саулығы мен тән саулығының тарланбозы Ұлт үшін ұлағатты, мемлекет үшін маңызды мамандық Барлық мемлекеттер үшін бірінші байлық – адам. Қазақстан үшін де бірінші байлық адам болса, ең ұлы мақсат – адамдардың өмірін сақтау және адам санын көбейту. Неге? Жауап жалғыз: Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9 орында болғанымен, адам саны жағынан 61 орында тұр. Көптің қорқытып, тереңнің батыратынын көршілеріміз дәлелдеп отыр. Адамың аз болса, экономикаң мықты, қорғанысың берік, күшің мығым, ғылымың қуатты бола алмайды. Әлемді аузына қаратып отырған жапон мен немістің саны да аз емес. Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі ең маңызды мамандық дәрігерлік екені ақиқат. Себебі, аз халықтың денсаулығын жақсарту мен орташа өмір сүру жасын ұзарту және балалы болу көрсеткішін жоғарылату үшін дәрігерлеріміздің біліктілігі бірінші өзекті мәселе болмақ. Бәсекеге бәс тіккен бүгінгі қоғамда денсаулық саласы сәт санап дамып жатыр. Әсіресе, халықтың жеке медициналық орталықтарға деген сұранысы күн санап арта түсуде. Нәтижесінде көптеген жеке орталықтар ашылып, бәсеке қалыптасып, шын мықтылар шыңға өрмелесе, әлсіздері бір орында тапрақтап қалып жатты. «Жауыннан соң өрттей қаулаған саңыраулақ» секілді қаптап ашылған жеке медициналық орталықтардың ішінде «күріштің арқасында су ішкен күрмек» секілді сапасыз емдеу орталықтары да бар. Қалтаның қалыңдауын ғана ойлайтын пайдакүнемдердің халық денсаулығына әкелер пайдасына гөрі, зиянының басым екенін көріп те жүрміз. Әсіресе, шығыс медицинасына деген халықтың ықыласын пайдаланып, қолына инесі мен шөбін ұстаған көзбояушылар көбейді. Расында, шығыс медицинасын меңгеру ұзақ жылдық оқу мен үйренудің, табандылық пен ізденудің арқасында келеді. Жаратушыдан берілген таибиғи талант пен қоса ат-бабадан келе жатқан дәстүрдің жалғастығы да маңызды. Шығыс медицинасының шыңына шығу үшін том-том кітаптарды тауысу мен жылдар бойы жиналатын тәжірибе керек. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
13.06.2016 «Тектілік тегеуріні» атты тарихи-деректі романның тұсаукесері өтті 10-шы маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер иснтитутында этнограф жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Алматы облысының және «Жамбыл» ауданының «Құрметті азаматы» Жанат (Жәнатхан) Ахмадидың «Тектілік тегеуріні» атты тарихи-деректі романының тұсаукесері өтті. Жиынға әділеттілікті ту еткен қазақтың көрнекті сатирик қаламгері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлы, қазақ әдебиетінің белді өкілі, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Смағұл Елубай, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, 68 монографиялық еңбектің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, ақын, аудармашы, «Кафка» атындағы халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Жыл Адамы-Алтын Адам» сыйлығының иегері Шөмішбай Сариев, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Еркін Жаппасұлы, танымал публицист Саясат Бейісбай, кітаптың редакторы, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың иегері, Жазушылар Одағының мүшесі Доқтырхан Тұрлыбек, түбі бір түркінің бірлігінің жаршысына айналған «Түркі әлемі» газетінің және Түркі халықтары мәдени қорының атқарушы директоры Дариға Жүніс, кітап авторы және кітаптың күретамыр кейіпкері медицина ғылымдарының докторы, академик Жасан Зекейұлы, сондай-ақ, Жасан Зекейұлының әкесімен ағалы-інілі, достық қатынаста болған, ҚХР-нан арнайы келген, өзі тұратын өңірге белгілі сазгер Нұрсалғазы Қызыкенұлы, жалпы кітапсүйер көпшілік қатысты. Жиынды әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабай жүргізді. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
09.06.2016 Игі істің басына, жақсы келер қасына Құрметті "Жас-Ай" медицина орталығының жанашырлары, құрметті оқырмандар сіздерді 2016 жылдың маусым айының 10 жұлдызы, түскі сағат 10:30- де М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Мерекелік залында өтетін, академик Жасан Зекейұлының өмір жолынан сыр шертетін Жанат Ахмадидың «Тектілік тегеуріні» атты тарихи-деректі романының тұсау кесеріне шақырамыз. Мекен-жай: Алматы қаласы, Құрманғазы-29. ТЕЛ: 390-19-19, 87772321871 Факс: (7272) 272 79 43; 272 79 83. Тел: 73272) 272 74 11 (105). Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
09.06.2016 "Тектілік тегеуріні" кітаптің түсау кесері ертеңге қалдырылды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақтөбедегі террорлық актіге байланысты Республика көлемінде 9 маусымды қаралы күн етіп жариялады. Сол себепті осы күнге тураланған барлық мәдени, әдеби іс шаралар, конференциялар мен шағын жиналыстар кейінге қалдырылды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
08.06.2016 Ұлттың – ұлы, халықтың – баласы Ата-анасының ғана емес, ұлттың ұлы болған академик, Жасан Зекейұлы төртінші мүшелге толған төл мерекесі ерекше аталып өтілді. Мамыражай маусым айында дүниеге келген жайсаң мінезді, қыстың күнгі дауыл мен желден қорғаныш, жазғы күнгі аптап ыстықта сая болатын бәйтерек тектес адамға деген ел мен жұрттың құрметі қашанда шексіз екені хақ. Елдің есіл ұлы елуге иек артыпты деген хабарды естіген халық толассыз "Жас-Ай" медицина орталығына ағылумен болды. Толық қарау >>
Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
09.03.2016 ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫ, АКАДЕМИК: МАҚСАТЫМ – АУЫРЫП КЕЛГЕНДЕРДІ САУЫҚТЫРЫП ҚАЙТАРУ Жаппай жаһандануға бет алып, ақпараттық ағыстың ағыны қатты болып тұрған бүгінгі қоғамда ұлтымыздан шыққан ғалымдарымыздың алар орны ерекше болмақ. Мыңдаған көрерменнің алдына шығып ән салмаса да, том-том кітап жазбаса да, өз саласының білгір маманы болып үнсіз жұмыс жасап жатқан ғалымдардың еңбегі көзге көрініп тұратын таудан гөрі, түбі терең теңізге ұқсайды. Аса қатты жел соғып, дауыл тұрғанда ғана болмаса көбінде тынық жататын теңіздің күші мен қуаты, байлығы қаншалық мол болса ғалымдардың да ақыл-ойы, алар орны, берер жемісі де сондай орасан болмақ. Міне, осындай ғалымдарымыздың бірі, 15 жылға жуық отандық медицинаның дамуына, оның ішінде, елімізде тұңғыш шығыс медицинасының кеңінен қанат жаюына зор үлес қосқан «Жас-Ай» медицина орталығының директоры, профессор, м.ғ. докторы, академик Жасан Зекейұлы. Толық қарау >>
Хабарласу