Орысша нұсқасы
Слайд-шоу
Скачать Flash Player чтобы просмотреть слайдшоу.
Орталыққы жету бағыты

«Жас-Ай» журналы №7 – Мақалалар

Жүйке жүйесі аурулары

Нарықтық заманның бүгінгі талабына сәйкес, адамдардың бәсекелестік қабілеті артты. Сол себепті де өзара қарым-қатынас күрделесіп, адамдар ара сүйіспеншілік пен мейірім сұйылды. Ғаламдық экономикалық дағдарыстың әсерінен көптеген адамдардың жұмыссыз қалуы, экономикалық жақтағы шығын және осы себептен туатын отбасылық қайшылықтар адамдардың көңіл-күйін бұзып, психикалық қысым күшейді. Салдарынан әртүрлі жүйке жүйесі ауруларына шалдығушылардың қатары күн санап артып келеді.

Көңіл-күйдің жиі бұзылуы қалыпты құбылыс. Бұл жағдай уақыттың өтуімен және өзін-өзі ретке салумен тез қалпына келеді. Алайда күйзеліске ұшырап жабығып жүру ұзақ уақытқа созылса, денсаулыққа кері әсерін тигізіп, күнделікті тұрмыс пен қызметке ықпал етеді. Тіпті өзін-өзі өлтіретін жанкешті жағдайлар да оңай туылады.  Бұл күнде жүйке-жүйесі аурулары адам өміріне кері әсерін тигізетін басты қауіпке айналды. Қазірге дейін әлем бойынша 200 миллионнан астам адам әр түрлі жүйке ауруларына шалдықса, Америка құрама штаттарында жыл сайын 11 миллион адам осы дерттен зардап шегеді. Бұлардың 15 пайызы ақырында жанкешті тәсілмен өз түбіне өздері жетеді екен.  Елімізде де жүйкесі сыр бергендердің қатары жыл сайын артып келеді. Өткен жылғы мәлімет бойынша халықтың 7 пайызы түрлі психикалық ауруларымен ауыратыны белгілі болған. Қазірге дейін Республикадағы психиатриялық мекемелерде үш жүз мыңнан астам адам тіркеуде алыныпты.

Жүйке жүйесі аурулары адам ғұмырын қысқартып, тез кәртейтеді. Жүйке дертіне шалдыққандардың жүрек ауруына шалдығу қаупі сау адамдарға қарағанда екі есе жоғары болады екен. Ауыр күйзеліске ұшырап өзін өлімге байлағандарды есепке алмағанда, жүйкесі жұқарудың салдарынан түрлі дерттерге шалдығып өмірден озғандардың саны, рактан, қантты несеп ауруы мен жүрек ауруларына шалдығып өлушілердің санымен бірдей екендігі дәлелденген. Жалпы, жүйке ауруларының пайда болуы психологиялық фактордан және психологиялық емес фактордан деп екі үлкен топқа бөлінеді.

Жүйке жүйесі дертінің белгілері

Психологиялық фактордан болатын жүйке ауруларында мынадай белгілер байқалады: Көңіл-күйі нашарлап, ойы тоқырайды. Сөзі мен әрекеті азаяды. Асқа тәбеті болмай, ұйқысы бұзылады. Жүрегі қысып, тез шаршайды. Ауыр болған жағдайда науқастың ойы тұйықталады, сезімі салғырттап, түн бойы сілейіп отырады, тіл қатпайды, нәр татпайды. Сыртқы ортаның әрқандай әсері оған ықпал жасамайды. Кейбір жүйке дертіне шалдығушылар ауыр ойға не қиялға беріліп, үрейленіп, қалыпты физологиялық іс-әрекетіне нұқсан жеткізеді.

Жүйке ауруының өзге де белгілері: Жабырқаңқы көңіл-күй екі аптадан немесе одан да көп уақытқа жалғасса, науқас өзіне қуаныш әкелетін жағдайларға селқос қараса, бұл – жүйке ауруының белгісі. Бұдан сырт төмендегі белгілер байқалса, жүйке ауыруына шалдыққан болуы мүмкін.

  • Ұйқысы көбейсе, немесе ұйқысы бұзылса;
  • Қоғамда, қоршаған ортада кездейсоқ өзгерістер болуын қаласа;
  • Үнемі шаршаса, қабағы ашылмаса;
  • Өмірді мәнсіз сезінсе, үмітсізденсе;
  • Бір байламға келе алмаса, ұмытшақ болса, зейіні шоғырланбаса;
  • Өзін-өзі мерт етуге ниеттенсе және оған қадам басса;

Жүйке жүйесі аурулары кез келген адамдардың барлығында болуы мүмкін. Жүйке жүйесі ауруы, әсіресе, әйелдерде жиі байқалады. Бұл созылмалы дене аурулары түрінде білініп, ас қорту жүйесі, зәр шығару жүйесі, немесе нерв жүйелерінде функциялық бұзылу белгілері көріледі. Бұл белгілер күрделі әрі құбылмалы болады.

Жүйке ауруларының көмескі түріне шалдығушылардың қатарына мінез-құлқы ақ жарқын, есесін елге жібермейтін, іштен тынғыш, намысшыл адамдар жиі шалдығады. Олар қашанда ішкі күйзелісін басқалар алдында ашпайды, жабыққан көңіл-күйін үнемі жасырады. Мұндай науқастар ауырып жүрсе де жұмысы мен қалыпты тұрмысын жалғастыра береді. Бірақ бұл қаншалықты ұзаққа созылса, соншалықты зиян әкеледі.

Психологиялық емес факторлардан болатын жүйке ауруларының пайда болу себептері:

Дәрі-дәрмектің кері әсері. Дәрі-дәрмектер ауруды жазумен бірге денсаулықты да зақымдайды. Кей жағдайда жүйке ауруларын туғызады. Сондықтан жоғары қан қысымы және жүрек артмиясына қатысты дәрілерді ішкен соң жүйкеңізге әсер етсе, бірден дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Қалқанша без ауруы. Қалқанша без қызметінің қалыпсыздығы, психологиялық емес жүйке ауыруларын туғызатын басты себептердің бірі. Қалқанша без ауыруы бар-жоқтығын қан тексерту арқылы білуге болады.

Етеккір келердің алдындағы белгілер. Көптеген әйелдер әдет келердің алдында құрсағының қатты ашқанын сезеді, кейбіреулері ұйқысы бұзылады, жылайды. Сонымен қатар іс-әрекетінде қалыпсыздық байқалады. Бұл әдет келердің алдында эстринның көбеюінен, дәрумен В6 құрамының тым төмендеуінен болған жүйке ауыруының белгісі.

Қанытты несеп ауруы. Бұл дертке шалдығушылардың қанында қант мөлшері тым жоғары болатындықтан дәрменсізденеді, шаршайды және ұйқысы қашады.

Диета ұстаудан болатын жүйкенің сыр беруі. Қазір көптеген адамдар арықтаймын деп тамақты тым аз жейтіндіктен, ағзаға қажетті қоректік жетіспейді де, табиғи түрде көңіл-күй бұзылады, жүйкеге салмақ түседі.

Пайдалы дене әрекетінің аздығы. Дене әрекеттерімен айналысу жүйке ауыруларын болғызбайды,  денеде артық май жиылудан сақтайды, адамның іс-әрекеті ширақ, көңіл-күйі сергек болады.

Күн нұрының жетіспуі.  Меналин – адам ағзасында түнде, не күн нұры толық түспеген кезде ғана пайда болатын элемент. Кей адамдар меналинге өте сезімтал болады. Өйткені меналин мөлшерінің ағзада артуы көңіл-күйдің тұрақтылығына кері әсер етеді. Қыс мезгілдерінде оның құрамы жоғары болатындықтан, меналинге сезімтал адамдар күн көзіне көбірек қақталғаны жөн.

Қоректік жетіспеу. Ағзада қажетті дәрумендер мен минерал заттардың жетіспуі жүйкеге әсер етеді. Тіпті асқындырады. Адамдар үнемі тұтынатын жасанды азық-түліктер, сусындар мен балкүлшелерде фосфор элементі мен шекер көп болатындықтан, қандағы калциды зая кетіреді. Егер осындай себептерден ағзада калций жетіспеушілік байқалса, адам қаңқа сүйектері табиғи түрде көп мөлшерде калций бөліп шығарады. Салдарынан сүйек босайды. Бұл жүйке жүйенің жұқаруына әсер ететін негізгі себеп.

Әйелдерде болатын ішкі секрацияның бұзылуы. Жүйке жүйенің сыр беруі әйелдерде етеккірдің тоқтауы кезінде көп байқалады. Әсіресе етеккір келер алдында көп әйелдердің көңіл-күйдің бұзылуы жиі қайталанады. Бұдан тыс әйелдер босанғаннан кейін нәрестесі 1-6 айға толған кезде жүйке жүйесі тез сыр беруі мүмкін. Бұл босану гормонының өзгеруінің нәтижесі. Жүктіліктен сақтандыру дәрілерінің де жүйке жүйеге кері әсері көп. Сондықтан дәрігердің кеңесімен в6 дәруменін үнемі қабылдап тұрған жөн. Бұл көңіл-күйдің тұрақтылығын сақтауға пайдалы.

Аптаның соңына қарай болатын көңіл-күйдегі қалыпсыздық. Көп адамдарда апта соңына қарай болатын демалыс, мереке күндерінде байыбына бара алмайтын көңіл-күйдегі қалыпсыздық байқалады. Жалғызсызрап, мазасызданады, көңілі орнықпайды. Бұл жағдай көбінде ұзақ уақыт екі жерде бөлек тұрған ерлі-зайыптыларда, демалыссыз жұыс істейтіндерде, отбасынан алыс аймақтарда, шетелдерде жұмыс атқаратындарда жиі кезігеді. Олар өзгелердің достарымен және отбасы, туыс-туғандарымен бас қосып, көңіл көтергенін көріп, табиғи түрде көңіл-күй жағынан қысымға ұшырайды. Жүйкесі жұқарады.

Ауарайының көңіл-күйге әсері. Қоршаған орта мен ауарайы көңіл-күйге әсер ететін басты фактор. Ауарайы өзгерісі психикаға, физологияға тез ықпал етеді. Әсіресе күз мезгілі мен қыс, көп адамдардың жүйкесіне ауыр салмақ түсіреді. Бұл мезгілдердің ауа темфературасы төмен, күн нұрының жерге түсу уақыты қысқа болғандықтан, адам дене темфературасы тұрақсыз болып, көңіл-күйге ықпал етеді.

Жүйкенің жұқаруына әсер ететін өзге де себептер:

Магни – жүйкені тыныштандыру рөлін атқаратын бір түрлі микро элемент. Оның активтенуінің артуы көңіл-күйді орнықтырады. Ағзадағы магнидің сыртқы қысымнан және түрлі дерттер мен дәрі-дәрмектерден, спирттен, кофейн құрамы мол минералды сусындарды ішудің салдарынан азаюы көңіл-күйдің бұзылуына алып келеді.

Кей жағдайда жүйке жүйенің сыр беруі ағзада темірдің, мырыштың, дәрумен В тобының, дәрумен С-ның жетісеуіне байланысты болады. Осы микро элементтердің денедегі қажетті мөлшерінде ауытқу болған кезде үлкен мидың қызметіне ықпал жасап, сол арқылы адамдардың жүріс-тұрысына, көңіл-күйіне, рухына ықпал етеді.

Жүйке жүйесі ауруларынан қалай сақтанамыз.

  • Ерте тұруға дағдыланыңыз. Алыстағы достарыңызға хат жазыңыз, телефон шалыңыз;
  • Денсаулығыңызға пайдалы әрекеттермен шұғылданып, көңіл-күйіңізге пайдалы әуендер тыңдаңыз, рухыңызды серпілтетін әуестеріңізбен шұғылданыңыз;
  • Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, адамдар ара қарым-қатынасқа мән беріңіз, көп саяхаттаңыз;
  • Жақын адамдарыңызбен көп сыр бөлісіңіз;
  • Отбасыңызға да көп мән беріп, қажетті жұмыстарды дер кезінде тындырыңыз;
  • Уақыт шығарып психологиялық дәрігерлерге қаралып тұрыңыз.

Күз мезгілдерінде жүйкеге салмақ түсуден сақтану. Күздің сүркей күндері еңсеңізді басып, рухыңызға салмақ түсіретін болса, табиғат дүниесіндегі өзгерістерге дұрыс мәміле жасауға тырысыңыз. Алтын күз дене әрекеттерімен шұғылданатын ең тамаша мезгіл. Тауға шығу, жүгіру, доп ойнау, сейілдеу секілді әрекеттер денсаулықты күшейтумен бірге көңіл-күйді жақсартып, уайымнан, қайғыдан тез арылтады. Егер ашуға бой алдырғыңыз келмесе, 8 рет терең дем алсаңыз, нашар күйден бірден арыласыз.

Азықтық заттарды тұтынуға мән беріңіз. Күнделікті тамақтануда бұршақ, теңіз балдыры, балық сынды теңіз өнімдерін көп тұтыну пайдалы. Себебі бұл азықтардың құрамында дәрумендер мол. Бұл көңіл-күйді дұрыстайды, зейінді арттырады.

Жалпы, жүйке жүйесі ауыруынан айығу науқастың өзіне байланысты. Кітап оқып, балық аулап жаныңыз сүйетін іс-әрекеттермен айналыссаңыз бұл дерттердің сізден аулақ болары сөзсіз. Әр қандай кезде ашуға, уайымға бой алдырмауға тырысуды үйреніңіз. Ойын-сауық, дене-тәрбие қимылдарына белсене қатынасып, рухани тұрмысыңызды байытыңыз. Жігеріңізді шыңдап, үмітіңізді жоғалтпай, турашыл, адал болуды әдетке айналдырыңыз. Өзін шамадан тыс жазғырудан, қор санаудан аулақ болыңыз.

Жүйке жүйесі ауруларын тибет емі бойынша емдеу.

Жүйке ауруларын емдеуде тибеттің емнің орны бөлек. Алтын ине нервті тыныштандырумен қатар ағзаны қуаттандырады. Жүйке ауруларын емдеуде төмендегі нүктелерге ине қойылады:


Тоқ ішек меридияны:

Gl-4 Хэ-гу

Gl-5 Ян-си

Gl-10 Цу-сань-ли

Gl-11 Цюи-чи

Асқазан меридияны

E-8 Тоу-бэй

E-36 Цзу-сань-ли

Көк бауыр, ұйқы безі меридияны

RP-6 Сань-инь-цзяо

Қуық меридияны

V-62 Шэнь-май

VB-1 Туи-цзы-ляо

VB-4 Хань-янь

VB-5 Сюань-лу

VB-6 Сюань-ли

VB-12 Вань-гу

VB-20 Фэн-чи

VB-21 Цзянь-цзин


Материалдардан

Артқа қарай Жас-Ай журналы №7 Келесі бет

Бейне материалдар
Бізбен байланыс


1. Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі (Витебскея көшесі №42)

Кабылдау уақыты: 9:00-17:30
Түскі үзіліс: 13:30-14:30
Сенбі - 9:00 - 13:30 дейін
Демалыс күні: Жексенбі

Тел/факс: 390-19-19
Регистратура 302-15-40
факс: 302-15-39
Моб.: 8 777 232 18 71