Орысша нұсқасы
Слайд-шоу
Скачать Flash Player чтобы просмотреть слайдшоу.
Орталыққы жету бағыты

Сұхбаттар – «Тәуелсіздік жемісі»

«Тәуелсіздік жемісі»

«Оралман не береді?», «Олар алу үшін емес беру үшін келуі керек», «Оралмандар ап кетіп жатыр, жеп кетіп жатыр»… Қазақтың бір қарын сар майын бүлдіретін бір құмалақтар осылай сөйлейді… Асылы, қазақ жерінің қай пұшпағы азат болса да Алаш баласының ешқайсысына жат болмауы тиіс. Басқасын айтпағанда, тәуелсіздіктің 20 жылдығында елге оралған бір миллион қазақтың ұзын санын «Ұлы көш» деп неге атамасқа?!  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұйдасын ұстаған «Қазақ көші» осындай жеңісті жемістерге толы. Жақында ғана белгілі ақын Мұратхан Шоқан құрастырған «Тәуелсіздік жемісі» атты энциклопедия соның айғағы. Аталмыш кітап Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы шығарылған.

«Тәуелсіздік жемісі» атты бұл кітап Елбасы жүргізіп отырған көші-қон саясатын қолдауды, қазақ тұтастығын бекемдеуді басты мақсат еткен. Кітапта тәуелсіздіктің 20 жылдығында елген оралған қандастардың ішіндегі өнер адамдарының, ғалымдар мен мамандардың және кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың қысқаша өмірбаяндары мен елге қосып отырған үлестерінің нақтылы нәтижелері көрсетілген.

Кітаптың алғашқы тұсаукесері Елордамыз Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында өткен еді. Жақында ғана әсем қала Алматының төрінде, Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасында тағы бір тұсауын кесіп, аталмыш кітапты Алматы жұртшылығына таныстыру рәсімі болды. Дөңгелек үстелді ақын Мұратхан Шоқан жүргізді. Іс-шараға  Қ.Жұмаділов, М.Шаханов, Ж.Зекейұлы, Б.Шаханов, Ә.Меңдіке, З.Қинаятұлы, Н.Мұхамедханұлы, Ғ.Қабышұлы, Қ.Ілиясұлы, С.Рәсілов,  Б.Төлегенқызы  т.б. шығармашылық адамдары қатысып, игі тілектерін жеткізді.

«Тәуелсіздік алғаннан бері тарихи Отанының топырағына бір қазақ табанын тигізіп, өсіп-өну бақытына ие болса – ол тәуелсіздіктің жемісі. Ал шеттен келген қандастарымызбен бірге қазақтың рухы көтеріліп, зұлмат заман жыртқан тарихының парағы түгенделіп, өнеріне – өнеге, діліне – діл, тіліне – тіл, тиынына – тебен қосылып, ұлы даладан ұлылық дарыған байырғы ұлттық болмысымыз қайта жаңғырғаны ақиқат. Осы кітаптағы жетістіктер тәуелсіз елімізге оралған және тәуелсіз елімізді дұғасына қосатын сырттағы 5 миллионға жуық қандастарымыздың арманына – арман, дәрменіне дәрмен қосар деген үміттемін», – дейді кітаптың бас редакторы Мұратхан Шоқанұлы.

Иә, «елге ел қосылса құт» дейді қазақ. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дейді Абай. Әр адамның ырысы ең бірінші Алладан. «Көп қорқытады, терең батырады». Қатарымыздың артып, қара орманымыздың көбейгеніне шүкіршілік айтайық. Тереземізді тең етіп, керегемізді кең еткен тәуелсіздігімізге тәу етейік!

Жасан Зекейұлы

Артқа қарай Сұхбаттар

Бейне материалдар
Бізбен байланыс


1. Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі (Витебскея көшесі №42)

Кабылдау уақыты: 9:00-17:30
Түскі үзіліс: 13:30-14:30
Сенбі - 9:00 - 13:30 дейін
Демалыс күні: Жексенбі

Тел/факс: 390-19-19
Регистратура 302-15-40
факс: 302-15-39
Моб.: 8 777 232 18 71